Күні:18.01.17 |
Тақырыбы:Сабақты етістік пен салт етістік |
|||||
Пәні:қазақ тілі |
Мұғалімнің есімі:Р.Балтабай |
|||||
СЫНЫП:6"Б" |
Қатысқандар:13 Қатыспағандар:0 |
|||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
Оқушыларға етістіктің мағынасына қарай сабақты және салт етістік болып бөлінуін,олардың бір-бірінен айырмашылығын, жасалу жолдарын түсіндіру, етістіктерді бір-бірімен салыстыру. |
|||||
Сабақ Мақсаттары |
Барлық оқушылар: Сабақты және салт етістік түрлерін тауып,тапсырмалар орындайды,өз ой-пікірін айтады. |
|||||
Оқушылардың басым бөлігі: Сабақты және салт етістіктерге мысалдар келтіреді,оларды мәтіннен таба алады, талдаулар жасайды. |
||||||
Кейбір оқушылар: Сабақты және салт етістікті салыстырады, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табады,дәлелдейді. |
||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: 1.Сабақты және салт етістіктерді ажырата алады 2.Тапсырмаларды берілген шартына сай орындайды 3.Сабақты және салт етістіктерді шығармашылық жұмыста қолданады. |
|||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: сабақты етістік,салт етістік мағынасына қарай табыс септіктегі сөзбен байланысты,табыстан басқа септіктер,барыс,жатыс,шығыс,көмектес,кімді?нені?кімімді?немді?кіміңді? неңді?кіміңізді? неңізді?кімін?несін?. |
||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Сабақты және салт етісітктерді қатыстырып диалог құрастыру. |
||||||
Талқылауға арналған тармақтар: 1.Етістіктің мағынасына қарай бөлінуі? 2.Сабақты етістік дегеніміз не? 3.Салт етістік дегеніміз не? |
||||||
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?Не себептен деп ойлайсыз? Етістік мағынасына қарай неліктен сабақты және салт болып бөлінеді? |
||||||
Алдыңғы Тақырып |
Болымды және болымсыз етістік. |
|||||
Жоспар
|
||||||
Жоспарланған Уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, -ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||
Басталуы 2 минут
2 минут
6 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Психологиялық дайындық. "Алақанға алақан" тренингін өткізу.Оқушылар бір-біріне тілек айтып,бір-бірінің алақандарын ұстайды.
2.Сыныпты 3 топқа бөлу. "Мектеп-кеме,білім-теңіз" деген сөзді негізге ала отырып "Білім" атты теңізге бүгін саяхатқа шығамыз.Әр кеменің капитаны болады.Әр капитан өзіне бір көмекші,бір жүк тасушы,бір аспаз таңдап алады.Осылай топтар өз құрамын жинайды.Кеменің капитаны топ спикері болып тағайындалады.
3.Үй тапсырмасын сұрау.Диалогтік оқыту. "Сұрақты қағып ал!" әдісі. Әр топ кедергі,яғни сұрақтар дайындайды және әр топтан бір оқушы кедергілерден өтеді.Топ спикері бағалап отырады. |
Презентация "Алақанға алақан"
Сұрақ жазылған парақтар |
||||
Ортасы
5 минут
10 минут
5 минут
5 минут
3 минут
3 минут
|
"Сократ" әдісі. Әр топқа етістіктері бар мысалдар жазылған түрлі-түсті парақшалар таратылады.Сол парақшадағы мысалдардан етістіктердің айырмашылығын, етістіктердің септік жалғауларымен байланысын анықтайды.Табыс септігімен байланысқан етістіктерді бір бөлек, барыс, жатыс, шығыс,көмектес септіктермен байланысқан еті9тіктерді бір бөлек жазып шығады.Жаңа сабаққа байланысты өздері болжау жасайды.
Мұғалім қосымша түсіндіреді.Көрсетілім - 1,2,3 Оқулықпен жұмыс. 218-жаттығу.Ауызша орындайды. 219-жаттығу.Мәтіннен салт етістіктерді теріп жазу. 221-жаттығу."Кім жылдам? әдісі бойынша салт етістік пе,сабақты етістік пе" деген тақырыпта білім жарыстыру. "Стоп -кадр" әдісі.Слайд арқылы әр түрлі қимыл қозғалыстағы суреттерді көрсету.Сол арқылы әр топ есінде қалған суреттер арқылы сөйлемдер құрайды. Полиглот.Әр топ қимыл арқылы етістік түрін тауып,үш тілде айтады. 1-топ. Мен футбол ойнадым. Оқушы кітап оқыды. 2-топ. Біз киноға бардық. Бала сурет салды. 3-топ. Мен теледидар көрдім. Досым би биледі.
Сергіту сәті. "Синквейн" әдісі.5 жолды өлең құрастыру. "Конверт-сұрақ" әдісі. 1.Сабақты етістік қалай жасалады? 2.Салт етістік дегеніміз не? 3.Сабақты етістік пен салт етістіктің айырмашылығы? Әр топ конверттегі сұрақтарға жауап береді.Жауаптарын конвертке салып,келесі топқа береді.Топтар жауаптың дұрыстығын тексереді. |
Түрлі -түсті парақшалар
Көрсетілім -1,2,3 Интербелсенді тақта Оқулық "Қазақ тілі"
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
Конверттер,стикерлер. |
||||
Аяқталуы 2 минут
2 минут |
Бағалау.Әр топ спикері сабақтың критерийін басшылыққа ала отырып,қойған бағаларын айтады.Мұғалім бағасымен қоса ортақ баға шығарады. Кері байланыс. Ортаға қорап қойылады,оған сұрақтар салынады.Келесі сабақта сұрақтар талқыланады. Үйге тапсырма. Салт және сабақты етістіктерді ақын-жазушылардың шығармаларынан тауып,жазып келу. |
Бағалау парақшалары
Қорап
|
||||
Қосымша ақпарат |
||||||
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруде қандай әдісті пайдаланасыз?
|
Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері |
||||
Топтық жұмыс жүргізу арқылы барлық оқушыны сабаққа түгел қатыстыру. Топтық бағалау кезінде спикердің жұмысын күрделендіру. |
"SWOT -талдау ". Әр топ спикері сабақтың критерийін басшылыққа ала отырып бағалайды. Жиынтық бағалау |
Қазақ әдебиеті, өзін-өзі-тану, орыс тілі,ағылшын тілі. Сабақты және салт етістікке байланысты көрсетілімдер даярлау. |
||||
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сабақтың мақсаты өз деңгейінде жүзеге асты. Бүгін оқушылар сабақты және салт етістік туралы толық мәлімет алды. Сыныпта топтастық,ынтымақтастық ахуалы орнады. Жоспарлаған тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды. Берілген уақытта үлгердім. Әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді тақырыпқа сәйкес қолдандым,жаңа сабақты оқушылар оңай жолмен түсіну үшін.
|
|||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)? 1."Сократ" әдісі. 2."Сұрақты қағып ал!" әдісі Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)? 1.Кері байланыс 2. "Стоп кадр" әдісі Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Алпысова Ш.К.
жақсы жазылған