Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№51 М.Қаратаев атындағы ора мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жолдасбекова Бағлан
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: ----------------- Б. Мұратбайқызы
Пәні: Әдебиет
Күні: 18.02.2017ж Сыныбы: 5 «А»
І. Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі
ІІ. Мақсаттары: 1. Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан-жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ынтасын ізденушілік белсенділігін, танымын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілік пен бауырмалдыққа, достық пен мейірімді болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Шығарма мазмұын терең түсіну, шығарманы жан-жақты талдай білу, шығарма авторы туралы мәлімет білу, шығарма кейіпкерінен үлгі алу, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгеру, оқушыны еркін сөйлеуге төселдіружәне өз бетімен ізденуі.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: : аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру,адасқан әріптер, екітұжырым кестесі ,семантикалық карта,сәйкестендіру, сиқырлы қалам
Сабақтың формасы: Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Керекті жабдықтар ,ресурстар: интерактивті тақта,жазушы потреті, оқулық, шығармалар жинағы, плакат, үлестірмелі қағаздар, стикерлер,маркерлер
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөлу. Шегеннің үш түрлі өсиеті секілді бір-біріне уәде , серт беру сыныптастары арасында.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы, роман туралы қысқаша түсінік беріп, оқушылар «Жаңа достар» мәтін мазмұнын еске түсіріп, әр топтың оқушылары бөлімдер бойынша мазмұнын бөліп айтады.
І топ: 1-бөлім: Қайроштың қалаға қашып келуі.
ІІ топ:2-бөлім: Базар алаңы
ІІІ топ:3-бөлім: Ана сағынышы немесе ана құшағында
І. Қызығушылықты ояту. «Адасқан әріптер» ойыны
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.
Берілген сөз: Әңгіменің құрылысына талдау
Ң, м,е,і,н,ә,г,ң-......................
Ұ,р,ы,қ,с,н,л,с,а,ы,ы-..............................
А,л,т,у,а,д,-...............
ІІ. Мағынаны тану. Әңгіме құрылысына талдау жасау.
1) Топтық жұмыс тапсырмалары:
І топ: Шығарманың компазициялық құрылымына талдау
ІІ топ: «Салыстыру» кестесі (сол кездегі балалардың өмірі мен қазіргі балалрдың өмірі жайлы салыстыру)
ІІІ топ: Әңгіменің кейіпкерлеріне кешенді сатылай талдау «Әдеби теориялық ұғымдар» бойынша талдау жасау
( портрет, мінездеме, пейзаж, теңеу, эпитет, мақал-мәтелдер)
2) Жұптық жұмыс тапсырмалары: І топ:«Тұжырым кестесі»
р/с |
Әңгімеден үзінді |
Кейіпкері |
Адами қасиеттері |
1 |
-Алдау үшін өтірік айтсаң, кешіреді екен деме, алданбау үшін өтірік айтсаң іркілме... |
|
|
2 |
-Зытып келем,зытып келем. Артыма қарай, қарай зытам. |
|
|
3 |
-Оқимын десең, оқи ғой, күнім! Әкеңнің де арманы оқу боп өтіп еді. |
|
|
4 |
-Ойбай... Шегендей емес шығарсың...Шеген қайда, ол! Ол ағып бара жатқан машинаны қуып жетіп, асылып кете береді! Ол әншейін желаяқ! |
|
|
5 |
-Сіз анасыз ғой. Мен де анамын. Сізде, көп болса,он бала шығар... Менің елу балам бар... Балаңызды алып қайтамын десеңіз,қазір қайтарамын, өз балаларымда жетеді. |
|
|
ІІ топ: «Семантикалық карта» толтыру
1 |
Кейіпкерсөзі |
Қайрош |
Мария |
Бораш |
Шеген |
О , қасқаның жатысын – ай! |
|
|
|
||
2 |
Кейіпкер сөзі |
Қайрош |
Мария |
Шеген |
Милиционер |
|
Адам болады екнсің, айналайын! |
|
|
|
|
3 |
Кейіпкер сөзі |
Әйелдер |
Бораш |
Мария |
Шеген |
|
Мынау бүгін аяқтан айырылыпты ғой. Байғұс – ай... |
|
|
|
|
4 |
Кейіпкер сөзі |
Әйелдер |
Бораш |
Милиционер |
Шеген |
|
Екі мың сегіз жүз сексен жеті! Өлтірдің , Костя, өлтірдің мені. |
|
|
|
|
5 |
Кейіпкер сөзі |
Анасы |
Бораш |
Мария |
Шеген |
|
Көресіз бе, балаңыз қандай ақылды. Оқу оқығысы келеді. |
|
|
|
|
ІІІтоп: «Сәйкестендіру»
Екі ақсақ, бір желаяқ- үш боздақтың «салқын сарайға» келуі--------------------------------1
Балалардың бір-бірімен танысып, жөн бөлісуі-------------------------------------------------4
Баланың ауылды тастап, қалаға қарай қашып келуі-----------------------------------------3
Шегеннің айтқан үш түрлі өсиеті----------------------------------------------------------------2
Қайроштың алдынан екі баланың жолығуы-----------------------------------------------------5
ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі. 3. Жеке жұмыс.
Сонымен, оқушылар, бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін бір-бір ауыз сөзбен «Сиқырлы қалам» әдісі бойынша әңгімеден түйген ойларың,алған әсерлеріңді қорытындылайық.
Бағалау. Әр топ оқушылары бір-бірін бармақпен бағалау бойынша бағалайды
Үйге тапсырма.1. Сахналық қойылым әзірлеу / 3- бөлімнен
2.Эссе-ойтолғау жазып келу.
І топ: «Жақсымен жолдас болсаң»
ІІ топ: «Жетімдерге қолдау көрсету»
ІІІ топ: «Біз-бейбіт өмірде бақыттымыз!»
3.С.Бегалин туралы деректер жинау
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі