Сынып: 10
Тақырыбы: Қызмет етем халқыма...
Мақсаты: Туған халқының, кіндік кескен жерінің жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу. Ана тілін, өз ұлтын, Отанын сүюге тәрбиелеу, өз халқының мәртебесін ұлықтау дағдыларын қалыптастыру.
Өткізілетін жұмыс түрі: дөңгелек үстел
Қатысушылар: Оқушылар, тәрбиешілер
Жұмыс тәртібі:
1. Ойқозғау. Берілген сөздердің мағынасын ашу
Егемен, Тәуелсіз ел, қазақ, тіл, идея, жерім, Н.Назарбаев, Президент, ұлт, болашақ, ертеңім, ата-баба, азаттық, жас ұрпақ, руханилық, ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, жан тыныштығы, қиянат жасамау, жалпыадамзаттық құндылықтар, ақыл парасат, азамат, намыс, мақтаныш, қызмет етемін, халық, адал, намыс
1.2 Қазақстан слайд
2. Дөңгелек үстел өткізу тәртібімен таныстыру
- Есту және тыңдай білу білігі
- Сұрақ қоя білу білігі
- Сұраққа жауап беру білігі
- Өзін ұстау мәдениеті
- Сынға жол жоқ!(біреудің пікірін сыйлай біл)
- Уақыт регламенті
- Айтылған пікірді қайталап қажеті жоқ.
2.1. Кеңшілік Мырзабеков «Отаныңа қызмет ет!» өлеңі оқылады
Отаныңа қызмет ет! Қызмет ет Отанға!
Балам саған, осы менің бұйрығым да, батам да!
Қатардағы солдат болу - жүру емес қатарда,
Қатарды құр көбейткеннен қатарында атанба!
«Қатарыңнан оз дер едім, оған көзім жетер ме?
Оза алмасаң, озбай - ақ қой, тек алқынба бекерге.
Туған жерді мен сияқты түк қалдырмай арала,
Бара алмасаң, бармай - ақ қой шетелге.
Мен жимадым, жинамасаң, жинамашы дүние,
Мен сияқты оны өзіңнің жеңдір көңіл күйіңе.
Мен сияқты кеш оралма келініме, үйіңе,
Жан жарымдай жарың болса - ау көнетұғын иіңе.
Мен сияқты, мен сияқты……
(Мен кімге үлгі болып ем.)
Жүрдім бірақ Отанымның сүрлеу соқпақ жолымен.
Отаныңа қызмет ет! Қызмет ет Отанға!
Осы ұранға рухтан да, осы ұранға тебірен!
3. Сұрақтар:
- Отанға қызмет ету кімге және не үшін қажет?
- Құр қатарды көбейтіп жүру дегенді қалай түсінесіз?
- Отанды көркейту үшін қалай жоспар құру керек ?
Кіші топтағы жұмыс.
1-топ – Қызмет етем халқыма...
Шарты: Берілген суреттерді тақырыппен байланыстыра отырып, коллаж жасау, қорғау. Дайындауға берілетін уақыт – 7, қорғауға – 3 минут
- берілген суреттерді мұқият қарау;
- тақырыпты ашатын суреттерді таңдау;
- өзін ұстау мәдениетін сақтау;
- берілген қағазға эстетикалық талғамға сай жапсыру (белгілі формамен жапсыруға да болады)
- жұмыс регламентін сақтау;
- тақырыпты ашу, қорғау
2-топ – Қызмет етем халыма ...
Шарты: Берілген әр түрлі заттарды тақырыппен байланыстыра отырып, шағын жоба дайындау, қорғау. Дайындауға берілетін уақыт – 7, қорғауға – 3 минут
Талаптар:
- берілген заттарды мұқият қарау орындау;
- берілген заттар мен тақырыптың байланысын дәлелдеу;
- жұмысты эстетикалық талғамға сай дайындалуына назар аудару;
- ойды тұжырымдау;
- жұмыс регламентін сақтау
- тақырыпты ашу, қорғау
3-топ - Қызмет етем халқыма ....
Шарты: Тақырыпқа сай өлең жолдарын жазып, ән шығару ( әнді қолдарында бар заттармен музыкасын ойлап табу. Мысалы; қарандаш, қалам, линейка т.б. көмегімен) Дайындауға берілетін уақыт – 7, қорғауға – 3 минут
Талаптар:
- берілген тапсырманы талапқа сай орындау;
- өлең шумақтарының тақырыпқа сай жазылуы;
- музыкасы эстетикалық талғамға сай орындалуына назар аудару;
- ойды тұжырымдау;
- жұмыс регламентін сақтау
4-топ - Қызмет етем халқыма
Шарты: Тақырыпқа сай эссе жазу. Тақырыптың мағынасын ашу, тіл мәдениетіне, сауатты жазылуына назар аудару. Тақырыпты аша білу. Дайындауға берілетін уақыт – 7, қорғауға – 3 минут
Ұсыныстар
Рефлексия
«Көк тудың желбірегені» әні.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі