Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы
«Қызғалдақ» балабақшасы
Тәрбиеші: Туребаева Айзада
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Мамандықтармен танысайық»
Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал–жабдықтар мен көрнекіліктер: Мамандық иелерінің суреттері, құрал–жабдықтары.
Сөздік жұмыс: мамандық, тігінші, аспазшы, мұғалім, дәрігер, құрылысшы.
Блингвалдық компонент: мамандық-профессия, аспаз-повар, мұғалім-учитель, дәрігер-доктор, құрылысшы-строитель.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші: Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?
Балалар: Таңда
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Міне тағыда таң атып күн шықты.
- Қайырлы таң көздерім! Қайырлы таң құлақтарым! Қайырлы таң қолдарым! Қайырлы таң аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? Иә біз ояндық!
- Көздерім көріп тұр
- Құлақтарым естіп тұр
- Қолдарым қол соғып
- Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық! Жарайсыңдар балалар!
Ендеше бүгінгі бізге келген қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші:
Тәуелсіз мына заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға – деп бүгінгі іс-әрекетімізді бастаймыз.
Ұйымдастыру кезеңі: Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгімелету.
Бұл аспаз. Аспаз – ең басты мамандықтың бірі.
Безендіріп үстелді,
Тәтті тамақ пісірер.
Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.
Бұл құрлысшы. Зәулім үйлерді, біздің балабақшамызды салған кісілерді құрылысшылар дейміз.
Бұл дәрігер. Дәрігер адамдарды емдейді, дәрі беріп, укол салып жазады.
Бұл тігінші. Тігінші адамдарға әдімі етіп киім тігіп береді сондықтан біз үнемі әдемі болып жүреміз.
Бұл мұғалім. Мұғалім бізге білім береді. Ол үлкен маман иесі болуымызға көмектеседі.
Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда «мамандық иелері» дейміз. Бұл мамандықты меңгеру үщін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындалып оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажетті құралдарды қойып, төрт баланы шығарамын, төрт баланы төрт түрлі мамандық иесіне бөлемін, ойын шартын түсіндіремін. Төрт бала өзіне қажетті құралдарды тез – тез бөліп алады. Алған құралдарымен не істеуге болтындығын айтады және өскенде сол маман иесі болғысы келетіндігін айтады. (шаштараз, дәрігер, мұғалім, аспаз)
Сергіту сәті:
Іш ауырса, тіс ауырса,
Мамам дәрі береді.
Барлық бала, барлық адам,
Оны жақсы көреді.
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Тақтаға маман иелерінің суреттері ілінеді. Ойын шарты әр мамандықтың қызметіне сай анықтау.
Қорытынды: Сұрақ – жауап:
- Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін балай білу керек екен. Ол мейлі бастық болсын, мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек. Осыны еш ұмытпаңдар.
Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
- Не білдік, не үйрендік?
Бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.
Ал енді біз қонақтарымызды шығарып салайық.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек.
Нені игереді: Суретке қарап әңгіме құруды меңгереді.
Нені білді: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі