Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі
Тайманова Акрыс Конусбаевна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Наурыз тойы» өлеңі Ә.Табылды /сурет бойынша әңгіме құрастыру/
Мақсаты:
1. Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту;
2. Наурыз – жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру;
3. Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: Көгерсін, теңелді.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету;
Көрнекіліктері: Наурыз тойының суреттері, наурызкөже пісіріп жатқан аналар суреті;
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Көктем, көктем, көктемде, |
Өлең жолдарын айтады. |
Іздену- ұйымдастырушы
|
- Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілі неше айдан тұрады? - Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Наурыз айында қандай мерекені тойлаймыз? Дәптермен жұмыс: а/Сурет бойынша әңгіме құрастырту. ә/Ә.Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін жаттату. Күн менен түн теңелді, Сөздік жұмыс: Көгерсін, теңелді. Көгерсін – көгалдандыру. Теңелді – тең, теңесті. Наурызда күн мен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған. Тыныштық сәті. Көздерін жұмғызып, көктем мезгілін елестеткі-зу. Жер-әлем, жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырап су ағып жатыр. Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп тұр. Балалар алтыбақан ойнап, ана-лар наурызкөже пісіріп жатыр. Наурыз тойы басталды. Д/о: «Бұл қай салт-дәстүр?» Ойын шарты: Қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрініңсуреттері көрсетіледі. Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табуы керек. Сергіту сәті: Қарды ерітіп жылғасы, Дәптермен жұмыс: Наурыз көжеге қосылатын дақылдарды сызық арқылы қос. Ұлттық ойын: «Қамшы алу» Ойын шарты: Балалар арқаларын тіреп тұру керек. Қамшы еденде жату керек. Белгі беріл-генде қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. |
Сұрақтарға толық жауап береді.
Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Өлеңді жаттайды, қайталап айтады.
Жаңа сөз мағыналарымен танысады. Наурыз мерекесі туралы біледі.
Көздерін жұмып Наурыз тойын елестетеді.
Суреттерге қарап, бұл қай салт-дәстүр екенін табуы ке-рек. Ол туралы толық әңгіме-лей білуі керек.
Қимылмен көрсетеді.
Дәптермен жұмыс жасайды. Наурыз көжеге қосылатын дақылдарды сызықпен қосады.
Ойынды шапшаңдылықпен ойнайды. |
Рефлексті коррекциялаушы
|
- Наурыз мерекесі қандай мереке? - Наурыз көжені кімдер пісіреді? - Наурыз тойы сендерге несімен ұнайды? Бағалау, мадақтау. |
Сұрақтарға жауап береді.
Мадақталады, бағаланады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Наурыз мерекесі туралы, салт-дәстүрлерді;
Болуы керек: Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа үйрену;
Баланың қолынан келуі керек: Сұрақтарға толық жауап беру, әңгіме құрай білу;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі