Өлең, жыр, ақындар

Қыс Қызығы

Тақырыбы:   «Қыс қызығы»                                        

 Мақсаты:  Қыс мезгілі ерекшелігімен түсіндіру,негізгі қысқы ойындармен                        таныстыру. Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала суретін жапсыруды үйрету. Қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылығы: Ұсақ саусақ маторикасын дамыту.                               

Тәрбилігі:  Табиғатты аялауға тәрбиелеу                                                            

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Аққала суреті ,қыс суреті, желім, дөңгелек мақта ,геометриялық пішіндер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету,ойын, салыстыру, музыкалық дыбыстықты қолдану          

Алын ала жүргізілетін жүмыс: Көрнекі иллюстрациялық жабдықтармен түстіндіру.

Билингвальді  компанент: қыс-зима, қар-снег,аққала-снеговик.

 

Кезеңдер

               Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

 

 

 

 

 

Мотивациалық - ояту

Шаттық шеңбері:                                                                    Армысың, Асыл күн!                                                              Армысың, асыл жер                                                             

Армысың, көк аспан                                                       

Армысың, жан досым!

Здравствуй, солнце золотое!                                        Здравствуй, небо голубое!                                                 Здравствуй, матушка земля!                                           Здравствуй, родина моя!

Good morning,Good morning,

Good morning to you

Good morning, Good morning

 I am glad to see you

Балалар шеңберге тұрып табиғат иелерімен сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ жұмбақ шешуден басталады:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, бөбектерім
Бұл қай кезде болады?                                                          
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Атап көрейікші?
 

- Жарайсыңдар балалар, қыста ауа-райы қандай болады?
- Қыста не жауады?
- Балалар қар қандай болады?
- Аязды күні қарды басып жүрсек қандай дыбыс шығады?
- Қыста қандай ойындар ойналады?   

 

Балалар қыс туралы тақпақ кім айтады:

 

  Билингвальді компанент: қыс-зима, қар-снег,аққала-снеговик.                                                                                                         Сөздік  жұмыс:Жапалақтап жауады, жұмсақ,жеңіл,қиыршык,қатты ,түйіршік.                                            

- Аязды күні қарды басып жүрсек қандай дыбыс шығады?
- Қыста қандай ойындар ойналады?
- Қыста әр үйдің ауласының сәнін келтіретін қардан жасалатын не нәрсе бар?
- Аққаланы қандай қардан жасауға болады, жабысқақ па, әлде жаңа жауған қардан ба?
- Неліктен?
- Аққаланың пішіні қандай?
- Санап көрейікші қанша шеңбер бар екені?
- Аққаланың төменгі жағы үлкен, ортасы кіші, бас жағы кішкентай екен. Аққала үш бөліктен тұрады. Аққаланың түсі аппақ, көздері тастан, ауызы ағаштан, мұрны сәбізден жасалған.      

  Ғажайып сәт: Үнтаспадан боранның, сықырлған дауыс естіледі.
-Балалар,тыңдайықшы ненің дауысы естіліп тұр? –Боранның дауысы.
Осы кезде  Аққала келеді.Аққала көңілсіз бірге ойнайтын достары жоқ екенін айтады.

Педагог балаларға Аққалаға көмектесіп көптеген достар жасап береміз бе?
- Балалар енді шығармашылық орталығына қарай ауысайық.Балалар  бүгін алдарыңда аққаланың суреті жатыр, бұл суреттер жеке-жеке құралмаған күйінде тұр. Балалар, осы аққала суретін параққа рет-ретімен жапсырайық. Енді балалар алдарында ақ түсті гуашь,сол гуашьқа саусақтарынды малып, көк қағазға қар бейнесін түсіреміз. Қиылған шыршаны желіммен жапсырайық.

 

Сергіту сәті:                                                                                                              Боран соғады оң жақтан,                                                                                    Боран соғады сол жақтан.                                                                      Қар лақтырып ойнайық ,                                                                                          Су өтеді қолғаптан.

Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр».
Ойын шарты: Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек
жапсырамыз. Әуелі үлкенінен бастап кішісіне, содан соң кішкентай бөлігін жапсырып аламыз. қалпағын кигіземіз Қолдары мен аяқтарын да ұмытпаймыз.

Аққаламыз дайын .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қыс мезгілі.

-үш ай бар

Желтоқсан,қаңтар, ақпан

-Күн суытады, аяз болады.

-Қар жауады

-Ақ ұлпа болады

Сықыр - сықыр

 

Шанамен,коньки тебеміз,шаңғы тебеміз.

Балалар тақпақтарын айтады

 

 

 

 

 

- Сықыр-сықыр
 

- Аққала жасау, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу.
- Жабысқақ


 

- Дөңгелек, шеңбер.
- 1,2,3.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-әрине көмектесеміз.
 

 

 

 

 

 

 

Балалар аққаланы рет-ретімен қойып жапсырады.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар сергіту сәтін іс-қимылымен бірге қайталады.

 

 

 

Балалар ойын тапсырмасын қызыға орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

Аққала балаларға коптеген достар жасап бергендері үшін рахметін айтып қоштасады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін сұрақ қоя отырып қорытындылау.

-Аққала неше бөліктен тұрады?

-Пішіндері қандай?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде балалар қандай киімдер киеді?

Аққала балаларға коптеген достар жасап бергендері үшін рахмет айтып қоштасты.

Педагог балаларды жақсы жауап беріп қатысқандары үшін рахмет айтып мадақтайды.

 

 

 

 

 

 

-3 бөліктен

-дөңгелек

-Қыс мезгілі

Жылы киінеді

 

Балалар қуанышты сезімде болады.

Жасаған жұмыстарын тақтаға іліп, талқылау

                                     Қорытынды нәтиже:

      Нені білуі керек?  Қыс мезгілі, аққала туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді?  Аққаланы рет-ретімен жапсыру түсініктерін игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:  Геометриялық пішіндерді, үлкен, кіші, кішкентай
айырмашылықтарын дағдыларын меңгерді.

 

 

 

 


а

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз