Өлең, жыр, ақындар

Еңбекақы. Еңбекақы төлемдері

МОДУЛЬ-2

Пәні: «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынының экономикасы»

Тақырыбы : Еңбекақы. Еңбекақы төлемдері

Мақсаты: Еңбек ақы, еңбек ақы төлеу формалары туралы түсіндіру. Еңбек ақы төлеу жүйелерінің түрлерін пайдалана отырып есептеуді үйрету. Күнделікті өмірмен байланыстыру

Міндеті:

Білімділік:Еңбекақының мәні  және функциялары.Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру. Еңбекақы жүйелері. Еңбеақы төлеу қоры және оның құрамы. Еңбекақы қорын талдау жоспарлау. Еңбек  ақы есептеу жолдарын үйрену

Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің дамуын, есептеулер жүргізу мен тапсырмалар орындауда іс-әрекеттерін жоспарлау, есте сақтау,ойлау, ойды жинақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Бірлесіп топпен жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, орындаушылыққа, әртүрлі ситуацияларда шешім қабылдауға, өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

Нені білу керек?

Нені меңгеру керек?

Еңбек. Еңбек ақы түрлері. Еңбек ақы төлеу жүйелері. Орташа жалақы.Негізгі және қосымша еңбек ақы. Мерзімді еңбек ақы. Кесімді еңбек ақы. Еңбекке жарамыздық төлемі. Еңбек ақы ұсталымдары. Сыйақы.

 

Еңбек ақы. Еңбек ақы төлеу жүйесі

Штатық кесте. Тарифтік жүйе. Еңбек ақы есептеу жолдары. Орташа жалақыны есептеуді.

 Мерзімді еңбек ақы есептеуді. Кесімді еңбек ақыны есетеуді.Еңбек ақыдан ұсталатын төлемдерді есептеуді

 

Модуль бойынша  қолданылатын технологиялар: модульдік оқыту технология, СТО технологиясы, ойын технологиялары

Материалдық техникалық және дидактикалық қамтамасыз етілуі:

Компьютер, интерактивті тақта( видеопректор), слайд, оқулық, жұмыс дәптері, карточкалар, ойын материалдары( құмсағат, бағыттау парағы , ойын ақшалар, жетон. Т.б),тест, бақылау прақашалары, тапсырма бетшелері

 

Негізгі терминдер мен түсініктер:

Еңбек ақы. Штаттық кесте. Тарифтік жүйе. Еңбек ақы есептеу жолдары. Мерзімді еңбек ақы жүйесі. Кесімді еңбек ақы жүйесі

Пәнаралық байланыс:

  1. Бухгалтерлік есеп- еңбек ақы бойынша есептеулер,
  2. Математика- формула бойынша есептер шығару,
  3. Информатика-электронды бағдарламамен жұмыс,
  4. қазақ тілі/әдебиеті-мәтінмен жұмыс
  5. Орыс тілі-терминдер
  6. Ағылшын тілі-теминдер

Оқушыларға берілетін шығармашылық тақырыптары:

  • ҚР еңбек туралы Заңы
  • ҚР жұмыспен қамтылу туралы статистикалық мәліметтер
  • ҚР бойынша бос жұмыс орындары

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  • Өндіріс экономикасы –П.Т.Байнеева Алматы  Триумф «Т»-2014
  • Экономика  теория негіздері-А.Камзина  Алматы.Фолиант баспасы 2008ж
  • «Қаржылық есеп»-Баймұханова С.Б.Алматы.Экономика баспасы 2007ж
  • «Машина жасау өндірісінің экономикасы» Г.Швайковский Алматы.Фолиант баспасы 2010ж
  • Еңбекті мөлшерлеу –Б.Қ. Сәлімбаева Алматы.Экономика баспасы 2001ж
  • Интернет желілерінен материалдар

Бөлім

Бөлінетін сағат

Сабақтың мазмұны мен түрі,

қолданылатын технологиялар

Уақыт

 

Кіріспе

 

1

  1. Ой қозғау сұрағы
  2. БҮҮ« Бүгінгі сабақтан не күтеді?»
  3. Тірек сызба арқылы тақырыпты таныстыру
  4. Оқулықпен, дәптермен жұмыс
  5. Қортыныдылау, үйге тапсыма

 

5мин

5 мин

20 мин

10 мин

5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

2

Оқу материалын меңгерту

  1. «Қарлы кесек»ойыны арқылы оқыта меңгерту
  2. «5 жол өлең» қорытындылау
  3. Үйге тапсырма

 

35 минут

5 минут

5 минут

3

Білімді дамыту( практикалық)

  1. Негізгі еңбек ақы, қосымша еңбек ақы түрлері түрлері
  2. Есептеулер жүргізу
  3. Қорытындылау «Вен диаграммасы»
  4. Үйге тапсырма

 

10 минут

27 минут

5 минут

3 минут

4

Білімді пысықтау, қорыту(практикалық)

  1. Мерзімді еңбекақы және кесімді еңбекақы жүйелерін бойынша есептеулер жүргізу
  2. Қатемен жұмыс
  3. Қорытыныдылау « Ұқсастық пен даралық»
  4. Үйге тапсырма

 

30мин

 

8мин

5мин

2мин

 

5

Білім мен іскерлік дағдыларын бекіту

  1. «Бақытты сәт» ойыны (топтық сайыс)
  2. Қорытындылау
  3. Үйге тапсырма

 

45мин

3мин

2мин

 

Қорытынды бөлім

6

Білім мен іскерлік дағдыларын тексеру

  1. Тест
  2. Бақылау жұмысы
  3. Қорытыныдылау бағалау

 

15 мин

25мин

5мин

 

Кіріспе  бөлім. 1- сабақ

Күні___________

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Еңбекақының мәні  және функциялары.Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру. Еңбекақы жүйелері. Еңбеақы төлеу қоры және оның құрамы. Еңбекақы қорын талдау жоспарлауды меңгерту

Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің дамуын, есептеулер жүргізу мен тапсырмалар орындауда іс-әрекеттерін жоспарлау, есте сақтау,ойлау, ойды жинақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Бірлесіп топпен жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, орындаушылыққа, әртүрлі ситуацияларда шешім қабылдауға, өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: білім беру, жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың ұйымдастыру түрі: жеке

Сабақта қолданылатын технологиялар: модульдік оқыту технология, СТО технологиясы

Материалдық техникалық және дидактикалық қамтамасыз етілуі:

Компьютер, интерактивті тақта( видеопректор), слайд, оқулық, жұмыс дәптері, сызбалар, тапсырма бетшелері

 

Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру (студенттерді түгендеу, студенттердің назарын аудары, жағымды ахуал туғызу)
  2. Сабақтың тақырыбын таныстыру
  3. Ой қозғау сұрағы

 

ЕҢБЕК АҚЫ

 
 

 

 

 

 

 

  1. БҮҮ

Білемін

Үйренгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру

 

ЖАЛАҚЫ

Овал: ЖАЛАҚЫЖалақы- еңбектің бағасы.

 

Егер  жалақыны  еңбек сіңірілген уақытпен  байланысты  тағайындаса, онда бұндай жалақы мерзімді деп аталады

Егер жалақы әзірленген өнімдер(дайын бұйымдар немесе (операциялар) санынан шығатын табыспен байланысты жорамалданса, кесімді деп аталады

 

 

 

 

 

 

КЕСІМДІ ЖАЛАҚЫ

Тура кесімді

Шығарылған өнім саныны жұмыс бірлігі үшін кесімді бағалауға көбейтумен анықталады

 

Кесімді сыйақылы

Тура қкесімді жалақыға белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштер үшін берілетін сыйлық қосылады

Аккордты

Алдын ала кесілген мерзімге белгілі бір жұмыс көлемін орындағаны үшін тағайындалады

Аккордты-сыйақылы

Аккорды жалақыға белгілі бір сапалық көрсеткіштер немесе келісілген жұмыс көлемін мерзімінен бұрын орындағаны үшін қосымша ақы төлеу болжанады

 

Кесімді –прогрессивті

Берілген норма шегінде атқарылған жұмыс көлеміне, ал нормадан асырғанда  анағұрлым жоғары бағалауды қолдану болжанады

Мерзімді жалақы

Жай мерзімді

Еңбек сіңірілген уақытпен пропорционалды

Мерзімді сыйақылы

Жұмыскердің ыждағатты, материалды үнемдегені немесе қандайда бір шартты орындағаны үшін жай мерзімді жалақыға қосымша төлеу жүйесі

 

       
 
 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


< >Оқулықпен, жұмыс дәптермен жұмыс

Қорытындылау, студенттерді бағалау

Үйге тапсырма

Еңбек ақы. Еңбек ақы түрлері, формалары

Оқу материалын меңгерту  2-сабақ

Күні___________

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Еңбекақының мәні  және функциялары.Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру. Еңбекақы жүйелері. Еңбеақы төлеу қоры және оның құрамы. Еңбекақы қорын талдау жоспарлау. Еңбек  ақы есептеу жолдарын үйрену

Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің дамуын, есептеулер жүргізу мен тапсырмалар орындауда іс-әрекеттерін жоспарлау, есте сақтау,ойлау, ойды жинақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Бірлесіп топпен жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, орындаушылыққа, әртүрлі ситуацияларда шешім қабылдауға, өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: оқу материалын меңгерту

Сабақтың ұйымдастыру түрі: топтық

Сабақта қолданылатын технологиялар: модульдік оқыту технология, СТО технологиясы

Материалдық техникалық және дидактикалық қамтамасыз етілуі:

Компьютер, интерактивті тақта( видеопректор), слайд, оқулық, жұмыс  ойын материалдары( құмсағат, бағыттау парағы ,  жетон,бағалау парағы) «5жол өлең»парақшасы

Жүрісі:

Ұйымдастыру (студенттерді түгендеу, студенттердің назарын аудары, жағымды ахуал туғызу)

Үйге тапсырманы тексеру ( топқа бөлініп сұрақ қояды)

Ойыннының жүрісімен таныстыру

 

  1. «Қарлы кесек»ойыны арқылы оқыта меңгерту

Қатысушыларға бағыттауыш парағын және жетоны таратылады. А үстелінің басына А әрпі бағыттауыш парағы және жетоны бар студенттер отырады. Б әрпін алғанда Б үстеліне ,т.с.с. жалғаса береді. Оқытушы әр столда отырғандарға тақырыптар белгіленеді . 5столға -5 тақырыпша. 5 адамнан тұратын топ 7 минут шамасында оқу және қосымша  әдебиеттерді қолданып , жауа іздейді, оны тезис түрінде жазып алады.Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң , І тур жарияланады.Студенттер орындарынан тұрып , әрқайсысы өздерінің  бағыттау парағы бойынша  жаңа орынға отырады.Бір турдың уақытын әр столда отырған әр ойыншы сөйлеп , өз көзқарастарын  айтып үлгеретіндей  есеппен белгілейді(7-10 мин).

Топ мүшелерін тыңдап болған соң , әрбір оқушы  өз жауабын  неғұрлым қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлеледенген деп есептейтін сөйлеушінің номерін анықтап, оның номерін өзінің бағыттау  парағындағы «ең жақсы сөйлеуші» жолына жазып алады. І тур аяқалған соң ІІ тур басталады. Барлық тур (ІІІ-IV-V) біткен соң, студенттер өз орындарына қайта оралып, олардың бағыттау парақтары жиналады. Және нәтижесі ортақ бағалау парағына жазады. Сол бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы команда анықталады.

Командаларға дайындалуға берілетін тақырыптар:

  • Еңбек ақы мәні және қағидалары
  • Тарифтік жүйе, еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі  оның мәні мен мазмұны
  • Мерзімді еңбекақы тлеу жүйесі
  • Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі
  • Тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесі
  1. «5 жол өлең» қорытындылау

5 жол өлең

  1. Тақырыпты суреттейтін бір сөз.

          Зат есімнен құралған бір сөз

  1. Тақырыптың қасиетін білдіретін  екі сөз.

         Сын есімнен құралған екі сөз

  1. Тақырыпқа қатысты  іс-әрекетті көрсететін үш сөз

           Үш етістік

  1. Тақырыпқа қатысты төрт сөз тіркесі немесе төрт сөйлемнен құралған бір сөйлем
  2. Тақырыптың мәнін нақтылайтын бір синоним

 

  1. Үйге тапсырма: Кестені толтыр

Жалақы жүйелері

  •  

 Аула сыпырушы

  •  

Құрылысшы

Сатушы

Жай мерзімді жалақы жүйесі

 

 

 

 

 

Мерзімді сыйақылы жалақы жүйесі

 

 

 

 

 

Тура кесімді жалақы жүйесі

 

 

 

 

 

Кесімді сыйақылы жалақы жүйесі

 

 

 

 

 

Кесімді прогрессивті жалақы жүйесі

 

 

 

 

 

Аккорды жалақы жүйесі

 

 

 

 

 

Аккорды сыйақылы жалақы жүйесі

 

 

 

 

 

Жай мерзімді жалақы жүйесі

 

 

 

 

 

Білімді дамыту( практикалық)3-сабақ

Күні___________

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Незігі және қосымша еңбек ақыны ажырата білу.Олардың түрлері бойынша есептеуді үйрету.

Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің дамуын, есептеулер жүргізу мен тапсырмалар орындауда іс-әрекеттерін жоспарлау, есте сақтау,ойлау, ойды жинақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Өз табысын есептеу ді үйрене отырып, орындаушылыққа, әртүрлі ситуацияларда шешім қабылдауға, өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: білім беруді дамыту, практикалық

Сабақтың ұйымдастыру түрі: жеке, топтық

Сабақта қолданылатын технологиялар: модульдік оқыту технология, СТО технологиясы

Материалдық техникалық және дидактикалық қамтамасыз етілуі:

Компьютер, интерактивті тақта( видеопректор), слайд, оқулық, жұмыс дәптері, тезистер жазылған бетшелер , тапсырмалар жазылған бетшелер, орындау нұсқаулықтары

 

Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру (студенттерді түгендеу, студенттердің назарын аудары, жағымды ахуал туғызу)
  2. Үйге тапсырманы тексеру (студенттерді тыңдай отырып,талқылау, қателерін түзету)
  3. Сабақтың тақырыбын таныстыру

«Негізгі еңбек ақы, қосымша еңбек ақы түрлері түрлері»

Тақырыпты мәтіні беріледі. Мәтінді оқи отырып «Инсерт» тәсілі бойынша белгілейді

  • білемін, ойыммен сәйкес келеді

        -     Ойыма  сәйкес емес(қарама-қайшы)

       +    мен үшін жаңалық

       ?    таңғалдырды, түсінбедім

        Өз пікірлерімен бөліседі

 Тезистер:

Еңбек ақы төлемдері

І.Негізгі еңбек ақы –бұл қызметкерлерге нақты жұмыс пен өтелген уақыты үшін , орындаған жұмыстары  мен өнеркәсіптік  өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы  бойынша  есептелетін жалақы. Оның құрамына:

  1. Жұмысшының негізгі қызметі үшін еңбекақысы(мерзімді және кесімді еңбек ақы төлеу жүйесі бойынша есептелген ақы)
  2. Қызметпен өткерген жылдар үшін еңбек ақы;
  3. Жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді еңбек ақы алушыларға қосымша қызмет
  4. Үдемелі бағалаулар бойынша  қосымша ақы
  5. Ақшалай жән натуралды сыйықылар
  6. Мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы
  7. Түндегі жұмыстары үшін қосымша ақы(түнгі 22.00-ден 6.00 уақы аралығындағы жұмыс үшін. Егер жұмысшының түнгі смендегі уақыты 50%дан кем болмаса онда сағаттық тарифтік ставкасының 1,5 есе кем емес төленеді)
  8. Мереке күндеріндегі және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін төлемдер (бұл күндердегі жұмысы үшін бекітілген сағаттық тарифтік ставканың екі еседен кем болмауы тиіс)
  9. Жұмысшының кінәсінен емес тұрып қалу(бұндай жағдайда жұмыс беруші жұмысшыны келісімінсіз бір айдан кем емес уақытқа  мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыруына болады,еңбек ақысы жұмысшының алдыңғы алған табысынан кем болмауы тиіс.)
  10. Денсаулығына зиян келгендегі төлемдер. Егер жұмыс кезінде денсаулығына зиян келіп, емделіп болғаннан соң бұрынғы жұмысына жасай алмайтын жағдайда жұмыс беруші жеңіл жұмысқа ауыстырады және алдыңғы жалақысы мен айырмашылығын төлеп отырады. Егер бас тартқан жағдайда келісім-шарт тоқтатылады.
  11. Тегін сүт өнімдері мен басқада осы тектес тағам беру

ІІ.Қосымша жалақы

  1. ҚР еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:
  1. Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді  орындау уақыты
  2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу
  3. Нәрестені тамақтандыруға арналған қосымша үзілістерді төлеу
  4. Кезекті және оқу демалыстарын төлеу
  5. Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы
  6. Жұмыстан босаған кездегі  шығу жәндеақысы.

     ҚР еңбек жасы әйелдер үшін 16-дан 58-ге дейін, ерлер үшін 16-дан 63-ке дейін.

    Қалыпты жұмыс уақыты  аптасына-40сағат,(5күндік жұмыс аптасыда тәулігіне-8сағат; 6 күндік жұмыс аптасында-7 сағат). 16мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге аптасына-36 сағаттан аспауы тиіс(күніне-7сағат 12мин) 15-тен 16 жасқа дейінжұмыс уақыты аптасына-24 сағаттан аспауы керек.

  • Нәрестені тамақтандыру үшін  1жасқа дейінгі балалы аналарға әрбір үш сағаттан соң 30 минуттық үзіліс беріледі. Бұл үзілістер орташа сағаттық жалақы бойынша төленеді.
  • Орташа жалақыны есептеу –жұмысшы,қызметткердің жұмысқа уақытша жарамсыздығына жәрдемақы есептеуге, басқада жәрдемақы еесептеу(жүктілік пен босануға байланысты), еңбек демалысы үшін, демалыс күндерідегі жұмысы үшін өтемақы есептеуге қолданылады. Ол үшін соңғы 12 айдағы еңбек ақысының орташа есебі алынады.орташа жалақыны есептеу кезінде мынадай төлемдер  ескерілмейді  (ҚРҮкіметінің26.03.97ж.№419 қаулысы)

-пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы

-материалқы көмек түріндегі ақшалай жәрдемақы;

  •  

-тәулікақының  орнына жалақыға қосылатын қосымшалар мен төлемдер,

-арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің, арнайы тамақтың құны;

-біржолғы көтермелеу төлемдері;

-Бағалы қағаздар бойынша дивиденттер;

-Оқушылармен студенттердің стипендиялары;

-Қызметкерге келтірілген залал бойынша өтемақылар

  • Кезекті еңбек демалысын есептеу
  1. Орташа айлық еңбекақыны есептеу

Орт айлық ең/ақы=

  1. Орташа күндік ақы=

Орташа бір айдағы жұмыс күні=

  1. Демалысқа төлемі=орташа күндік ақы* демалысқа берілген күндер саны

 

  • Еңбекке уақытша жарамсыздығы үшін төлемді есептеу.

    Сырқаттанғанда, жарақаттанғанда,санаторилік-курорттық емделгенде, отбасы мүшелері ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда,карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбекке жарамсыздық қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Жалақының 100%мөлшеріндегі  жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай-ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінг оқушылар)3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге  беріледі;80%-ті мөлшерінде-үздіксіз жұмыс стажы 5-8 жыл болса; 60%-үздіксіз жұмыс стажы-5 жыл болса беріледі.

Еңбек ақыдан ұсталатын төлемдер

  1. Міндетті зейнетақы жарнасы- 10% көлемінде әр жұмыс жасайтын жұмысшы,қызмметкерлерден ұсталады.
  2. Жеке табыс салығы -10% көлемінде
  3. Кәсіподақ төлемдері-жұмысшының қалауы бойынша еңбекақыдан1% ұсталады
  4. Сот шешімімен ұсталатын төлемдер (жұмысшының кінәсінен болған материалдық шығын сомасы, алимент) алимент- сот шешімнің құжаты келген күннен бастап кәмелетке толмаған балалары бар ата-анасынана  ай сайын мына мөлшерде: еңбек ақысының бір балаға-1/4 мөлшерінде, екі балаға-1/3, үш және одан көп балаларына-1/2 мөлшерінде ұсталады. Жалпы алимент көлемі еңбек ақының 50% аспауы тиіс.
  1. Тақырыпты дамыту.Есептеулер жүргізу

Есеп №1

Қызметкердік орташа айлық жалақысы 36800 теңге, еңбек өтілі 7 жыл. Ағымдағы жылдың ақпан айында  8 жұмыс күні еңбекке жарамсыздық парақшасын тапсырған. Еңбекке жарамсыздық бойынша төлемін есептеңдер.

Есеп №2

Егер қызметкердің орташа айлық жалақысы 68900 теңге болса , 24 күндік кезекті еңбек демалысы үшін төлем мөлшері қандай болмақ?

Есеп №3

Қызметкердің орташа жалақы мөлшерін есептеңіз?

Айлар

Төлем түрі

сомасы

Айлар

Төлем түрі

сомасы

Қаңтар

Негізгі еңбек ақы

48700

Шілде

Негізгі еңбек ақы

48700

Ақпан

Негізгі еңбек ақы

48700

Тамыз

Негізгі еңбек ақы

48700

Наурыз

Негізгі еңбек ақы

Наурыз мерекесіне орай сыйақы(15000)

63700

Қыркүйек

Негізгі еңбекақы

9 айдың қоры-тындысы бойынша сыйақы(20000)

 

68700

Сәуір

Негізгі еңбек ақы

48700

Қазан

Негізгі еңбек ақы

48700

Мамыр

Еңбекке жарамыздығы бойынша төлем

 

32580

Қараша

Негізгі еңбек ақы

48700

маусым

Негізгі еңбек ақы

48700

Желтоқсан

Негізгі еңбек ақы

46922

 

  1. Қорытындылау «Вен диаграммасы»

НЕГІЗГІ ЕҢБЕК АҚЫ

Овал: НЕГІЗГІ ЕҢБЕК АҚЫ

ҚОСЫМША ЕҢБЕК АҚЫ

Овал: ҚОСЫМША ЕҢБЕК АҚЫ

 

 

 

 

< >Студенттерді бағалау

Үйге тапсырма:Қазақстан Республикасы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметтер жазып әкелу

Білімді пысықтау, қорыту . 4-сабақ

Күні___________

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Еңбекақы жүйелері. Еңбек  ақы  жүйесі бойынша есептеу жолдарын үйрену

Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің дамуын, есептеулер жүргізу мен тапсырмалар орындауда іс-әрекеттерін жоспарлау, есте сақтау,ойлау, ойды жинақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Бірлесіп топпен жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, орындаушылыққа, әртүрлі ситуацияларда шешім қабылдауға, өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың ұйымдастыру түрі: жеке, топтық

Сабақта қолданылатын технологиялар: модульдік оқыту технология, СТО технологиясы, практикалық

Материалдық техникалық және дидактикалық қамтамасыз етілуі:

Компьютер, интерактивті тақта( видеопректор), слайд,  тапсырма бетшелері, есептерді шығаруға арналаған нұсқаулық.

Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру (студенттерді түгендеу, студенттердің назарын аудары, жағымды ахуал туғызу)
  2. Үйге тапсыманы тексеру
  3. Тапсырма бетшелерін, есептеу нүсқаулықтарын үлестіру

 

  1. Мерзімді еңбекақы және кесімді еңбекақы жүйелерін бойынша есептеулер жүргізу

 

ТАПСЫРМА:Еңбекақы есептеудің түрлі әдістерін пайдалана отырып, жалақыны есептеңдер

  1. Мерзімді еңбек ақы есептеу:

Шаруашылықта 200 қызметкердің 150-і жұмысшы, 50-қызметкер. Солардыің ішіндегі 40 адамға төмендегідей қызметтік оклад белгіленген: 9 разрядтты- 10адам;11 разрядтты-15 адам;14 разрядты-5 адам; 16 разрядтты-5 адам; 19разрядтты-3адам;21 разрядтты-2адам.

Айлық оклады =1разрядтық ставка*1 разрядттың тарифтік коэфиценті

Мекеменің ұжымдық келісім-шартында 1разрядттық ставка -15000 теңге деп бекітілген. Сонымен қатар мекеменің жұмыс режимі-аптасына 5 күндік. (ағымдағы айда-21 жұмыс күні). 14-ші разрядтты 3 жұмысшы ағымдағы айда 18 күн жұмыс жасады.

Есепті шығару үшін «Біріңғай тарифтік кестені» пайдаланыңыздар:

Біріңғай тарифтік сетка разряды

(1разрядқа) тарифтік коэфицент

Біріңғай тарифтік сетка разряды

(1разрядқа) тарифтік коэфицент

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05

 

 

9 разрядтты- 10адам еңбек ақысы   =15000*1,78(/21жұм.күн*21 келген күн)*10 =267000теңге

11 разрядтты-15 адам еңбек ақысы =

14 разрядты-3 адам еңбек ақысы    =

14 разрядты-2 адам еңбек ақысы    =

16 разрядтты-5 адам еңбек ақысы  =

19 разрядтты-3адам;еңбек ақысы  =

21 разрядтты-2адам еңбек ақысы  =

Барлығы:                                          теңге

2.Кесімді прогрессивті әдіс бойынша еңбекақы есептеу:  Өткізу мекемесінің 10 қызметкеріне төмендегідей еңбекақы белгіленген: әрбір сатылған 100 дана тауарға- 1000 теңге және 100-ден артық сатылған әрбір дана тауарға 200 теңге. Ағымдағы айда 5 қызметкер-230 дана, 3 қызметкер-190 дана, 2қызметкер-160дана тауар сатқан.

230дана тауар өткізген қызметкерлер еңбек ақысы=(1000+(230-100)*200)*5=135000 теңге

190дана тауар өткізген қызметкерлер еңбек ақысы=

160дана тауар өткізген қызметкерлер еңбек ақысы=

Барлығы:                             теңге

3.Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі. Негізгі өндіріс жұмысшыларына  әр дайындалған 100дана тауарға 850 теңге төленеді. Ағымдағы айда 300000дана тауар дайындалған.

  Барлығы:                               теңге

4.Аккордтты еңбекақы жүйесі. Қосалқы өндіріс қызметкерлеріне аккорттық жүйе бойынша еңбекақы төленеді.шаруашылықтың цехін жөндеуге 300000 теңге, 140 адам/сағаты бөлінген. Оның ішінде: 40/адам/сағаты-2 ағаш шеберінікі, 30 адам/сағаты-5 дәнекерлеушінікі; 10 адам/сағаты- 3электрик;

50 адам/сағаты-25 слақшылар және 10адам/сағаты-5 жөндеуші уақыты.

Ағаш шеберінің еңбек ақысы—300000/140*40= 85714 теңге (2жұмысшыға уақыты бірдей болған жағдайда 85714/2 =42857 теңгеден бөлуге болады)

Дәнекерлеушілереңбекақысы:-

Электриктер еңбекақысы:-

Сылақшылар еңбекақысы:-

Жөндеушілер еңбекақысы:-

Барлығы: 300000 теңге

Еңбекақыдан ұсталатын  төлемдер

  1. Міндетті зейнетақы жарнасы- еңбек ақы мөлшеріне қарай 10 пайыз көлемінде ұсталады.
  2. Табыс салығы- еңбек ақыдан 10 пайыз мөлшерінде ұсталады.
  3. =есептелген еңбекақы-МЗЖ)*10%
  4. Кәсіподақ жарнасы- жұмысшының еркі бойынша, егер кәсіподаққа мүше болса міндетті түрде табысының 1 пайызы ұсталады.
  5. Сот шешімімен ұсталатын төлемдер: алимент (бала санына қарай), жұмысшының кесірінен болған ақауларды өтеу, несиеге тауар алғандағы төлемдер.т.бс.с.

р/с

Жұмысшы разряд

Есептелген еңбек ақы

Еңбек ақыдан ұсталатын төлемдер(теңге)

Қолға берілетін еңбек ақы

МЗЖ 10%

Табыс салығы-10%

Кәсіподақ жарнасы-1%

Барлық ұсталғаны

1

2

3

4

5

6

7

8

1

9 разряд

 

 

 

 

 

 

2

11 разряд

 

 

 

 

 

 

3

14 разряд

 

 

 

 

 

 

4

16 разряд

 

 

 

 

 

 

5

19 разряд

 

 

 

 

 

 

6

21 разряд

 

 

 

 

 

 

 

барлығы

 

 

 

 

 

 

 Есепті шығаруға арналған көмекші формулалар:

Б3=15000*тариф.коэф(әр разрядтың)                         Б4=Б3*10%                 Б5=(Б3-Б4)*10%

Б6=(Б3-Б4)*1%                           Б7=Б4+Б5+Б6                      Б8=Б3-Б7.

  1. Қатемен жұмыс

Студенттердің есептеу жұргізу барысында жіберген қателерін тексеру, талқылау, талдау, түзету жасау

  1. Қорытыныдылау « Ұқсастық пен даралық»
  1. Үйге тапсырма

«СМС жауаптары» сөзжұмбақ құрастыру

Білім мен іскерлік дағдыларын бекіту. 5-сабақ

Күні___________

Сабақтың мақсаты:

  • Еңбек ақы және еңбекақы жүйелері» тақырыбы бойынша  меңгерген білім-білік дағдыларын ойын«Бақытты сәт » ойыны арқылы пысықтап бекіту.

Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің дамуын, есептеулер жүргізу мен тапсырмалар орындауда іс-әрекеттерін жоспарлау, есте сақтау,ойлау, ойды жинақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:Бірлесіп топпен жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, орындаушылыққа, әртүрлі ситуацияларда шешім қабылдауға, өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Пән аралық байланыс: бухгалтерлік есеп, Менеджмент және маркетинг негіздері, ағылшын, орыс тілдері пәні

Ойынға керекті құрал-жабдықтар: Секундомер(құмсағат), ортақ бағалау парағы, фишкалар немесе жасанды ақша,  конкурс тапсырмалары парақшалары, жауап үлгілері парақшалары

Жүрісі:

Сабақты ұйымдастыру(студенттердің сабаққа қатынасын тексеру, назарын аударту)

Топ студенттерін шағын екі топқа бөлу

Ойынның шартымен таныстыру

Ойынның шарты:

1гейм. Бой сергіту

Қатысушыларға сұрақтар оқылады. Қай команда дайын сол команда қоңыраулық белгі беріп жауап беруге болады. Әр жауапқа 10 ұпай. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі командаға мүмкіндік беріледі

Сұрақтар:

 

  1. Қызметкерлер немесе жұмысшылардың жааған еңбегі ,өтелген уақыты үшін төленетін төлем
  2. Еңбек дегеніміз не?
  3. Еңбек ресурстары дегеніміз не?
  4. Жалақы дегеніміз не?
  5. Қалыпты жұмыс уақыты аптасына неше сағат?
  6. Еңбек етуге қабілетті жас?
  7. ҚР еңбек ету қандай заң негізінде жасалады?
  8. Жұмыссыздықтың түрлерін ата
  9. Сыйақының қандай түрлері бар?
  10. Түнгі смендегі жұмыс дегеніміз не?
  11. Мерзімнен тыс жұмыс уақыты дегеніміз не?
  12. Бала күтіміне демалыс уақыты қанша уақытты көрсетеді?
  13. Еңбекақыдан ұсталатын төлемдерге не жатады?
  14. Алимент дегеніміз не?
  15. Еңбекке жарамсыздық төлем дегеніміз не? Және ол қалай төленеді?
  16. МЗЖ еңбек ақының қанша пайызын құрайды?
  17. Жеке табыс салығы еңбек ақының қанша пайызды құрайды?
  18. Кезекті еңбек демалысы алғаш жұмысқа кірген адамға қанша уақыттан кейін беріледі?
  19. Сот шешімімен ұсталатын сомаларға не жатады?
  20. Орташа  бір айдағы жұмыс күні коэфиценті қандай және ол қалай есептеледі?

 

ІІ-гейм. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар» Команда мүшелері  бөшкеден  еңбекақы есептеудің түрлері жазылған қағаздар  шығады. Аталымдарды анықтамаларына сәйкестендіру қажет. Әр дұрыс жауапқа 20  ұпай

Дұрыс жауатары:

Аталымдар

Анықтамалары

Жай мерзімді жалақы жүйесі

Еңбек сіңірілген уақытпен пропорционалды

Мерзімді сыйақылы жалақы жүйесі

Жұмыскердің ыждағатты, материалды үнемдегені немесе қандайда бір шартты орындағаны үшін жай мерзімді жалақыға қосымша төлеу жүйесі

Тура кесімді жалақы жүйесі

Шығарылған өнім саныны жұмыс бірлігі үшін кесімді бағалауға көбейтумен анықталады

Кесімді сыйақылы жалақы жүйесі

Тура қкесімді жалақыға белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштер үшін берілетін сыйлық қосылады

Кесімді прогрессивті жалақы жүйесі

Берілген норма шегінде атқарылған жұмыс көлеміне, ал нормадан асырғанда  анағұрлым жоғары бағалауды қолдану болжанады

Аккорды жалақы жүйесі

Алдын ала кесілген мерзімге белгілі бір жұмыс көлемін орындағаны үшін тағайындалады.

Аккорды сыйақылы жалақы жүйесі

Аккорды жалақыға белгілі бір сапалық көрсеткіштер немесе келісілген жұмыс көлемін мерзімінен бұрын орындағаны үшін қосымша ақы төлеу болжанады

 

ІІІ гейм. «Жұмбақтас» Командаларға еңбекақы есептеу жүйелері бойынша есептеудің әртүрлі әдістеріне байланысты  есептер беріледі.  Әр дұрыс жауапқа 50ұпай.

Айлық оклады =1разрядтық ставка*1 разрядттың тарифтік коэфиценті

Мекеменің ұжымдық келісім-шартында 1разрядттық ставка -45000 теңге деп бекітілген. Сонымен қатар мекеменің жұмыс режимі-аптасына 5 күндік. (ағымдағы айда-21 жұмыс күні). Есепті шығару үшін «Біріңғай тарифтік кестені» пайдаланыңыздар:

Біріңғай тарифтік сетка разряды

(1разрядқа) тарифтік коэфицент

Біріңғай тарифтік сетка разряды

(1разрядқа) тарифтік коэфицент

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05

 

 

9 разрядтты- 10адам еңбек ақысы   =

11 разрядтты-15 адам еңбек ақысы =

14 разрядты-5 адам еңбек ақысы    =

16 разрядтты-5 адам еңбек ақысы  =

19 разрядтты-3адам;еңбек ақысы  =

21 разрядтты-2адам еңбек ақысы  =

Барлығы:                                          теңге

2.Кесімді прогрессивті әдіс бойынша еңбекақы есептеу:  Шетелдік косметика сату фирмасы  10 сатушысына төмендегідей еңбекақы белгіленген: әрбір сатылған 100 дана тауарға- 1000$ және 100-ден артық сатылған әрбір дана тауарға 10$. Ағымдағы айда 3 қызметкер-260 дана, 5 қызметкер-210 дана, 2қызметкер-190дана тауар сатқан.

260дана тауар өткізген қызметкерлер еңбек ақысы=

210дана тауар өткізген қызметкерлер еңбек ақысы=

190дана тауар өткізген қызметкерлер еңбек ақысы=

Барлығы:                             теңге

3.Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі. Негізгі өндіріс жұмысшыларына  әр дайындалған 100дана тауарға 900 теңге төленеді. Ағымдағы айда 350000дана тауар дайындалған.

  Барлығы:                               теңге

4.Аккордтты еңбекақы жүйесі. Қосалқы өндіріс қызметкерлеріне аккорттық жүйе бойынша еңбекақы төленеді.шаруашылықтың цехін жөндеуге 900000 теңге, 140 адам/сағаты бөлінген. Оның ішінде: 40/адам/сағаты-2 ағаш шеберінікі, 30 адам/сағаты-5 дәнекерлеушінікі; 10 адам/сағаты- 3электрик; 50 адам/сағаты-25 слақшылар және 10адам/сағаты-5 жөндеуші уақыты.

Ағаш шеберінің еңбек ақысы—

Дәнекерлеушілереңбекақысы:-

Электриктер еңбекақысы:-

Сылақшылар еңбекақысы:-

Жөндеушілер еңбекақысы:-

Барлығы: 900000 теңге

ІV-гейм. «Сен -маған, мен-саған» Командалар тақырып бойынша өздері дайындаған «СМС жауаптары»деп аталатын 10 сұрақтан тұратын сөзжұмбақтарын бір біріне табыстайды, онда көрсетілген бос орындарға дұрыс жауабын қоюлары тиіс.

V гейм.  «Көсемдікке ұмтылу» «Еңбек ақы» тақырыбының бөлімдері  бойынша капитан командалары жауап береді.

Негізгі ұсынылатын тақырыптар:

Еңбек ақының мәні және қағидалары

Тарифтік жүйе , еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі  оның мәні мен мазмұны

Қосымша еңбекақылар және олардың есептелу жолдары

Мерзімді және кесімді еңбек ақы жүйесі

Командалар капитаны дайындалып болғанша үш тілді меңгерту мақсатында «Полиглот»сайысы өтеді. Дұрыс жауап берген әр жауапқа 500 ұпай

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Еңбек ақы

Заработная плата

Salary

Сыйақы

Премия, вознаграждение

Premium, remuneration

Демалыс

выходной

Weekend

Жұмыс жасау

работать

To work

Салық

налог

Tax

Жарна

плата

Fee

Төлем

оплата

Payment

пайда

прибыль

Profit

қосымша ақы

доплата

Surcharge

Табыс салығы

Подоходный налог

Income  taxe

Тарифтік кесте

Тарифная сетка

Tariff scale

ұсталым

удержание

Retention

Еңбек демалысы

отпускные

vacation

 

Сайысты қорытындылау, жеңімпаздарды анықтау

Студенттерді бағалау

Үйге тапсырма:   7-тақырып. Еңбекақы төлеу -156-187 беттер оқу

 

Білім мен іскерлік дағдыларын тексеру. 6-сағат

Күні___________

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Еңбекатақырыбы бойынша алған білім-білік дағдыларын тексеру, тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау

Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып, студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің дамуын, есептеулер жүргізу мен тапсырмалар орындауда іс-әрекеттерін жоспарлау, есте сақтау,ойлау, ойды жинақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Өзін –өзі бағалай білуге, еңбексүйгіштікке, үнемшілдікке, өзара сыйластыққа, өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: қорытындылау бектіу

Сабақтың ұйымдастыру түрі: жеке, топтық

Сабақта қолданылатын технологиялар: модульдік оқыту технология, СТО технологиясы

Материалдық техникалық және дидактикалық қамтамасыз етілуі:

Компьютер, интерактивті тақта( видеопректор), слайд, карточкалар, тест, бақылау парақашалары, тапсырма бетшелері

 

Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру (студенттерді түгендеу, студенттердің назарын аудары, жағымды ахуал туғызу)
  2. Үйге тапсыманы тексеру «сандықша» тәсілімен. Студенттер сұрақтарын қағазға жазып сандықшаға салады, студент суырып жауап береді
  3. Тапсырмалармен таныстыру

Қорытындылау тест

  1. Жұмыссыздарды тіркейтін және оларды еңбекке орналасуына  жәрдемдесетін мекеме
  1. Еңбек банкі
  2. Еңбек биржасы
  3. Еңбек үйі
  4. Еңбек департаменті
  1. Еңбек ақыдан ұсталмайды.
  1. Табыс салығы
  2. Міндетті зейнетақы жарнасы
  3. Сот шешімімен ұсталатын сома
  4. Қарыз сомасы
  1. Орташа еңбек ақы есептеу қандай жағдайда қолданылмайды?
  1. Кезекті еңбек демалысын есептеуге
  2. Негізгі еңбекақыны есептеу үшін
  3. Жәрдемақы есептеуге
  4. Демалыс күндері жұысы үшін төленетін ақы есептеу үшін
  1. Алимент бір балаға мөлшері қандай болады?
  1. 25 пайыз
  2. Еңбек ақының 1/3 бөлігі
  3. Еңбек ақының 50 пайызы
  4. Екбек ақының  75 пайызы
  1. Егер жалақы мөлшері еңбек сіңірілген уақытпен тағайындалса онда ол,....деп аталады
  1. Мерзімді  жалақы
  2.  Кесімді жалақы
  3.  Аккортты еңбек ақы төлеу жұйесі
  4. Сыйақы
  1. Аккорды жалақы төлеу жүйесін қолданып ақы төлеумына мамандықтардың қайсысына тиімді?
  1. Мұғалім
  2. Студент
  3. Құрылысшы
  4. Есепші
  1. Жалақы тұжымрымдамасына мыналардың қайсысы жатпайды
  1. Аңдамның жұмсаған еңбегі( ақыл-ойы, күш қуаты үшін) ақы  төлеу
  2. Еңбектің құны
  3. Адамның жұмсаған күші, ақыл ой еңбегі
  4. Меншік иесінің өзіне тиесілі еңбек ресурсын экономикалық тұрғыдан  іске асыру құқығы
  1. Түнгі смендегі жұмысуақыт қай уақытты құрайды
  1. 22.00-6.00
  2. 18.00-24.00
  3. Демалыс, мерке күндерінде жасаған  түнгі уақытына
  4. 8.00-22.00
  1. Қалыпты жұмыс уақыты неше сағатты құрайды
  1. 41 сағат
  2. 40сағат
  3. 36 сағат
  4. 24 сағат
  1. Қысқартылған жұмыс уақыты кімдерге қарастырылған
  1. Мүгедек адамдарға
  2. Жұмыс жасайтын жасөспірімдерге
  3. Зейнеткерлік жастағы жұмысшыларға
  4. Еңбек жасындағы кез-келген адамға

Бақылау жұмысы

Мекеменің ұжымдық келісім-шартында 1разрядттық ставка -45000 теңге деп бекітілген. Сонымен қатар мекеменің жұмыс режимі-аптасына 5 күндік. (ағымдағы айда-21 жұмыс күні).

р/с

Аты жөні

 Раз-ряд

Өтелген жұмыс күні

Есептелген еңбек ақы

Еңбек ақыдан ұсталатын төлемдер(теңге)

Қолға берілетін еңбек ақы

МЗЖ 10%

Табыс салығы-10%

Кәсіподақ жарнасы-1%

Барлық ұсталғаны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Ахметов Қ

9

21

 

 

 

 

 

 

2

Бахитов.З

11

21

 

 

 

 

 

 

3

Рамазанов І

14

18

 

 

 

 

 

 

4

Исламов Д

16

21

 

 

 

 

 

 

5

Суықбаев А

11

20

 

 

 

 

 

 

6

Сабыров Д

14

21

 

 

 

 

 

 

7

Рамазанов И

9

18

 

 

 

 

 

 

8

Қартбай Е

14

21

 

 

 

 

 

 

9

Көбенов Д

19

21

 

 

 

 

 

 

10

Ізімов А

21

21

 

 

 

 

 

 

 

барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 Есепті шығаруға арналған көмекші формулалар:  Б5=15000*тариф.коэф(әр разрядтың)/барлық жұыс күні*Б4                   

     Б6=Б5*10%        Б7=(Б5-Б6)*10%        Б8=(Б5-Б6)*1%            Б9=Б6+Б7+Б8                Б10=Б5-Б9.

Қорытындылау, бағалау

Үйге тапсырма:   7-тақырып. Еңбекақы төлеу (қайталау)

«Мен 10 жылдан кейін қандай боламын?»шағын шығарма жазу

Материалды дайындаған Жылыой Мұнай және газ технологиялық колледжі экономика пәні оқытушысы Қуандықова Самал Меделқызы


Пікірлер (2)

Макпал

Жақсы жазылған,өзіме қажетті мәлімет ала алдым.Рахмет айтам,т.б. осындай тақырыптар бола берсе екен деймін.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз