Өлең, жыр, ақындар

Кестелік редакторға кіріспе

Ақтөбе қаласы
«Ақтөбе орта мектебі» ММ
информатика пәні мұғалімі
Жумагалиева Бану Алмасбековна

 

Тақырыбы: Кестелік редакторға кіріспе

Мақсаты:

Оқушыларды кестелік редактормен таныстыру.
Оқушыларды электрондық кестедегі жолдарды, бағандарды және ұяшықтарды белгілеуге үйрету.
Компьютерде кестелік есептеулерді өңдеу технологиясымен таныстыру.

Сабақтың түрі: жаңа, ашық сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, Блум таксономиясы

Көрнекілік: компьютер, интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: әдебиет, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- сәлемдесу
- оқушыларды түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ

Сабақ 6 бөлімнен тұрады: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау

1. Білу

Интерактивті тақтадан бейнежазба арқылы оқушы MS Excel шығу тарихы туралы баяндайды.

1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдісті ойлап табуға ұйғарды. Олар тарихта бірінші рет кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартып, VisiCalk (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel бағдарламасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.
1985 жылдың мамыр айында Microsoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң - ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді.

2. Түсіну

Microsoft Excel – мен танысу;
Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада кесте түрінде дайындауға мүмкіндік береді. Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Сонымен қатар, қарапайым пайдаланушылар элементтер есептеулерді жүргізу үшін қолдана алады. (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы). MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар, олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады. Excel бухгалтерияда қарқынды дамыған, яғни көптеген фирмаларда құжаттар мен есептеулерді дайындауда және әр түрлі есептеулер жүргізуде кеңінен қолданылады.

Microsoft  Excel-ді іске қосу үшін келесі тізбектерді  орындаймыз

1. Пуск-Программы- Microsoft Office- Microsoft  Excel.

Microsoft  Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады.

Excel-дің терезе бөліктері мен жұмыс істеу мүмкіндігін түсіндіреді.

Терезе мынадай бөліктерден тұрады.

1. Тақырып жолы.
2. Бас меню де, негізінен басқа да Microsoft  Office  программаларындағы бөлімдерден құрылған. Оның Word  менюінен айырмашылығы  Кесте орнына Мәлімет алмастырылған.
3. Стандартты аспаптар
4. Пішімдеу панелі
5. Жұмыс істеп тұрған ұяшықтыңаты
6. Формула жолы
7. Жұмыс парағы
8. бағандар аты Латынның  А,В,С,D…F   26 әрпінен тұрады.
9. Жол нөмірі 65 536 жолдан тұрады
10. Таңбашалар немесе парақ
11. Айналдыру жолағы
12. Басқа параққа ауысу батырмасы
13. Қалып-күй жолағы

3. Қолдану

Тапсырма №1

Азиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль иеленіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға - 13 алтын, 24 күміс, 17 қола медальдармен Жапония, ал үшінші орынға 13 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды 11 алтын, 10 күміс, 14 қола алған Қытай иеленді. Осы мәліметтер бойынша кестені толтырып, медальдердің санын табу керек. 

Сергіту жаттығулары

Бейнежазба арқылы көзге арналған жаттығулар көрсетіледі.

Көзге арналған жаттығулар:

Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;

Тез арада көзді ашып – жұму;

Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.

Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.

Тапсырма №2

Тізімде берілген оқушылар мәліметін енгіз

Оқушыларды тегі бойынша сұрыпта

Сүзгіден жасы 15-тегі оқушылардың тізімін шығар

4. Талдау

MS Excel редакторының ерекшелігі қандай?

5. Жинақтау

6 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы беріледі.

1. Microsoft Excel дегеніміз не?
а. Электрондық кесте                                    
б. Операциялық жүйе                                    
в. Текстік редактор                                    
г.  Антивирустық программа                                
2. Microsoft Excel жолдар саны                                       
а. 256                                        
б. 125                                        
в. 1256                                        
г.  65536                                        
3. Microsoft Excel бағандар саны                                       
а. 256                                        
б. 125                                        
в. 1256                                        
г.  65536                                        
4. Электрондық кестеде төмендегі мәліметтерді автоматты түрде толтыруға болады              
а. Айлар, апта күндері, сандар                                
б. Айлар, апта күндері, диаграмма аттары                            
в. Апта күндері, сандар, диаграмма аттары                            
г.  Формулалар диаграммалар                                
5. MS Excel қай жылы кеңінен қолданысқа енді?                             
а. 1985                                        
б. 1979                                        
в. 1980                                        
г.  1971                                        
6. MS Excel "атасы" кім?
а. Боб Френкстон және Дэн Бриклин
б. Боб Френкстон және Чарльз Бэббидж
в. Дэн Бриклин және Ада Лавлейс
г.  Чебышев пен Однер

6. Бағалау

•  Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
•  Сабақ сендерге несімен ұнады?
•  Бүгінгі сабақта ұнаған термин?

Өздеріңе ұнаған терминге арнап:
1.  Бес жолдық өлең
2.  Арнау өлең
3.  Хат
4.  Эссе
5.  Сөз құрастыру

«Сиқырлы тізбек» ойыны

Берілген әріптер тізбесінен сабаққа қатысты терминдерді табу керек

К

Ұ

Я

Ш

Д

И

І

Т

А

Ы

Қ

А

Ф

О

П

Л

А

Г

Б

Р

М

У

А

Р

Е

Т

Т

Е

М

А

К

Е

С

Т

М

А

 

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: Кестелік редактормен танысу

Оқушыларды бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз