Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
"Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп" КММ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі
Есенбекова Балжан Рыздыкбаевна
Сынып: 3 "а" Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Сабақтың мақсаты: Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдана отырып, оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін кеңейту, жылдам есептеуге дағдыландыру.
Мақсатқа жетуге ұмтылдыру, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, патриоттыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Үш тілді меңгеруге баулу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: пазлдардан жинақталатын геометриялық фигуралар, қима есептер, "Үш тілде" таныстыру карталары, бағалау парақшалары, "универсиадаға билет" макеті, "Білім жемісі" ағашы және қима алмалар, презентация.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
2х2 4 Қонақтарым, төрлет! Қонақ күту салтымыз,
3х3 9 Аллам бізге болыс. Оқып біліп жатырмыз.
4х4 16 Сөмке болсын қомақты Келген қонақ сіздерге
5х5 25 Алар бағам болсын "5" Сәлем бердік жалпымыз.
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Goodafternoon! (гудафтенун)
2. --- Балалар, біз бүгінгі сабағымызды өткізуде
"Қанатыңды кең серпі! Расправь свои крылья! Spread yoor wings! (спрэд е уингз!)" ұранын ту етіп алмақпыз.
--- Бұл ұран бізге таныс па? Иә, бүгінгі сабағымыздың мақсаты көбейтудің қасиеттерін түрлі есептер шығару барысында қолдана білу болып табылады.
Слайдқа көз жүгірту.
3. Ол үшін әуелі мына пазлдардан геометриялық фигура құрастырып, қай қатар қандай топ болатынын біліп алайық. (Үш қатарға пазлдар жинағын тарату)
Топ спикерлерін тағайындау. Бастарына үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы тәждерін кигізу. Оларға бағалау парақтарын беріп, міндеттерін түсіндіру.
Алған геометриялық фигураларына әр топ анықтама беріп өтеді.
4. Ал енді "Танысу картасына" көңіл аударайық та, үш тілді айтылуын үйренейік.
шаршы- квадрат- square (скуэр) үшбұрыш- треугольник- triangle (трайнгл)
тіктөртбұрыш- прямоугольник - rectangle (рэктэнгл)
Жаңа сабақ
1. Каллиграфиялық минут: 3 9 27 3 9 27 8 12 16 8 12 16
--- Балалар, бұл жазудан нені байқауға болады? Цифрлар қатары қандай заңдылықтармен орналасқан.
Слайд "Универсиада ойындары"
2. --- Көбейтудің қандай қасиеттерін білеміз?
--- Ендеше үш топқа шығаруға мына есептер беріледі
(4+5)х5=4х5+5х5=20+25=45 (10+3)х3=10х3+3х3=30+9=39 (30+4)х2=30х2+4х2=60+8=68
9х2=2х9=18 8х6=6х8=48 9х4=4х9=36
7х(8х10)=(7х8)х10=56х10=560 (9х2)х5=9х(2х5)=9х10=90 6х(5х3)=(6х5)х3=30х3=90
3. Оқулықтағы №3 және №8/ есептер. №3 әр топтан 2 оқушыдан шығады.
(100-99)х5=5 8х(12-12)=8 45:(48-47)=45
(66-30):36=1 0х(42+20)=0 0:(18+36)=0
№8
І 1-түптен-13 р.г. Ш: (13+3х9):8=(13+27):8=40:8=5
8 гс. салды
ІІ 3-түптің әрқ.-9 р.г.
Әр гулсауытқа - ? г Ж: Әр гүлсауытқа 5 гүлден салды.
Слайд "Амалдар - үш тілде" "Танысу картасы"
--- Балалар, тіл туралы "Мәңгілік ел құндылықтарының" нешінші бөлімінде айтылған. Қане, еске түсіріп жіберейікші. Камила, Жанель, Жандәулет үшеуің үш тілдегі мәтінін айта қойыңдар.
Слайд "Универсиада ойындары"
4. "Көбейту кестесімен сергіту сәті". Екі қатар шеңбер боп тұрып, Сыртқы шеңбердегілер ішкіге, ішкі шеңбердегілер сыртқыларға көб. кестесінен сұрақтар қояды. Сол кезде жай музыкамен аяқ бүгіп, қол соғып, кезекпен сыртқылар оңға, ішкілер солға қадам жасап отырады.
Бекіту процесі
1. "Кім жылдам? "сұрақ-жаубы: Шамалар, олардың өлшем бірліктері ... т.с.с.
2. Миға шабуыл - "Сиқырлы фигуралар сыры" Қосу амалын орындау керек.
3. "Билет ойнату" Универсиадаға 2 билет ойнатылады.
--- 28-ші қысқы универсиада ойынында спорттың неше түрінен жарыс болады? 12
--- Қанша Қазақстандық спортшы қатысады? 166
--- Қанша елден спортшылар келмек? 157
--- Жалпы неше спортшы қатысады? 2000
Мұғалімнің Қазақстандағы спорттағы проблема жөніндегі сөзі. (Кейбір спорт түрінен спортшылардың жоқ екендігі, сол себепті оқушыларды спортпен айналысуға шақыру. Универсиаданың сәтті, абыройлы өтуіне тілек білдіру)
Қорыту
1. Постер қорғау "Көбейтудің қасиеттері"
2. Кері байланыс "Білім жемісі" ағашындағы алмалар
3. Бағалау - балл есептеу
4. Үйге тапсырма: 32 бет. №10, №2
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі