Өлең, жыр, ақындар

Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі 
Сабақтың мақсаты
білімділік: жануарлар дүниесінің әртүрлілігі туралы толық түсінік беру 
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылығын дамыту. 
тәрбиелік: табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қаттамалар 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой сергіту, ой түйін, талдау жинақтау әдісі. 
Сабақ барысы 
І Ұйымдастыру кезеңі 
а)психологиялық ахуал 
ә) оқушыларды түгендеу 
б) оқушы зейінін сабаққа аудару 
в) сабақтың мақсатымен таныстыру 
ІІ Үй тапсырмасын сұрау 
Өсімдіктердің қызыл кітапқа енуі 
1. Өсімдіктердің қызыл кітабы деген не? Ол неге керек? 
2. Құрып кету қаупі бар қандай өсімдіктерді білесіңдер? 
3. Өсімдіктерді қалай қорғау керек? 
4. Өсімдіктердің пайдасы қандай? 
Жасыл ине киімім, 
Жайлаймын тау биігін. 
Жаңа жылды тойласаң, 
Төріңдемін үйіңнің 
(шырша) 
Ақ көйлекті көк желек, 
Орманда орны бір бөлек. 
Әннің аты деседі, 
Сызды жерде өседі. 
(қайың) 
ІІІ Жаңа сабақ 
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі 
Жануарлар да тіршілік иесі. Тіршілік ету үшін жанаурларға да адам сияқты түрлі жағдайлар қажет. 
Шөппен қоректенетін жануарларды шөпқоректі, ал қасқыр, жолбарыстарды – жыртқыштар дейді. Аю да жыртқыш аң, ол бірақ балық, балмен, жидекпен де қоректенеді. 

Жабайы және үй жануарларын ата? Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? 
Сергіту сәті 
VІ Жаңа сабақты нығайту 

VІ Жаңа сабақты бекіту 
1. Қандай үй жануарларын білесіңдер? Олар қалай қоректенеді? 
2. Жануарлар қоректенуіне қарай қандай топтарға бөлінеді? 
3. Қандай жануарларды жыртқыштар, шөпқоректілер деп атайды? 
4. Шөп қоректі жануарлардың тіршілігіне не қажет екенін әнгімеле. 
5. Шығармашылық жұмыс. 
VІІ Жаңа сабақты қорыту 
Жұмбақ шешу 
1. Мың найзалы жалғыз батыр, 
Жауыны алғызбай жатыр. 
(кірпі) 
2. Аяғы бар, басы бар, 
Арқалаған тасы бар. 
(тасбақа) 
3. Күні бойын тынбайды, 
Дәмді тағам жинайды 
(құмырсқа) 
4. Терісі бар – жүні жоқ, 
Жүрісі бар – ізі жоқ 
Қанаты бар ұшпайды, 
Су астында қыстайды. 
(балық) 
5. Өзі айлакер, өзі бір қу, 
Жүрген жері айқай да шу. 
(түлкі) 

Өздерің жануарлар туралы қандай мақал-мәтел, жұмбақ, өлеңдерді білесіңдер. 
VІІІ Үйге тапсырма беру 
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі тақырыпты түсініп, оқып келу 
ІХ Оқушылардың білімдерін бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз