Алматы облысы, Алакөл ауданы
МКҚК №2 "Қуаныш" балабақшасының
тәрбиешісі: Ілиясова Қарлығаш Қайратқызы
№3 педагогикалық кеңес бойынша кешенді оқу құзіреті
"Балбөбек" ерте жас сәбилер тобы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ашық оқу құзіретінің тақырыбы: "Үй құстары"
Мақсаты:
Білімділік: Үй құстары және олардың балапандарымен таныстыру, үй құстары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету;
Дамытушылық: Триз технологиясы арқылы қиялын дамыту, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, сипаттау, сергіту, ойын.
Оқу-қызметінің түрі: Кешенді.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интеративтік тақта, үй құстары туралы слайд, үй құстарының суреттері, атрибуттар.
Блингвальды компонент: үй құстары - домашние птицы, әтеш-петух , тауық- курица, балапан-цыпленок, қаз-гусь, мамыр-гусенок , үйрек-утка, шүрегей- утенок
Сөздік жұмыс: Үй құстары.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, музыка, сенсорика, жаратылыстану.
Оқу іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық қозғаушылық |
Жылулық шеңбері -Балалар ең алдымен«Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» деп, келген қонақтарымызбен амандасайық. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Балалар, күн суық болса да біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, Күнге қарап қолымды
|
- Балалар келген қонақтармен амандасады. - Қыс. - Суық болады.
- Қар бар екен.
- Балалар жылулық шеңберін қимыл-қозғалыспен орындайды. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Тосын сый: Сергіту сәті:
Тақтамен ұжымдық жұмыс. |
- Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? - Олай болса қазір қиял-ғажайып еліне саяхаттап, серуендеп емес, қиялдап, көзімізді жұмып барамыз. Қәнекей бәріміз көзімізді жұмайық. (Сиқырлы әуен ойналады) - Балалар біз қиял-ғажайып еліне жеткен сияқтымыз, көзімізді ашайықшы. - Сендер тыныш отыра тұрыңдар, мен барып мына тұрған үйшікті қағып көрейін. - Тук-тук, кім бар екен? - Мен бармын. - Сіз кімсіз? - Мен қиял-ғажайып еліндегі ертекші әжеймін. - Ооо, жақсы болды ғой. Біздің ертегі тыңдағымыз келеді. Сіз бізге "Үй құстарына" байланысты ертегі айтып бересіз ба? - Сендер мені мұқият отырып тыңдасаңдар ғана айтып беремін. - Жарайды, келістік. Біз ертегіні тыныш отырып тыңдауға сөз береміз. - Олай болса мен сендерге "Екі әтеш" ертегісін айтып берейін. ("Екі әтеш" ертегісін айтып береді) - Балалар ертекші әжейдің ертегісі сендерге ұнады ма? - Сіздің ертегіңіз бізге қатты ұнады. Енді біз өз елімізге оралайық. Рақмет сізге, ертекші әжей. Сауболыңыз! - Сауболыңдар балалар! - Балалар біз елімізге оралу үшін тағы да көзімізді жұмып қайтуымыз керек. (Сиқырлы әуен ойналады) - Балалар көзімізді ашсақ болады. Елімізге келдік. - Біз жаңа қай жаққа саяхаттап келдік? - Ол жақта кім бар екен? - Иә. Ертекші әжей бізге қандай ертегі оқып берді? - Ертегінің ішінде қандай кейіпкерлер бар екен? - Иә, дұрыс айтасыңдар. Әтеш, балапандар үй құстарына жатады. Балалар бүгін бізде коммуникация саласы бойынша сөйлеуді дамытудан "Үй құстары" тақырыбында ашық оқу-қызметі болады. - Балалар, қәнекей бәріміз интеративтік тақтаға назар аударайықшы. - Тауық, үйрек, қаз, әтеш - бұлардың бәрі үй құстары деп аталады. - Мынау тауық. Шұбар түсті тауық екен. Міне мынау жұмыртқасы. - Ал мынау-үйрек. Үйректің түсі жасыл екен. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады. - Мынау-қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. - Мынау - әтеш. Мына әтештің түсі қара екен. Әтеш тауыққа қарағанда үлкендеу болады. - Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан басады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп, асырайды. Қора жасайды, ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді. - Енді балалар осы үй құстарын көрдік, енді олардың сендер сияқты кішкентай балапандары болады, солармен танысайық. - Тауық - балапан, Қаз- мамыр, Үйрек- шүрегей. - Балалар үй құстарының дыбысын салу арқылы тілімізге жаттығу жасайықшы. - Тауық қалай дыбыстайды? - Үйрек қалай дыбыстайды екен? - Қаз қалай дыбыстайды? - Әтеш қалай дыбыстайды? - Балалар, мен сендерге үй құстарына байланысты тақпақ айтып беремін, сендер мені мұқият тыңдаңдар. - Тауық туралы. Ақ тауық-ау, ақ тауық, Ақ тауық неткен қақсауық, Аяп жүрсем тауықты. Бір жұмыртқа тауыпты. - Жарайсыңдар! Енді үйрек туралы тақпақ айтайықшы. Үйрек айтты га-га-га, Шыға алмаймын жағаға. Су іздесең мұнда кел, Самал жел бар мұнда да. - Енді қаз туралы тақпағымызды айтайық. Қазым, қазым, қаңқылда, Көлде жүзіп салқында, Жем шашайын жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе? Жоқ, жоқ, жоқ Кәмпит тәтті, болмайды ас. Арпа менен бидай шаш. - Өте тамаша! Балалар бағанадан бері ертегі тыңдап, үй құстарымен және олардың балапандарымен таныстық,үй құстарына байланысты тақпақ айтып шаршаған боларсыңдар. Қәне, бәріміз ұйықтап демалып алсақ қалай қарайсыңдар? ( Балалар ұйқыға кеткенде, топқа "Ку-ка-ри-кукук" - деп әтеш кіреді.) - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Балалар мені таныдыңдар ма? - Жарайсыңдар! Мен сендерге бүгін қонаққа келдім. Әдемі болып кетіпсіңдер! - Иә, онда әтеш сіз дәл уақытында келдіңіз, бізде бүгін "Үй құстарына" байланысты ашық оқу-қызметі өтіп жатқан болатын. Төрге шығыңыз. - Балалар сендердің түрлеріңе қарасам қатты шаршаған сияқтысыңдар. Қәне бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасап алайық. - Мен қазір жем іздеймін, көп жем тапсам сендерді дауыстап шақырамын. Сол кезде барлығың келіп, жемді теріп алыңдар. - Жарайсыңдар! Сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Олай болса мен сендерге ойын әкелген болатынмын. Ойынымның шартын түсіндірейін. Мына тақтаға қараңдаршы, бұлар бағана "Екі әтеш" ертегісіндегі әтештер ғой. Екеуі жұлысып үстіндегі мамықтары түсіп қалыпты. Соны екі топқа бөлініп мамықтарын жабыстырайық. - Жарайсыңдар, өте тамаша, біреуі шұбар, біреуі ақ әтеш болды. Үстіндегі мамықтарын сипап көріңдерші. Менің мамықтарым сияқты жұмсақ, үлпілдек болды. Енді екі әтеш тату болатын болды. - Әтеш біздің де саған арналған тақпағымыз бар. Қәне балалар бәріміз орнымыздан тұрып, "Әдемі әтеш" деген тақпағымызды айтып берейікші: Әдемі әтеш, Таң атпай тұрыпты, Ойқастап жүріпті, Жан-жаққа қарапты, Айдарын тарапты. - Өте тамаша. Рақмет сендерге балалар! Менде сендерге өзіммен бірге силық ала келдім. Сендерге қонаққа келерде мынадай ішінде тәттілері бар сиқырлы жұмыртқаны ұядан теріп алған болатынмын. Апайларыңа беріп кетейін. Сауболыңдар! |
- Иә, ұнайды.
- Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. - Иә.
- Тауықтың дауыстары.
- Балалар интеративтік тақтаға қарайды. Мұқият тыңдайды.
- Иә.
- Барлығы көздерін жұмады.
- Ертегі еліне. - Ертекші әжей.
- "Екі әтеш"
- Әже, ата, екі әтеш және балапандар.
- Балалар суреттерді қарап отырып, мұқият тыңдайды.
- Құт-құт-құт. - Қаңқ-қаңқ. - Ку-ка-ре-ку - Бақ-бақ-бақ.
- Иә.
- Балалар мұқият тыңдайды.
- Иә, балалардың бәрі көзін жұмып ұйықтайды. - Балалар әтештің дауысынан оянып кетеді. - Иә, таныдық, әтешсің.
-Балалар сергіту сәтін қимылмен қызыға орындайд
- Иә. - Ойын шарты бойынша балалар тақтадағы әтешке кезектеп мамықтарды жабыстырып шығады.
-Әтештің мамығын сипап ұстап көреді.
- Сауболыңыз! |
Рефлексиялық - түзетушілік
Логикалық ойын: "Ойлан, тап!" |
Қорытынды: - Балалар, сонымен үй құстарына нелер жатады? - Жарайсыңдар, балалар тілімізге жаттығу жасау үшін үй құстарының дауысын салдық, енді есте сақтау қабілеттеріңді тексеру үшін "Ойлан, тап!" логикалық ойын ойнаймыз, ойынның шарты дауысын есту арқылы қандай үй құсы екенін табуымыз керек. - Жарайсыңдар! Есте сақтау қабілеттерің өте жақсы екен. Бүгін бізге қонаққа не келді? - Иә, ойындары ұнады ма сендерге? Блингвальді компонент: үй құстары - домашние птицы, әтеш-петух , тауық- курицы, балапан-цыпленок, қаз-гусь, мамыр-гусенок , үйрек-утка, шүрегей - утенок. - Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер ашық оқу-қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін, жаңа әтеш тастап кеткен мына сиқырлы жұмыртқаның ішіндегі тәттілерді сендерге сиға тартамын. - Ал балалар тұрайық - Сауболыңыздар! |
- Тауық, әтеш, үйрек, қаз - Тауық - балапан, Қаз- мамыр, Үйрек- шүрегей
- Тауықтың дауысы. - Үйрек дауысы. - Қаздың дауысы. - Әтештің дауысы.
- Әтеш. - Иә.
- Балалар қайталайды.
- Балалар сиқырлы жұмыртқаның ішінен тәттілерді алады.
- Балалар қонақтармен қоштасады. |
Күтілетін нәтижелер:
Білуі тиіс: үй құстары туралы, олардың немен қоректенетінін, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін білуі керек;
Меңгеруі тиіс: үй құстарының дыбыстарын, жүрістерін меңгертеді;
Үйренуі тиіс: үй құстарына деген қамқорлықтарын, өмірде пайдалана білуді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі