Өлең, жыр, ақындар

Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі

ШҚО облысы, Семей қаласы
«№ 41 ЖОББМ» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Садыкова Айгүл Жұманқызы

Пәні

Математика

Сабақтың атауы

Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаттар

1. Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемімен таныстыру. Текше мен параллелепипед ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз беттерінен жұмыс жасауға дағдыландыру. Математикаға қызығушылығын арттыру. АКТ-ны қолдану.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым-қатынас, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

АКТ-ны қолдану: презентация,видео,флипчарт, слайдтар.

Жас ерекшелікке сәйкес оқыту: деңгейлі тапсырмалар.

Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, критерийлер бойынша бағалау,салыстыру.

Оқыту технологиясы:

Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың жабдығы

Интерактивті тақта, венн диаграмма суреті, параллелепипед және текше моделдер.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау.

 

Интерактив тақтада  слайдтар көрсетіледі. Анимациямен жасалған презентация. «Кім жылдам?» жарысында бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.

    -Балалар біз өткен сабақта «Ауданның бірліктері және оның үлестері. Квадрат миллиметр. Гектар »  деген тақырып өткен болатынбыз.Ендеше бүгін қайталау мақсатында «Кім жылдам?» деген ойын арқылы сендердің ауданның бірліктерін қалай білетіндеріңді тексерейік.

1 см2 (квадрат сантиметр) = ___мм2

1 дм2 (квадрат дециметр) =__см2

1 м2 (квадрат метр) = ___ дм2

1га = 100а = ___м2

1 км2 (квадрат километр) = ____м2

2= __дм2=____ см2= _____ мм2

1дм2= ___ см2= ___мм2

1га (гектар) = __а

1а (а) = ___м2

1 см2 (квадрат сантиметр) = 100 мм2 

1а (а) = 100м2

1 дм2 (квадрат дециметр) = 100 см2 

1га (гектар) = 100 а

1 м2 (квадрат метр) = 100 дм2 

1га = 100а = 10 000м2

1 км2 (квадрат километр) = 1 000 000м2 

2= 100 дм2=10 000 см2= 1 000 000 мм2

1дм2= 100 см2= 10 000мм2

Қызығушылықты ояту.

Геометриялық фигуралар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.«Артық фигураны тап» (ой қозғау, салыстыру)

Экранда шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша, текше мен тік бұрышты параллелепипед.

-Мұнда артық фигура – текше, параллелепипед себебі олар көлемді фигуралар, қалғандары жазық фигура.Шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша – бұлар жазықтық фигуралары, олардың аудандары болады. Ал текше мен тік бұрышты параллелепипед – кеңістік фигуралары, олардың көлемдері болады.

Оқушылар геометриялық фигураларды салыстыра отырып, оларға ортақ қасиеттерді және айырмашылықтарын талдай отырып, олардың ішінен текшені бөліп алады.

Мағынаны тану

 Тік бұрышты параллелепипед фигурасы интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.Слайдтар.

 Тік бұрышты параллелепипед – бізге өте жақсы таныс фигура, өйткені көптеген заттар осындай пішінге ие. Ал, балалар қараңдаршы мына заттардың атын атайықшы. ( кітап , кірпіш, сіріңке қорабы).Осы көріп тұрған заттарымыздың бәрі тікбұрышты параллелепипедке мысал бола алады.
Ал енді тік бұрышты параллелепипед дегеніміздің өзі не?
Ол тек тік бұрыштардан тұратын болғандықтан тік бұрышты параллелепипед деп аталады.
Параллелепипедтің кез келген төбесінен үш қабырға шығады. Бұл қабырғалар тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері болып табылады және олар параллелепипедтің ұзындығы, ені, биіктігі болып аталады.
-Тап осы жерде мен сендерге бір сұрақ қояйын.
Тік бұрыш, шаршы сияқты фигуралардың неше өлшемі бар?

 Дұрыс 2, ұзындығы, ені.
Олар қандай әріптермен белгіленеді?                               
Латынша а, b
Тік бұрышты параллелепипедтің 3 өлшемі  бар: ұзындығы, ені, биіктігі, яғни а, b, с
( параллелепипед макетінен көрсету)
Енді тік бұрышты параллелепипед туралы түсінікке ие болсақ, оқулықтағы 1-2 тапсырмаларды орындайық.

Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше – жақтары тіктөртбұрыш болып келетін көлемді фигура.
Ұқсастықтары:
Бұл екеуінің де 6 жағы, 12 қабырғасы болады. 2 төбесін қосатын кесінді қыры деп аталады. Оларды былай санауға болады: төменгі жағында 4 қыры және жоғары мен төменгінің арасында 4 қыры бар . Қырларының ұштары төбелері деп аталады. Төменгі жағында 4 төбесі, жоғарғы жағында 4 төбесі бар. Барлығы 8 төбесі бар. Сонымен қатар, олардың 3 өлшемі бар. Олар:ұзындығы, ені, биіктігі.
Айырмашылығы:
Параллелепипедтің өлшемдері әр түрлі болады, ал текшенің үш өлшемі: ені, ұзындығы, биіктігі өзара тең болады. Текшенің алты жағы шаршы болып келеді.Ал параллелепипедте алты жағы тіктөртбұрыш болып келеді.

Есіңе сақта!

Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі   V=a·b·c

Текшенің   көлемі  V=a·а·а

а-ұзындығы, b- ені, c-биіктігі

3- тапсырма.

Әрбір текшенің көлемін  есептеп тап. Интерактивті тақтадан жауабы тексеріледі.

І –топ.Текшенің  қыры -7 мм.               V= 7 мм ∙ 7 мм ∙ 7 мм = 343мм3(көлемі)

ІІ -топ. Текшенің  қыры -2 см.              V= 2 см ∙ 2 см ∙ 2 см = 8 см3(көлемі)

ІІІ -топ. Текшенің  қыры -2 дм.            V= 2 дм ∙ 2 дм ∙ 2 дм = 8 дм3(көлемі)                

4- тапсырма.

Әрбір тік бұрышты параллелепипедтің көлемін  есептеп тап. Интерактивті тақтадан жауабы тексеріледі.

І –топ.

Тік бұрышты параллелепипедтің  ұзындығы-3 см, ені-2 см, биіктігі-1 см.

 V= 3 см ∙ 2 см ∙ 1 см = 6 см3(көлемі)

ІІ -топ.

Тік бұрышты параллелепипедтің  ұзындығы-2 см, ені-1 см, биіктігі-1 см.

 V= 2 см ∙ 1 см ∙ 1 см = 2 см3(көлемі)

 ІІІ -топ.

 Тік бұрышты параллелепипедтің  ұзындығы-6 см, ені-2 см, биіктігі-2 см.

        V= 6 см ∙ 2 см ∙ 2 см = 24 см3(көлемі)

5-тапсырма.

 Әр бала өзбетінше жұмыс жасайды. Кестені толдырады.Интерактивті тақтадан жауабы тексеріледі.

Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан «Қара жорға» видеосы.

 

Оқушылар билеп, сергіп алады

Ой толғаныс

Интерактивті тақта. ActivInspire бағдарламасы. Флипчарт. «Венн диаграмма» әдісі .

 І –топ.Текше мен тік бұрышты параллелепипедтің  ұқсастықтарын, ІІ –топ- Тік бұрышты параллелепипедтің  ерекшелігін, ІІІ –топ – Текшенің ерекшелігін жазады.

Үй тапсырмасы

52-бет, 6-тапсырма 

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір -бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.


Пікірлер (7)

Зиеда

Паралелопипедтин бийиктиги 3см, узуну 5см, туурасы 6см. Коломун тап

Тілеухан

Ееее осы жаңа формат шықпағанда өзім қалаған мамдықты таңдап оқитын едім.Енді амалымның қалмағанынан басқа пән мен мамандық таңдауыма тура келді.Өкініштісі көп уақытым зая кетті.Мүмкін жақсылыққа шығар.

Расулова Шахизат Бахтиярқызы

Тамаша! Тілдік мақсат қажет пе?

мархаббат

Тік бұрышты параллелепипедтің биіктігі 2см ал астыңғы жағының ұзындығы 6см жəне ауданы 24см куб оның басқа жақтарының ауданын жəне көлемін есептеп тап

ернур

не мынау мархабат жазган тусыныксыс

Лаура

11 сыныптың есептерән шығара аласыздарма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз