Өлең, жыр, ақындар

Сауысқан мен көкек

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Әжібай ауылы
Бірік орта жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Муфтуллина Ардак Куспановна

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ертегідегі негізгі оқиғаны, идеяны ұғындыру. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетінің шынайы өмірмен байланысын түсіну.

Дамытушылық: балалардың есте сақтау, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеттерін, оқу және жазу дағдыларын сыни тұрғысынан ойлау арқылы  дамыту. 

Тәрбиелік: ертегідегі түйінді ойды анықтай отырып, күнделікте өмірде еңбекқор, іскер, білімді, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сауысқан мен көкектің суреті, АКТ, қосымша ақпараттар, ұя суреті, шығармашылық тапсырмалар

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, еңбекке баулу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Психологиялық көңіл – күй.

Әсем гүлдей сүйкімді біз баламыз,
Алдыменен амандасып аламыз.
Озық оймен, ынта, жігер, талаппен,
Білім нәрін бойға жинап аламыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру

- Балалар, менде сиқырлы қорап бар. Бұл қорапта үш хат бар. Сол хаттың ішіндегі суреттерді аласыңдар. Кімге алтын балта суреті түссе, сол оқушы бүгінгі үй тапсырмасын айтып береді.

«Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі (үй тапсырмасын топтарға бағалату)

ІІ. Мағынаны тану.

1.Ой қозғау.

(Құстардың дыбысы ойналады)

- Балалар, біз ненің дыбысын естідік?

- Ал енді мына толық емес суреттерге қарап, бұлардың қандай құс екенін білесіңдер ме? (сауысқан мен көкек суреті)

- Балалар, бүгінгі білімімізді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймыз.

Қызыл түс – түсінбедім, өз білімімді толықтыруым керек.

Сары түс – жартылай түсіндім, әлі ізденіуім, оқуым керек

Жасыл түс – толық түсіндім, сабақты жақсы меңгердім

2. Жаңа сабақ

- Балалар, қане  «Сауысқан мен көкек» ертегісін бәріміз өз беттерімізбен іштей оқып, түсініп алайық. («Көкек» әні)

3. «Серпіліс сауал» әдісі

1) Күнде ерте тұрып алып «Ұя керек», «Ұя керек» деп көршілерінің мазасын кетіретін құс? (көкек)

2) Сауысқанның Көкекке шын көмектескісі келгенін қай сөзінен байқадың?

(Сауысқан: -Екеуміз бірігіп берік  үй істейік.Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-деп айтқан сөзінен)

3) Сауысқан ұясын қалай салды?  (Ол ұясының қабырғасын жас бұтақтармен берік етіп өрді. Өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Сазбалшықтармен сылады. Қақпалы есік жасады. Ұясының астына мамықтан төсек төседі)

4) Жұрт не себепті «көкек» деп атаған? (себебі, көкек қақсай-қақсай «керек» дегендегі «р»-ды айта алмай, орнына «көлек» деп айтқасын атаған)

ІІІ. Ой толғаныс. «Ойлан. Топтас. Талқыла.»

І топ – Сауысқан туралы қосымша ақпарттармен танысып, басқа топтарға түсіндіреді.

ІІ топ – Көкек туралы қосымша мәліметпен танысып, басқа топтарға түсіндіреді.

ІІІ топ – Құстарға ұя жасап, шағын мәтін құрастыру.

Сергіту сәті: «Қамажай»

ІV. Шығармашылық жұмыс.

- Балалар, біз қандай тарау өтіп жатыр едік?

- Абай атамыз бізге қандай асыл істерді айтып кеткен?

 «Бес асыл іс»

Талап: «Ұйқасын тап»

Өлексе жеп тауысқан

Ала қанат ........ (сауысқан)

Еңбек:  Жұмбақты шеш

Қайталап атымды

Ән салып аламын

Кез – келген ұяға

Жұмыртқа саламын  (Көкек)

Терең ой:

«Алма, піс, аузыма түс» мақалы ертегінің қай кейіпкеріне сай айтылған? (Көкек)

Қанағат: Құстар туралы тыйым сөздер айт.

 - Құстың ұясын бұзба.
 - Жұмыртқасын жарма.
 - Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
 - Аққуды атпа.

Рақым: Өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып оқы.

...........(Не?) келіп, (көктем)

...........(Нелер?) оралды. (құстар)

...........(Кімдер?) қуанып, (балалар)

............ (Нелер?) жасады. (ұялар)

V. Поэзия минуты (диктофоннан тыңдату)

«Сауысқан» (Ермек Өтетілеуұлы)

«Көкек» (Тұманбай Молдағалиев)

Қорытынды:

Кері байланыс

Нені білдік?

Нені үйрендік?

 

 

- Балалар, мына стикерлерді өздеріңнің бүгінгі сабаққа қатысуларың бойынша бағалап және бүгінгі сабақта нені біліп, нені үйренгендеріңді  жазып, мына ұяға іліңдер.

Үйге тапсырма: Ертегіні түсініп оқу. «Емші Еңбек» атты күлдіргі мысал ойлап жазу.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер