Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Имашова Айнур Есбосыновна
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?
Мақсаты: Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелету. Диқан мен наубайшылардың еңбегі жайлы түсіндіру. Диқаншы еңбегі туралы білімдерін толықтыру. Нанды ардақтауға, ысырап қылмауға тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.
Көрнекіліктер: бидай масағы, слайд, ұннан жасалған тағамдар, дәнді дақылдар, демонстрациялық материалдар.
Сөздік жұмыс: диқан, наубайшы, наубайхана, комбайншы, диірмен.
Блингвальды компонент: нан - хлеб, диқан-хлебороб, земледелец.
Алдын–ала жұмыс: Балалардың аналарымен бірге ұннан жасалған тағамдардың фотоальбомдары.
Әдіс–тәсілдер: Үйрету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ–жауап, сергіту сәті, жеке жұмыс.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балалар бидай масақтарын бір–бірімізге беру арқылы жылы лебіздерімізді білдірейік. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілінің айларын атаңдаршы? - Күз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар? Жұмбақ жасыру: - Ұзын мұртты сарылар, Қойынында дәні бар - Үсті тас, асты тас Ортасында піскен ас. |
Балалар жылы лебіздерін айтады.
Балалардың жауабы
- Бидай
- Нан |
Іздену - ұйымдастырушы
|
Бүгінгі біздің өтетін оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келеді?» - Балалар, айтыңдаршы күнделікті біздің дастарқанымызда қасиетті, қадірлі қандай тағам тұрады? - Дұрыс олай болса нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелеп берейін. (Педагог слайд арқылы балаларға түсіндіреді) -Алдымен трактормен жерді жыртады, диқандар ол жерге бидайдың тұқымын тастайды. Бірнеше күндерден кейін дәндер өсе бастайды. Бидайдың сабақтары пайда болады, оны диқандар үнемі суарып отырады. Күзде астықты комбайндармен орады және үстерінен бастырады. Бидайды диірменге апарып тапсырады. Аппақ болып ұн дайындалады. Қап – қаптармен ұнды наубайханаға тасиды. Онда ұн иленіп, нан пісіріледі. Нан таситын көліктермен дайын нандарды дүкендерге әкелінеді. Дүкенде нанның бірнеше түрлері: бөлке, тоқаш, батон, торттар, печениелер, бауырсақтар, бәліштер сатылымға шығарылады. Нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етеді. Мұның бәрі – адам еңбегі. - Бидай неден өсіп шығады? - Бидайды немен жинайды? - Күзде дайын болған өнімді қалай атайды? - Бидайдан шыққан ұнды қайда әкеледі? - Егін өсірушілердің мамандықтарын атаңдар. Сөздік жұмыс: диқан, наубайшы, наубайхана, комбайншы, диірмен.
Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай,
Қызықты сәт: «Нанды қадірлейік» - Али мен Айя мультфильмінен үзінді. - Балалар көрдіңдер ме кейбір балалар нанмен ойнайды. Нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес. Нанды қадірлеуіміз керек. Демонстрациялық материалмен жұмыс. Сендер нанға қатысты қандай мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер? - Балалар бәріміз үстел жанына жақындап тұрайық, не көріп тұрсыңдар? - Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? - Дәнді дақылдардың ішінде қайсы түрінен бидай тартылып, нан пісіріледі? - Қазіргі уақытта бұл дәнді дақылдардың ішінен бидай мен қара бидайды нан пісіруге көп қолданады. - Сендердің аналарың үйлеріңде ұннан тағы не пісіреді? |
- Тәрбиеші әңгімесін мұқият тыңдау.
- Нан Балалар педагогтың әңгімесін тыңдайды.
- Бидай тұқымнан өсіп шығады?
Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Балалар қызыға көріп мультфильмді талқылайды.
«Тұқым – жас өнім – бидай – астық – ұн – нан» Нан – тамақтың атасы Ынтымақ – көптің батасы. Нанды бір қолмен үзбе. Нанды, дастарқанды баспа. Нанды төңкеріп тастама. Нанды аяққа баспа. - Арпа, жүгері, күріш, бидай, қара бидай, тары, сұлы.
Балалар аналары пісірген нан түрлерінің суреттері бойынша әңгімелейді. |
Рефлексті - коррекциялаушы
|
- Біз бүгін қандай оқу іс-әрекеті болды? - Не туралы әңгімелестік? - Нан қайдан келеді екен? - Нанды қайдан алады? - Ұнды кімдер дайындайды? - Диірменнен шыққан ұнды қайда әкеледі? Балалар бүгін біз нан туралы көптеген мағлұмат алдық, енді біз ұннан жасалған тағамдарымызды қонақтарға тарту етейік. - Балалар сендерге оқу іс-әрекет ұнады ма? Балаларды мадақтаулар. |
Балалардың жауабы |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Нанның дастарқанға келу жолын біледі.
Болуы керек: Бидайдың тұқым кезінен бастап, нанға айналу кезеңдерін, дәнді дақылдар туралы.
Баланың қолынан келуі: Үлкендердің еңбегін құрметтейді, нанды қастерлеуді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі