Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№53 орта мектебінің
І санатты информатика пәнінің мұғалімі
Саттаркулова Манар Серікбайқызы
| 
			 Сыныбы: 9  | 
			
			 Күні:  | 
			
			 Информатика пәні мұғалімі: Саттарқұлова Манар Серікбайқызы  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Сабақтың тақырыбы:  | 
			
			 Жолдар мен символдық шамаларды өңдеу  | 
		|||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Сілтеме  | 
			
			 Оқулық: Информатика 9 сынып, Сапарғалиева Б.Қ, Маслимова Н.Е. Алматы «Арман ПВ» 2014 жыл Информатикадан электронды оқулық 9-сынып  | 
		|||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Мақсаты:  | 
			
			 Жолдар мен символдық шамалды өңдеу тақырыбына өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту, символдық және жолдық берілгендерге есептер шығару.  | 
		|||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Күтілетін нәтиже:  | 
			
			 Символдық және жолдық шамалар туралы біледі, түсінеді, қолданады, талдайды, жинақтайды, білімін бағалайды.  | 
		|||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Сабақтың түрі:  | 
			
			 Бекіту сабағы  | 
		|||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Негізгі дереккөздер:  | 
			
			 Оқулық, компьютер, электронды оқулық, слайдтар, интернет материалдары, таратпа материалдар, плакат, маркерлер.  | 
		|||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Кезеңдері/Әдіс – тәсілдер/Бағалау түрі  | 
			
			 Мұғалім іс-әрекеті  | 
			
			 Оқушы іс-әрекеті  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Сабақтың барысы:  | 
		||||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Ұйымдастыру  | 
			
			 Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарларын сабаққа аудару, топтастыру, жайлы ахуал қалыптастыру.  | 
			
			 Оқушылар оқу-құралдарын түгелдеп, топтасып, зейіндерін сабаққа аударады.  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 І бөлім. «Мистер символ сұрақтары». (5 минут).  | 
		||||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Білу кезеңі 
 (СТО - Болжау кестесі) 
 ОҮБ құралдары «3 символ» бірлігі 
 
  | 
			
			 Берілген кестеден түйінді сөзді тауып, оларды түстермен ерекшелеу.  
			
  | 
			
			 Оқушылар кестедегі адасқан әріптерден түйінді сөздерді жинақтайды, оларға қысқаша сипаттама береді. Кестеден жинақталуы мүмкін сөздер 
 EXCEL бағдарламасында ұяшықтарды түстерге бояу арқылы табады. Әр түйінді сөзге – 3 ұпай МАКС – 24 ұпай  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 ІІ бөлім. «Папирустағы тапсырмалар» (6 минут).  | 
		||||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Түсіну кезеңі 
 ОҮБ құралдары «10 символ» бірлігі  | 
			
			    1. «Бетекеден биік, жусаннан аласа» сөзін біріктіруге мысал келтіру  | 
			
			 Кубтың сұрақтарына мысал келтіреді. Постермен қорғайды. Мысал дұрыс болған жағдайда әр мысалға 10 ұпай беріледі МАКС – 20 ұпай  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 ІІІ бөлім. «Информатикалық поезд. А бағыты». (10 минут). Топтық, жұппен, жеке жұмыс.  | 
		||||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Қолдану кезеңі Компьютермен жұмыс ОҮБ құралдары «10 символ» бірлігі  | 
			
			     1. Length операторын қолданып «Олимпиада» сөзінің  ұзындығын есептейтін программа құрыңыз.  | 
			
			 Топтарда есеп шығару. Компьютерге енгізу. МАКС – 10 ұпай  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 ІҮ бөлім. «Информатикалық поезд. Б бағыты». (10 минут). Топтық, жұппен, жеке жұмыс.  | 
		||||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Қолдану кезеңі Компьютермен жұмыс ОҮБ құралдары «3 символ» бірлігі  | 
			
			    1. Пернетақтадан енгізілген символы бойынша оның кодын экранға шығаратын программа құрыңыз:  | 
			
			 Топтарда есеп шығару. Компьютерге енгізу. МАКС – 10 ұпай  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Ү бөлім. «Ақыл төбедегі үшеу». (6 минут)  | 
		||||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Талдау кезеңі. ОҮБ құралдары «3 символ» бірлігі  | 
			
			 
 Қолдану бөліміндегі есептерді компьютерден нәтижесін көрсете отырып, талдауы. Топтағы оқушылар басқа топтарға есептерге қатысты сұрақтар қояды. Дәлелдеу.  | 
			
			 
 Есептің талдауы дұрыс болғанда әр есепке 10 ұпай беріледі. МАКС – 20 ұпай  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 ҮІ бөлім. «Сәйкестендіру кестесі». (5 минут). Топтық, жеке жұмыс.  | 
		||||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Жинақтау кезеңі. 
 Сандарды әріптермен сәйкестендіру 
 ОҮБ құралдары «10 және 3 символ» бірлігі 
 
 
 
  | 
			
			 БЕРІЛГЕНІ: A және B айнымалылары жолдық цифрлардан тұрады. Енгізілген сандардың қосындысын табатын программа құрыңыз. Сәйкестендіру кестесін толтырыңыз! 
  | 
			
			 Оқушылар сәйкестендіру кестесін толтырады. 
 Программа дұрыс жинақталса, топ 13 ұпай алады. 
 МАКС - 13  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 ҮІІ бөлім. «Бағалау». (2 минут). Рефлексия. (1 минут).  | 
		||||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Бағалау кезеңі. Топтар өздерін және топтарды бағалайды  | 
			
			 Критерийлер арқылы бағалау. 65-87 ұпай – 5 45-65 – 4 25-45 – 3 1-25-2 Бағалау парағы 
 
  | 
			
			 
 Оқушылар өздерін және топтарды бағалау парағына бағалайды  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Рефлексия  | 
			
			 Оқушыларға кері байланыс жасау үшін «Стикер» алады.  | 
			
			 Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын «Шығу парағына» толтырады  | 
		||||||||||||||||||||||||||
| 
			 Үйге тапсырма.  | 
			
			 Есептерді үйдеп шығару.     1. A және B айнымалылары жолдық цифрлардан тұрады. Енгізілген сандардың қосындысын табатын программа құрыңыз.  | 
			
			 Күнделікке жазып алу  | 
		||||||||||||||||||||||||||
Ләззат
Тамаша құрылған жоспар. Сізге үлкен рахмет!