Өлең, жыр, ақындар

Өкпенің құрылысы мен қызметі

Сабақтың тақырыбы: Өкпенің  құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты: Өкпенің  құрылысына,  тыныс  алу  және  шығару  қозғалыстарына, өкпеде  болатын  газ  алмасу,  ұлпа  алмасу  процесстеріне  топтық  жұмыс  барысында сипаттама  беру.

Сабақтың міндеттері: білімділік: оқушыларға ағзадағы тыныс алудың маңызын, өкпенің құрылысы және қызметі туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Талдау, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, муляж, тірек-сызбалар, электронды оқулық.

Барысы: І Ұйымдастыру: а) Оқушылармен амандасу

ә) Оқушыларды түгендеу

І – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ (логикалық жұмбақ)

Қос шауыпкелі бар, екі алыпкелі бар,

Қос жолкөршігі бар, екі үнсезгіші бар.

Жалғыз моласары бар, кеуде қағары бар,

Ауа соғары бар, қорек қорабы бар.

Тағы, тағы... тоқсан жол торабы бар

Табады бұл жұмбақты, талпынған талабы бар. (адам мүшелері)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І. «Ойға шабуыл»  Сұрақтар.

1. Тыныс алудың маңызы қандай?

2. Тыныс жүйесі қандай мүшелерден түрады?

3. Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі?

4. Көмей құрылысының ерекшелігі?

5. дыбыс сіңірлері қайда орналасқан?

6. Кеңірдек пен бронхының құрылысы мен қызметі?

ІІ. Суретпен жұмыс. (Суретке анықтама)

ІҮ. ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ.

Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?

А)2 бөліккеә)3 бөліккеб) 4 бөлікке

Мұрын қуысының ішкі беті?

А) 100 см2ә) 500см2б)1500см2

Дыбыс түзілу қай мүшеде жүреді?

А) мұрын қуысы ә) көмейб) кеңірдек

Кеңірдек қабырғасы неден түзілген?

А) бұлшықет ұлпасынан ә) шеміршекті сақинадан б) шеміршекті жартылай сақинадан

Кеңірдектің жалғасы?

А) аңқа мен жұтқыншақә) көмей б) бронхылар

Кеңірдек қалай бөлінеді?

А) 2 бронхыға ә) 3 бронхығаб) бронхиолаға

 

ІІІ. Жаңа сабақ. (тәжірибе көрсету:Үш оқушы ортаға шығарып уақытпен қанша уақыт тыныстамай тұра алатындарын тексеру, қорытынды жасау)

Өкпенің құрылысы мен қызметі.

Өкпе- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады.

Альвеолалар-диаметрі0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған.

Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21% оттек6 79% азот6 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырашылығы-өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.

Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.

Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.

 

ІV. Бекіту

Ү. КЕСТЕ: ТЫНЫС АЛҒАНДА ЖӘНЕ ТЫНЫС ШЫҒАРҒАНДАҒЫ АУА ҚҰРАМЫ

Газдар Тыныс алғанда ауада (көлемдік% ) Тыныс шығарғанда ауада (көлемдік %)
Оттек 21% 16%
Көмірқышқыл газы 0,03% 4,0%
Азот 79% 79%

VІ. БАС ҚАТЫРҒЫШ

Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды. Ал, сағатына және бір тәулікте неше тыныс алу қозғалысын жасайды? Минутына 18 рет;  1 сағ?  1 тәулік?

ҮІ. Биологиялық диктант.

1. Өкпедегі газ алмасуды … дейді

2. Ұлпадағы газ алмасуды  … дейді

3. … - кеуде қуысында орналасқан…, … жұп мүшелер.

4. Альвеолалар - … мм, … мм, ауаға толы өкпе көпіршіктері.

5. Адам денесінде , шамамен, 700 млн … бар, олардың жалпы беті … дейін болады.

ҮІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

(Оң қолдарын кеуделеріне қойып уақытпен 1 минутта неше рет тыныс алатындарын есептету)

                                    

Күрк- күрк жөтел не жөтел?

Жасыңнан шексең темекі түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені никотин уын төккені,

Денеге дерт боп жетеді , әдет боп жаман кетеді.

Зиянды затты көп тұтсан өмірің қор боп өтеді

Спортпен болып мәңгі дос, мағынасыз жүрме бос

«Зиянды заттан аулақ бол» - деп достарыңа ақыл қос

 

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА.  40. Кесте. Денсаулық туралы мақал-мәтел жазып келу

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз