Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
"Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп" КММ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі
Есенбекова Балжан Рыздыкбаевна
Мақсаты: Мәтін, мәтіннің құрылымы, мәтіннің түрлері туралы алған білімдерін жетілдіре, бекіте түсу. Қатесіз әрі көркем жазып, дұрыс сөйлеуге ынталандыру.
Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабылеттерін дамыту, тіл байлықтарын, танымдық қасиеттерін кеңейту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
Адамгершілік, патриоттық, экологиялық тәрбие беру, ана тілін, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қастерлей білуге, мақалдап, мақамдап сөйлей білуге, достық қарым-қатынасты жоғары деңгейге жеткізуге баулу.
Көрнекілігі: Презентация, қима жазулар, суреттер, бағалау парақшалары
Сабақтың типі: Алған білімдерін бекіту.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық - хормен өлеңді оқыту.
Қазақ тілім - өз тілім - ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Қызығушылықты ояту - "Жасырын сөзді" тап
... - сөз мәйегі.
... - көңілдің ажары.
... оттан да ыстық.
... тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Оқу ... мен құдық қазғандай.
|
|
О |
Т |
И |
М |
Ә |
Т |
І |
Н |
А |
Н |
А |
Л |
Е |
Қ |
|
Н |
|
|
А |
|
|
|
|
Л |
|
|
|
|
Көркем жазу: Мәтін сөзін бір жолға толтырып жазу.
Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, осы мәтін тақырыбын өту барысында өткен сабақта біз 3 орталыққа бөлінген болатынбыз. Және әр орталыққа үйге түрлі тапсырма берілген.
1-ші қатар - "Зерттеу орталығына" дүниетану пәнінен өткен сабағымызға сәйкес "Ауа" тақырыбына мәтін құрап келу тапсырылған. Оқыту.
- Ол мәтіннің қай түріне жатады? (сипаттау)
- Осы тапсырмаға байланысты қандай мақал не мәтел айтуға болды?
(Таза ауа - жанға дауа. Туған жердің түтіні де түзу.)
2-ші қатар - "Бейнелеу орталығына" әдебиет пәнінен оқыған "Кімнің мекені жақсы"мәтініне сурет салып келу берілген. Суреттерін көру.
- Мәтіннің қай түріне жатады? (әңгімелеу)
- Авторы кім? (Сәкен Жүнісов)
- Осы әңгімені мазмұнына қарай қандай мақалмен түйіндеуге болады?
(Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары. Бақа көлінде патша, Балық суында патша, Жігіт елінде патша. Өз үйім - өлең төсегім.)
3-ші қатар - "Көркем әдебиет орталығына" музыка оқыған "Ежелгі музыкалық аспаптар" мәтініне жоспар құрып келу тапсырылған. - Мәтін неше азат жолмен берілген екен? (4)
Жоспарларын оқыту
- Қазақ халқының қандай ұлттық музыкалық аспаптарын атай аласыңдар? (домбыра, қобыз, асатаяқ, жетіген, сыбызғы...)
- Өнер туралы қандай мақал білеміз?
(Өнерлі өрге жүзер. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. Өнер алды -қызыл тіл.)
Жаңа сабақ
- Бүгінгі "Мәтін туралы білімді пысықтау" сабағымызды осы 3 орталық болып ары қарай жалғастырамыз.
- Ендеше, "З.О", Сөйлемдердің орны ауысып берілген. Соны зерттеп, зерделей орын-орнына қойып мәтін құрап шығу, оған ат қою және ол мәтіннің қай түріне жатады деген тапсырма.
- Мәтін неше бөліктен тұрады екен?
Ал Ермек болса ауырып үйде қалды. Балалардың бәрі сабақта. Жалғыз өзі әбден зерікті.
Хал-жағдайын сұрады. Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкепті. Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Ермектің осындай достары бар.
Тексеру: 57 бет, 155 жаттығу. (Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Жолдас көптің - олжасы көп. Досы көпті жау алмас.)
"Б.О" Сурет бойынша мәтін құрау. Мәтіннің қай түріне жатады? Мақалмен толықтыр.
"Астана" (Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Отаным - алтын бесігім. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. Отан оттан да ыстық.)
"К.Ә.О." Мына мәтінге ат таңда. Мәтінді пайымдау мәтінінмен ары қарай аяқта. Мақалмен бекіт.
Бір топта 18 бала бар. Жаңа тәрелке 17. Жаңа тәрелкелер әдемі, гүлдері бар. Бір тәрелке ескі. Оның суреті жоқ. Балалар ескі тәрелкемен тамақ ішкілері келмеді.
- Ескі тәрелкенің бізге керегі жоқ, - деп шулады балалар.
Бірақ бұл тәрелкемен бір бала тамақ ішеді. Бүгін кезекші - Ажар. Ол барлық балаға тамақты жаңа тәрелкемен берді. Асхана тыныш, шу жоқ...
(Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен. Жүзден жүйрік, Мыңнан тұлпар шығады. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. Ақыл жастан шығар, Асыл тастан шығар.)
Сергіту сәті - 2 минут
Оқулықпен жұмыс 57 бет, 154 жаттығу
"К.Ә.О" - мәтінді оқы. "Б.О" - Мәтін бөліктерін ата. (3: бас, негізгі бөлім, соңы) "З.О" - Пайымдау мәтіні қай бөлікте? (соңында)
Дәптермен жұмыс 154-жаттығу
Пайымдау мәтінін көшіріп жазу.
Итбалықтың еті, майы, терісі пайдалы. Қазір оның саны күрт азайып кетті. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған.
Итбалық сөзіне буындық және дыбыстық талдау жасау.
Ит-ба-лық (3 буын 7 әріп 7 дыбыс)
-ит - тұйық б. д-ты дыбыс д-сыз дыбыс
-ба - ашық б. и - жуан т - қатаң
- лық - бітеу б. а - жуан б - ұяң
ы - жуан л - үнді
қ - қатаң
- Бұл сөзді неше түрде тасымалдауға болады? (2: ит-балық, итба-лық)
Ашық тест
1. Қазақ тілі 60 бет, 1-тапсырма - Мәтінге сәйкес келмей тұрған мақалды тап.
а Талапты бала - талпынған құстай.
ә Ақыл - тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен.
б Дені саудың - жаны сау.
2. Мәтін дегеніміз не?
а Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлемдер.
ә Ұзақ бір сөйлем.
б Бір сөйлемге жинақталған сөздер жиынтығы.
3. Мәтін бөліктерін тап.
а Әңгімелеу, ат қою, жоспар
ә басы, негізгі бөлім, соңы
б басы, пайымдау, аяғы
4. Қазақ тілі 60 бет, 2-тапсырма - Мәтіннің қай түріне жатады?
а әңгімелеу
ә сипаттау
б пайымдау
5. Қандай? сұрағы қай мәтін түріне тиесілі?
а әңгімелеу
ә сипаттау
б пайымдау
Жұмбақ ойын "Бұл қай құс?" - уақыт жетсе!
Үш қатарға сурет тарату: қарлығаш, сауысқан, тоқылдақ. Үш қатар оқушылары бір-біріне жасырып құсты сипаттап айтады, келесі қатар оның қай құс екенін табады.
1. Бұл - бауыры ақ, құйрығы айыр, өзі сүйкімді, әрі пайдалы құс. Ұясын адамға жақын жерге салады. Ол қай құс? (қарлығаш)
2. Бүйірі ақ, өзі сақ, өте айлалы құс. Жылтырға әуес. Бұл қанда құс? (сауысқан)
3. Тұмсығы ұзынша әрі мықты. Ағаш қабығындағы құрт, көбелектерді тазалайды. Және оны емші құс немесе ағаш дәрігері деп те атайды. Ол қай құс? (тоқылдақ)
Үйге тапсырма
60-бет, 3-тапсырма
Бағалау
Бағалау парақшасына қарай отырып бағаларын қою.
Рефлексия
- Балалар, егер бүгінгі сабақтан жақсы әсер алған болсаң екі қолыңды жоғары көтеріп үш рет шапалақ соқ. Егер ұнамаса қолыңды төмен салбырат.
Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
Ынтымағы жарасқан ел озар, Ынтымағы жоқ ел тозар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі