Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
"Бейнеу бөбекжайы" МКҚК
ІV топ тәрбиешісі: Халиманова Гүлзира
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: «Экология негіздері».
Тақырыбы: Армысың, қар ұшқыны! (Жыл мезгілдерін салыстыру).
Мақсаты: 1. Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
2. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру.
3. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс туралы бейнетаспа, қар ұшқыны.
Сөздік жұмыс: боран.
Билингвальды компонент: аяз – мороз, аппақ қар – белый снег, қыс – зима.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің басқару іс-әрәкеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Қар ұшқыны қонаққа келеді. - Қайырлы таң! Қыстың аязды күнінде мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Мен Қар ұшқынымын. - Балалар, сиқырлы кілемшеге отырайық, біз бүгін ғажайып орманға саяхатқа барамыз. - Қане, балалар 1-2-3 дегенде көзімізді жұмайық. Ұшып келеміз, ұшып келеміз. Аспан әлемі қандай тамаша! Бұлттар арасында ұшып келеміз. Балалар, 1-2-3 дегенде көзімізді ашамыз. Міне, ғажайып орманға да келіп жеттік. - Қандай тамаша, неткен көркем табиғат! - Балалар, барлығымыз таза ауамен терең тыныс алайықшы. – Балалар, біздің орманымызға көптеген қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайықшы! Қане, балалар үлкен шаттық шеңбер құрайық. |
Балалар қар ұшқынымен амандасады.
Балалар, сиқырлы кілемшіге отырып, көздерін жұмады. Ұшып бара жатқандай елестетеді.
Балалар көздерін ашты, ғажайып орманды тамашалады. Біз ұқыпты баламыз, |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
- Балалар, қазір қай мезгілі екен білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын тауып көріңдер. Аяз қысып, -Балалар, қыстың үш баласы бар. Олар желтоқсан, қаңтар, ақпан. *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы. Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз? Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз! - Айналада аппақ қар болды. Адамдар жылы киінеді. Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз? Қыста күн қысқарады, түн ұзарады. Тіпті, жануарларда қыстың келгеніне қуанатын сияқты. Олардың да түстері өзгеріп кетіпті. Қоянды байқай алмайсың. Оның тоны аппақ қар сияқты. Аю қатты ұқыға кетеді екен. -Балалар, біздер құстарға қамқор болуымыз керек. Оларға қыста жем табу қиынға түседі. Сондықтан адамадар жемсауыт жасап, оларды қоректендіреді. - Балалар, қыс туралы тақпақтарды кімдер айтады екен? Жарайсындар, балалар. Шығармашылық жұмыс: Монтессори әдісі бойынша тапсырмалар. Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту. «Қыс мезгілінің элементтерін жапсыру. Сергіту сәті: Боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз? Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз? Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? Жарайсыңдар балалар! Логикалық ойын: «Артығын тап». Мақсыты: Ойлау қабілетін дамыту. - Балалар, қараңдаршы, қыс мезгілі аяқталды, енді қай мезгілі келе жатқан, алдымыздан сұрайық, Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын. Ақ қар еріп, су көбейіп, Балалар,неге орман өзгеріп кеткен? Қалың қар қайда кеткен? -Шынымен де қар еріп кеткен. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады, жылы жел соғады. Күн ұзарады, түн қысқарады. Қоян қайтадан сұр түске айналады, аю ұйқыдан оянады. Көктем туралы тақпақтарды кімдер айтыды екен? Жарайсындар, балалар! Шығармашылық жұмыс: Монтессори әдісі бойынша тапсырмалар. Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту. «Көктем» мезгілінің элементтерін жапсыру. |
- Қыс мезгілі.
- Жаңа жыл!
Нұрсая: О, алақай қыс келді, Дильназ: Далада қар борайды, Т. Айзере: Ты, мороз, мороз, мороз,
Кәусар: Аппақ, аппақ кар аппақ (Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді) (Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады) (Алақай, деп қолдарын көтереді) - Көктем. Айкүміс: Кун шуағын шашады, Айгерім: Көктем келді жеріме, Назерке: Травка зеленеет, Ақтілек: Смотрит солнышко в окошко, |
Рефлексті коррекциялаушы
|
- Қыстың неше баласы бар? - Қыс балаларың атап беріңдерші? - Жарайсындар, балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Сендерге көп-көп рахмет! Осы еңбектерің үшін мен сендерді жұлдызшалармен бағалаймын. Әрқашан қоршаған ортаны ластамай, оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қараңдар! Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық. Қоштасу. Қайтадан сиқырлы кілемшіге отырып, 1-2-3 дейін санап балабақшаға оралады. |
- Үш. - Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Балалар, жұлдызшыларды бір-біріне көрсетіп, мәз-мейрам болады.
-Сау болыңыздар, қонақтар! Қол ұстасақ бәріміз,
|
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: слайдтарды көріп, қыс мезгілі туралы әңгімелеуге берілген тапсырманы.
Түсінеді: қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстары туралы берілген мәліметтерді.
Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу дағдыларын.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: _Халиманова Г_____
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі