Өлең, жыр, ақындар

Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдейтін программалар

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
"Бейнеу кешкі мектебі" КММ
информатика пән мұғалімі
Қылишаева Райхан Жарылғасынқызы

Пәні: информатика

Күні: 4.02.2017жыл.

Сынып: 7 «А»

Сабақтың номері: №20

Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдейтін программалар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикамен жұмыс істеу программалары жіктелуінің ұстанымдары туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, видеоролик, оқулық, топтарға арналған тапсырма парақтары, бағалау парағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру

Оқушылардың білуі тиіс: графикалық файлдың пішімі дегеніміз не, графикалық редакторларды қандай пішімдер қолдайтынын.

Оқушылардың үйренуі тиіс: көрсетілген графикалық пішімнің файлымен қандай программада қандай жұмыс істеу керектіген анықтауды. Жасалған суреттің пішімін өзгертуді орындауды. Графикалық ақпаратты сығмдаудың қажеттілігін түсіндіруді, сығымдау алгоритміне мысадар келтіруді.

Сабақтың барысы:

I.    Ұйымдастыру кезеңі
II.    Үй тапсырмасын тексеру
III.    Қайталау. Білімді бақылау
IV.    Жаңа білімді қалыптастыру
V.    Жаңа білімді бекіту
VI.    Қорытындылар. Сабақты қорыту
VII.    Бағалау. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу/ Жоқ оқушыларды мұғалімге ескертеді/, таратпа қағаздар бойынша 3 топқа бөлу / Әр түрлі графикалық суреттер бойынша топтастырады/, топ ережелерін сақтау, топта топ басшысын, бақылаушыны, уақытты қадағалаушыны сайлап алу/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өрмекшінің торы әдісі. /оқушылар шеңбер болып тұрып, бір біріне сұрақтар қойып, өрмекшінің торын құрастырады/.

ІІІ. Қайталау. Білімді бақылау:

Постер қорғау. /өтке §19 бойынша копьютерлік графиканың түрлерін қайталау және де жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында әр топ (растрлық, векторлық, фракталдық)постер қорғайды/.

Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.

Өңдеу редакторлары: AdobePhotoshop, CorelPhото

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. СorelDRAW, Adobeillustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

IV. Жаңа білімді қалыптастыру:

Графикалық редакторлар,компьютерлік кескіндер сияқты,растрлық,векторлық және фракталдық графика болып бөлінеді.Сонымен қатар әртүрлі кескіндер түрлерімен жұмыс істейтін басқа программаларға енгізілген графикалық редакторлардың аралас жүйелері бар. Кестеде графикалық редакторлардың үлгілері көрсетілген:

Растрлық редакторлар

Paint, Gimp, Adobe Photoshop

Векторлық редакторлар

Corel Draw, Inkscape

Фрактал генераторлары

Ultra Fractal, Chaoscope

Графикалық файлдың пішімі-графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі.

Графикалық файлдардың пішімін оларда сақталған ақпарат түрлері бойынша жүйелеуге болады.Мысалы:

-растрлық пішімдер - TIFF, GIF, BMP, JPEG;
-векторлық пішімдер - SVG, EPS, WMF;
-аралас пішімдер - EPS, PDF.

Сығымдау-мәліметтердің ақпарат мазмұнын сақтап,көлемін өзгерту.

Түйін

- Графикалық файлдың пішімі-графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі.
- 2D-графикалық ПЖ растрлық,векторлық редакторларына,фракталдық кескіндерді жасайтын программаларға бөлуге болады.
- Графикалық файл пішімдері: растрлық (TIFF,GIF,BMP,JPEG), векторлық (CDR,EPS,WMF) және аралас (EPS,PDF).
- Графикалық редактор-кескіндерді жасауға,өңдеуге арналған программа.

V. Жаңа білімді бекіту:

Топтық жұмыс:

1-топ:

1-тапсырма. Графикалық редактор дегеніміз- _____________________________________

2-тапсырма. Графикалық редакторларға мысалдар келтіріңдер:

Растрлық редактор

 

Векторлық редактор

 

Фрактал генераторлар

 

 

2-топ:

1-тапсырма. Графикалық ақпаратты міндетті түрде сығымдауға тура келетін жағдайға мысалдар келтір.__________________

2-тапсырма. Графикалық пішіндерге мысалдар келтіріңдер:

Растрлық пішіндер

 

Векторлық пішіндер

 

Аралас пішіндер

 

 

3-топ:

1-тапсырма. Сығымдау дегеніміз-_______________________________________________

2-тапсырма. Графиканы сығымдау алгоритміне мысалдар келтір

Шағынсыз сығымдау

Шағынмен сығымдау

 

 

 

ДК жұмыс:

Тапсырмаларды ДК орындау оқулықтан 104 бет:

Стандартты Paint программасында bmp кеңейтуімен файл ашыңдар және gif, содан кейін jpg файл типін көрсеіп, өз бумаларыңда сақтаңдар. Алғашқы және алынған файлдардың көлемін бағалаңдар. Барлық үш файлды кескіндер көретін программа арқылы ашып, сапаларын салыстырыңдар.

Сергіту сәті. (видеоролик )

VI. Қорытындылар. Сабақты қорыту:

Өзіңді тексер!

1. Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер:
A) Corel Draw
B) Paint
C) Chaoscope
D) Inkscape

2. Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?
A) BMP
B) PDF
C) SVG (Inkscape)
D) CDR (CorelDraw)

3. Қандай пішімде сығымдау қолданылады?
A) JPG
B) PDF
C) SVG (Inkscape)
D) CDR (CorelDraw)

4. Графикалық файлдың пішімі-ол ....
А) файлдың кеңейтілуі
В) графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі
С) мәтінді мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі
D) мәліметтерді сығымдайтын алгоритмді көрсету

5. Анимациялық кескіндерді сақтау мүмкіндігі бар графикалық пішімді таңдандар:
A) GIF
B) JPEG
C) EPS (Encapsulated PostScript)
D) TIF (Tagged Image File Format)

1

2

3

4

5

B

A

A

B

A

Рефлексия бөлімі: бағдаршам /егер саған сабақ ұнаса,тапсырманың барлығын сәтті орындасаң-қызыл,егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң-сары, егер сабақты түсінбей сұрақтарың болса-жасыл/.

VII. Бағалау. Үйге тапсырма беру:

Бағалау парағы. Топ аты: ___________________________

Оқушы аты-жөні

 

 

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа білімді бекіту:

 

Өзіңді тексер!

 

 

 

Жалпы ұпай саны:

 

 

 

Баға:

Өрмекшінің торы әдісі.

 

Постер қорғау.

Топтық жұмыс

ДК жұмыс

1

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге §20оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз