Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасының
тәрбиешісі: Утегенова Гаухар Ерболовна
Мақсаты:
Білімділік: балаларға қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін арттыру, қыс мезгілінің ерекшелігін, қызығын, табиғат көрінісін әңгімелеп беру. Берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: баланың ой өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға,ұжымшыл болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал: қыс мезгілінің суреттері, шырша, аққала, шана.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.
Сөздік жұмыс: аппақ қар, мұз, шана, аққала, аяз, боран.
Алдын-ала жұмыс: қысқы саябаққа саяхатқа шығу.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қорғаушы
|
Шаттық шеңбері: Қол алысып қәне біз, - Балалар көңіл-күйлерің қалай? - Балалар бүгінгі оқу қызыметіміз ерекше болмақ, өйткені балалар біздерге көптеген қонақтар келіп отыр. - Балалар келген қонақтарға білімді, әдепті балалар екенімізді көрсетеміз бе? |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Қол алысады.
-Жақсы
-Балалар хормен ия деп жауап береді. |
Іздену ұйымдастырушы
Ғажайып сәт: |
Оқу қызыметімізді жұмбақты шешуден бастаймыз. Балалар жұмбақты мұқият тыңдаймыз. Шанамен зырлап желетін, - Ал балалар енді екінші жұмбағымызды тыңдаймыз. «Қыста ғана болады, - Жарайсындар, балалар! - Балалар бір жылда неше ай бар? - 12 айды неше жыл мезгіліне бөлеміз? - Қане жыл мезгілдерін кім атап береді? - Әр мезгілге неше ай жатады екен? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгіліне қай айлар жатады екен? - Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады? - Қыс мезгілінде балалар қандай ойындар ойнайды? - Қардың түсі қандай? - Балалар қарды қолымызға ұстап көрдік па? - Қатты ма, жұмсақ па? - Балалар қардан не жасауға болады? - Аққала қандай пішіндерден тұрады? - Қане аққаланың бөлшектерін санайықшы? - Дұрыс айтасындар балалар, айналаның бәрін, жер, тауды, тасты, орманды қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қыс мезгілінде балалар асыр салып қармен ойнайды. - Балалар қазір жылдың қыс мезгілі, қыс мезгілінің алдындағы, жыл мезгілді кім атап береді? - Күз мезгіліне қай айлар жатады? - Ал балалар қыс мезгіліннен кейін қай мезгіл келеді, кім айтады? - Жарайсындар, балалар! - Қәне, балалар қыс мезгіліне арнап «Қыс қызығы» әнін орындайықшы. - Қане балалар өткен тақырыпты естеріңе түсіріңдерші? Осы кезде қоян секіріп кіріп келеді. - Ой-ой-ой, мен қай жерге адасып келіп қалдым, орманға ұқсамайды. Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, ақ қоян?! Ақ қоян: Бұл қай жер? - Оййй балабақша, сонда бұл жерде не істейсіндер? - Оқып, жазып дейсіндер ме?! (таң қалады) - Балалар бүгін ауа-райы тамаша екен,серуенге шығып едім, серуенде жүрсем мына қорапшаны тауып алдым, ішінде сыйлық бар шығар деп қуанып едім, бірақ сыйлық болмай шықты. Тәрбиеші: Ақ қоян оның ішінде сыйлық болмаса не бар екен қарайықшы?!(тәрбиеші қорап ты ашады) - Балалар қараңдаршы қораптың ішінен не шықты? - Қандай суреттер екен қараңдаршы? Ақ қоян: Сурет дейсіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар бұл жай суреттер емес екен, суреттің артында тапсырмалар берілген екен. Ақ қоян: Тапсырма деген не? - Балалар тапсырманы орындаймыз ба? Ақ қоянға көрсетейік қалай тапсырмаларды орындау керек екенін. Тапсырмалар: 1. Үш тілде санау.1-6 дейін, тура және кері санау. Балалар шаршап қалған сияқтымыз, қане орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасап жіберейік. Сергіту сәті: Ал балалар, тұрайық, 4. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Ата-әже, қар, тау. - Ақ қоян көрдіңбе, біздің балалар сіз акелген қораптың ішіндегі тапсырмалардын барлығын орындады. - Біздің балаларымыз қандай екен. Ақ қоян: Жарайсыңдар балалар, сонда бұл қорап білімді балаларға арналған қорап болдығой. Ұжымдық ойын: - Ақ қоян отырп шаршап қалған сияқтысын, қане біздің білімді балалармен ойын ойнағың келеме? Ойынның шартты: Алдарыңызда геометриялық пішіндер тұр, сол пішіндерді құрастыру арқылы, қыс мезгілін бейнелеуіміз керек. Ақ қоян: Жарайсыңдар, балалар, өздерің ақылды екенсіңдер! - Ой балалар біраз уақыт өтіп кеткен сияқты. Мен енді кетейін, ормандағы достарыма не үйренгенімді айтып, оларғада үйретейін. - Сау болыңдар балалар! |
- «Қыс мезгілі» деп жауап береді. - «Қар»-деп жауап береді.
- Бір жылда 12 ай бар. - 4 жыл мезгіліне бөлеміз. - Балалар қол көтеріп жауап береді. - Әр мезгілге 3 ай жатады. - Қазір жылдың қыс мезгілі. - Қыс мезгіліне желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары жатады. - Су қатады, қар жауады, боран болады, айналаның барін қар басады. - Қыс мезгілінде балалар қар мен ойнайды? - Қардың түсі ақ. - Қарды қолымызға ұстап көрдік. - Жұмсақ. - Қардан аққала жасауға болады. - Аққала шеңбер пішіннен тұрады. Балалар аққаланың бөлшектерін санайды. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. - Балалар күз мезгілі деп айтады. - Қыркүйек, қазан, қараша. - Балалар көктем мезгілі келеді деп жауап береді. - Рахым Тышқанбаевтың «Жақсы мен жаман» өлеңімен танысқан болатынбыз. - Бұл балабақша - Оқып білім аламыз, жазып үйренеміз.
- суреттер
- Шана, қолғап, шырша, аққала,
- Ия ақ қоян суреттер. - Тапсырма деген- сұрақ қойылады, сол сұраққа ойланып, дұрыс жауап беруің керек.
- Ия, орындаймыз.
Балалар өлең мазмұнына сайкес іс-қимылдар жасайды.
-Ия ақ қоян, қорапшаны балабақшаға акелгенің жақсы болды.
-ия ойнағым келеді.
Ойынға барлығы қатысады.
- Сау болыңыз ақ қоян, бізге тағы қонаққа келіңіз! |
Рефлексті коррекциялаушы |
Қортындылау. - Балалар бүгінгі оқу қызыметі ұнады ма? - Бүгін қонаққа кім келді? - Ақ қоян өзімен бірге нелер алып келді? - Қандай тапсырмаларды орындады? Мадақтау. - Жарайсыңдар балалар! |
- ия ұнады. - Ақ қоян - Тапсырмалар алып келді. Балалардың жауаптары.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: тура және кері санап білу керек.
Болу керек: баланың оқу қызыметіне деген қызығушылығы болу керек.
Баланың қолынан келуі: тапсырмаларды орындау баланың қолынан келеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі