Өлең, жыр, ақындар

Сөз мерген

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Тұщықұдық ауылы
Сәттіғұл Жаңғабылов атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі: Сапарғалиқызы Әсем

Сөз мерген

Мақсаты: 

1. Қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана-тіліміздің қадір қасиетін біліп, сөз құдіретіне түсіне білуге баулу.
2. Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3. Тіл мәртебесін арттыруға ат салысуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қанатты сөздер, жазушы суреті, ұяшықты текшелер, үшбұрыштар, үнтаспа т.б.

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Тіл мерекесі» құтты болсын!

«Түрлі–түрлі» байлық бар, солардың біреуін таңдауды талап етсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы бәрінен де сенімді байлық», - деп Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқандай, біздің ана тіліміз байлығымыз, қазынамыз. Сол байлығымызды сақтау, кейінгі ұрпаққа қалдыру, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Атадан балаға мирас болып қалған қасиетті ана тілімізді қастерлей білейік!

Шақырамыз, келіңіздер,жарысуға,
Өнер-білім шыңымен алысуға
Бар білімді салайық ортамызға,
Қанекей, кім озады бұл сайыста! 

Бірінші кезең: «Ойлан тап»

Шарты: Әр топқа төрт сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

 Іске сәт!

1. Үш бақытым өлеңінің авторы кім? (М.Матқатаев)                           
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)                
3. Әнұранның авторлары кімдер? (Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)
4. Мағыналары бір–біріне қарама-қарсы сөздер (Антоним)

1. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
2. Абай Құнанбаевтың азан шақырылып қойылған аты кім? (Ибраһим)
3. Бәйтеректің биіктігі неше метр? (97 метр)
4. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар ? (3 түрі бар. Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын)

1. Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
2. ҚР ұлттық валютасы не? (Теңге)
3. ҚР Тәуілсіздік күні мерекесі қашан тойланады? (16 желтоқсан)
4. Қазақ тілінде неше септік бар? (жеті)

1. Қазақтың жаңа жылы қашан? (22-наурыз)
2. Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)
3. Тіл мерекесі жыл сайын қай күні тойланады? (22 қыркүйек)
4. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз? (Дыбыс)

Екінші кезең: «Тауып көр»

Шарты: Жұмбақ жасырылады. Соның шешуін тауып, орысшаға, ағылшыншаға аудару керек.

1. Тіл жоқ өзінде,
    Сөзі бар ізінде. (қалам-ручка-pen)

2. Жұқа тақтай бөлшегі
    Ұзындықтың өлшемі (сызғыш-линейка-liner)

3. Ұшымен қазық,
    Тор көзді жазық,
    Үстіне қалдырдым,
    Асыл сөз жазып. (дәптер-тетрадь-coopybook)

4. Қабы-сояу,
   Діні-бояу (қарындаш-карандаш-pensil)

5. Шәкіртке жанашыр,
    Мейірман кім, жаңа асыл (ұстаз-учитель-teacher)

6. Білімнен мол сый-асы,
    Балғындардың ұясы (мектеп-школа-school)

7. Бірін-бір қоштаған,
    Бір үйден көрдім,
    Қырық екі дос-жаран (42әріп-алфабить-Alphabet)

8. Бір санға өсірді,
   Өзі қалып орнында,
   Бізді алға көшірді (сынып-класс-class)

Үшінші кезең: «Ұшқыр ой,жылдам жауап»

Шарты: Логикалық сұрақтар оқылады.

1. Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз? (2ші орында)
2. Ештеңе жазбаңыз, тек жауап беріңіз. 1000санын алып, оған 40-ты қосыңыз. Тағы да 1000-ды қосыңыз, 30санын қосыңыз, тағы да 1000 қосыңыз. Қосу 20. Қосу 1000 және қосу 10. Қандай сан шықты? (4100)
3. Қай айда 28күн бар? (барлық айда)
4. Лимонның жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына)
5. Қай жерде жексенді сенбіден бұрын келеді? (сөздікте)
6. Алма жегенде ішінен құрт көргеннен де жаман не болуы мүмкін? (Құрттың жартысын көру)

4-кезең «Кіл жүйріктен-кім жүйрік?»

Шарты: Мақал-мател ішінен жасырылған сөзді тауып, орысша мен ағылшынша аудару

1. .......тас жарады,
    Тас жармаса, бас жарады. (тіл-язык-language)
2. .......білім бұлағы (кітап-книга-book)
3. Мектеп кеме
    Білім .......(теңіз-море-sea)
4. Білімдіге дүние ........(жарық-свет-light)
5. Ұстазы жақсының, ұстамы......... (жақсы-хорошо-good)
6. Күш білімде,
    ........кітапта (Білім-знание-knowledge)
7. Тіліңмен жүгірме
    Біліммен ..........(жүгір-бегать-run)
8. ............. ағып жатқан бұлақ
    Білім жанып тұрған шырақ.  (өнер-исскуства-art)

Қорытындылау: «Өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байлығы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз» - деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, отты да ойнақы Ана тілімізді қастерлей білейік!

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау!

(сайыс қорытындысын әділ қазылар шешеді. Дипломмен марапаттау.)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз