Топтамадағы сабақтар тізімі
1.Гимнастика
2.Тепе-теңдік сақтау жаттығулары
3.Көңілді старт
Сабақтың тақырыбы: Тепе - теңдік сақтау жаттығулары
а) Білімділік: Гимнастикалық бөренеде тепе - теңдік сақтау жаттығуларын орындау
ә) Дамытушылық: Ептілікті, қимыл - қозғалыс әрекетін дамыту
б) Тәрбиелік: Төзімділікке, өзара достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Құрал - жабдықтар: гимнастикалық бөрене, ысқырық, доп, таяқша
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру
- Екі қол белде өкшемен жүру
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру
- Отырып секіре жүру
- Дем алу, дем шығару
Саптағы бой жазу жаттығулары
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру
- Қолды алға түзу созып, кезек - кезек айқастыру
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру
- Дем алу, дем шығару
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі