Өлең, жыр, ақындар

Файлдар, бумалар және жарлықтар

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, ой өрісін және танымдық қабілеттерін, ынталарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулу. Алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келіп қорыту, теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Дамытушылық:    Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық, қызығушылық қасиеттерін

қалыптастыру. Шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізуін   дамыту

Тәрбиелік:   Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыру, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу, адамгершілікке, мәдениеттілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың барысы:

І. «Ой ашар», «Тест сұрақтары».

ІІ. Жаңа сабақ 

ІІІ. Сергіту сәті.

ІҮ. Практикалық тапсырма.

Ү. Рефлексия

Ү. Үйге тапсырма.

 

І. «Асыл тасты сұрақтар»  , Тест сұрақтары

1. Компьютердің «миы»: (Жүйелік блок)

2. 1 Мегабайт ол: (1024 Кбайт)

3. 1 байт неше битке тең? (8 бит)

4. Дербес компьютердің  қандай түрлері бар? (үстел үсті, алып жүретін, алақан)

5. Компьютерді ғаламтормен байланыстыратын құрылғы? (модем)

6. Компьютердің негізгі құрылғыларына нелер жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта)

7. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетақта)

8. Принтер құрылғысының неше түрі бар? (2 түрі бар, лазерлік, бүріккіш)

9. Компьютердің қандай қосымша құрылғылары бар?

(принтер, сканер, колонка, модем, тасымалдауыш құрылғылар)

10. Экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы? (Терезе)

11. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады оның аты. (тышқан)

12. Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді (сканер)

 

ІІ. Жаңа сабақ

Файл - бұл байттардың аты бар тізбегі. Файлдың аты және кеңейтілуі болады.

Файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:

}  Файлдың аты мен кеңейтілу болады.

}  Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін.

}  Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды: дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.

}  Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.

Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:

}  *.doc - мәтіндік файлдар,MS Word редакторының кеңейтілуі ;

}  *.bmp-графикалық файл, Paint редакторының кеңейтілуі;

}  *.xls-кестелік файл;

}  *.TXT–блокнот бағдарламасының құжаты

}  *.ppt– PowerPoint қолданбасының кеңейтілуі

 

Бумалар

Бумалар - бұл қандай да бip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Басқа сөзбен айтқанда, бумалар — бұл аты аталған файлдар тобы. Буманың  файл сияқты, аты және мөлшері бар. Жаңа бума құру үшін-  тінтурдің оң жақ батырмасын басып, «создать папку» командасы арқылы құрамыз. Буманың ішіне бума құруға болады. Оны бұтақталу (иерархиясы) деп атайды.

Бумалар екіге бөлінеді:  Жүйелік бума.  Жұмыс бумасы

Жарлықтар –  нысанаға қолжетімділікті жеңілдететін нысанның сілтеме көрсеткіші.

Яғни жарлық – программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез тауып алуға арналған.

 

ІІІ. Сергіту сәті.

 

ІҮ. Практикалық жұмыс

  1. Жұмыс үстелінде  «бума» құрыңыз. 
  2. Оны ашып тағы да бір бума құрыңыз.
  3. Пуск → Все программы  → Стандартные → Paint командалары арқылы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған сурет салыңыз.
  4. Файл → Сохранить командасы арқылы салған суретімізді ашқан бумамызға сақтаймыз.
  5.  «5-сынып» бумасын тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы жойыңыз.
  6. Жұмыс үстеліндегі ашқан бумаларыңыздың жарлығын құрыңыз. Сол буманың үстіне тұрып тінтуірдің оң жақ батырмасын басып «создать ярлык» арқылы жарлық жасау керек. 

Жаңа сабақты қорытындылау:

Жаңа сабақты бекіту: 

·         Жаңа бума құру үшін не істедіңіз?

·         Буманың ішіне бума құруға бола ма?

·     Жарлықты қалай құруға болады?

Рефлексия.

Үйге тапсырма:   Файлдар, бумалар және жарлықтар тақырыбын оқып келу.    Жарлықтар сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.

Сабақ аяқталды. Зейін қойып  тыңдағандарыңызға рахмет!

123


 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз