Өлең, жыр, ақындар

Сөйлем мүшелері туралы түсінік

 

Сабақ:  Сөйлем мүшелері туралы түсінік

       

Мектеп:  С. Адамбеков

Күні:

Мұғалімнің есімі:  Пирманова Ж

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -

2. Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сөйлем мүшелері мен олардың түрлерінің атқаратын қызметімен таныстыру. Және де мәтіннен сөйлем мүшелерін ажырата алу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сөйлем мүшелерінің құрамы мен түрін ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіннен тұрақты тіркес немесе еркін тіркесті ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

Берілген сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін ажыратып, талдай алады.

Тілдік мақсаты

Оқушылар:

Сөйлем мүшелерін анықтай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сөйлем мүшесі, дара мүше, күрделі мүше, үйірлі мүше

 Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған  тармақтар:

Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

Сөйлем мүшесі құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді?

 Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Себебі: бірнеше сөзден құрылып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұрып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сөйлемнен тұрақты тіркес және еркін тіркесті таба алады.

Алдыңғы тақырып

Бұйрықты сөйлем

Жоспар

Жоспарланған     уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

 жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Басталуы

1Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық орта : Шаттық шеңбері «Тілек айту»

2. Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық картоп» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын.

3 минут

 

 

5 мин

Ортасы

Миға шабуыл

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығумен жұмыс

Миға шабуыл

Интербелсенді тақтадан суреттер көрсету арқылы балаларға жаңа  тақырыпқа кіріспе жасаймын. Көрсетілген суреттер бойынша сұрақтар қоямын. Олар:

  1. Суретте не бейнеленген?

Топқа бірігу: сыныпты дара-күрделі, үйірлі, тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше деп 4 топқа біріктіремін.

Жаңа сабақ

1-топ дара, күрделі – мәтін беремін, соның ішінен дара және күрделі мүшелерді теріп жаза отырып, ВЕНН диаграммасы арқылы ойларын тұжырымдайды.

2-топ үйірлі – бұл топқа да мәтін беріп, ішінен үйірлі мүшені теруді беремін. Топ тұжырымын «Бір шеңбер» әдісімен қорғайды.

3-топ тұрлаулы мүше – «Ментальды карта» әдісі арқылы ойларын тұжырымдайды.

4-топ тұрлаусыз мүше – «Фишбоун» әдісі арқылы тұжырымдап, қорғайды.

 

Жаттығу жұмысын жасау үшін сыныпты  1,2,3-ке санау арқылы 3 топқа біріктіремін.

 

46-жаттығу «Айналмалы бекет» әдісі арқылы  мәтін ішінен

1-топ күрделі сөздерді теріп жазады

2-топ тұрақты тіркестерді теріп жазады

3-топ еркін тіркестерді теріп жазады.

 

3минут

 

 

2 минут

 

 

20минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

Аяқталуы

Үй тапсырмасы: Адамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу. Сөйлем құрамына қарай талдау.

Кері байланыс   «БББ» кестесі арқылы бүгінгі сабақтың өту барысын бағалайды.

4 мин

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіру қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Күрделен

ген, кеңейтіл

ген тапсырмалар беру  арқылы

 

Өзін-өзі бағалау, топ аралық бағалау

 

 

 

5. Қорытындылау/     

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Күтілетін нәтижемен салыстырмалы түрде

Білім сапасы:             Үлгерімі:

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

  1. Оқушылардың басым көпшілігінің мәтіннен тұрақты тіркес немесе еркін тіркесті ажырата алғаны табысты болды.
  2. Барлық оқушылардың мәтін ішінен сөйлем мүшесінің құрамын ажырата алуы табысты болды.

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

1.  Оқушыларға миға шабуыл ретінде суреттер көрсету арқылы жаңа сабақты ашқаным сабақты жақсарта алды деп ойлаймын. 

2.  Жаттығу жұмысында «Айналмалы бекет» әдісін қолданғаным сабағымды жақсарта алдым деп ойлаймын.

 

6. Түзету/Саралау

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті төмен оқушыларға тапсырма беруді қалай жоспарлайсыз?

 

                 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз