Өлең, жыр, ақындар

Қызыл кітап құпиясы

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі
Жамантауова Ботагөз Гариполлаевна

 

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология

Тақырыбы: «Қызыл кітап құпиясы»

Мақсаты:

1. Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.
2. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.
3. Табиғат аялауға баулу.

Көрнекілігі: «Қызыл кітаптың» суреті, қызыл кітапқа енген тіршілік иелерінің суреттері.

Сөздік жұмыс: Сындырылған ағаш, саны сиреп бара жатқан жануарлар, өсімдіктер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

Шаттық шеңбері

- Армысыз, қайырлы Күн!
- Армысыз, Аспан ата!
- Армысыз, мейірімді Жер-Ана!
- Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Балалар өлең жолдарын қайталап, бір-бірімен амандасады.

Ұйымдастыру-іздестіру

1. Қызыл кітап туралы түсінік беру:

- Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан- жылға азайып не жойылып бара жатқан, сон-дықтан да айырықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеле-ді. Жойылу қауіпі төнген (саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбей-ту шаралары қолға алынған. Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс, ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. Ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл т.б.

Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезіндегі ластанған өзен-дер – осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдармен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Қаскерлердің қолынан қаншамасы қырылып жатыр.

2. Сергіту жаттығуы:

Көбелек те гүлде бір,
Қызыл-жасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.

3. Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Дәптерде бейнеленген Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын атату.

2. Қызыл кітапқа енген құстарды тапқызып, оларды бояту.

4. Д/о: «Қызыл кітап»

Шарты: Тақтаға бүркіт, қызғылт қаз, т.б. жануарлардың суреттерін ілу. Балаларға оларды қорғау шараларын айтқызу.

 

Әңгімені тыңдайды, сұрақтар қояды. Слайдтардан жойылу қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді көреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңге қосылып, сергіту жаттығуын орындайды.

Қызыл кітапқа енген жануар-лар: Арқар, барыс, дуадақ, қарақұйрық.

Үкі, бүркіт, аққу, тырнаның суретін бояйды..

Балалардың үлгі жауабы:

- Бүркіт құсының саны аза-йып барады. Сондықтан оны қорғауға алу керек. Бүркітті атуға, оның ұясын бұзуға болмайды.

- Аққу – киелі құс. Аққуды қорғауға алу керек. Аққуды атуға болмайды.

Рефлексті-түзетушілік

Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.

-Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адамды табиғат-тан, табиғатты адамнан бөліп қарауға бол-майды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етеді. Сол себепті өлкеміздің табиғатын туған анамыздай ардақтап, күте

білуіміз керек. Аяусыз сындырылған ағаш, жұлынған гүлдер, ұясы бұзылған құстар, жазықсыз өлтірілген жәндіктер, қоқыс-қалдық салынған лас сулар көбейіп барады. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау – әрбір адамның тікелей парызы.

Балаларды бағалау, мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

 

Адам мен табиғаттың өзара байланысын білді.

Сиреп азайып бара жатқан тіршілік иелері туралы білді.

 

 

Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау міндеті екенін білді.

Бағаланады.

           

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Туған өлке табиғаты туралы білу, табиғат жанашыры туралы ұғымы болуы;

Болуы керек: Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;

Баланың қолынан келуі керек: Өз өлкелерінде мекендейтін жануарларға қамқорлық көрсету, өсімдіктерді күтіп-баптау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз