Кештің тақырыбы: Бала жүрек жырлайды
Мақсаты: Бойында ақындық қасиеті бар жас ақындардың еңбектерін жарыққа шығарып, солардың алдағы өмірдегі шығармашылық қадамдарына серпін беріп, қаламдарын ұштау. Оқушылардың өз ана тілін құрметтей отырып, еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін оята отырып, болашаққа деген жарқын көзқарастарын дамыту, әлеуметтік және жеке мәдени
құндылықтарды қалыптастыру.
Өтетін орны: мектептің акт залы
Безендірілуі: слайд, шарлар
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! «Бала жүрек жырлайды» атты шығармашылық кешімізге қош келдіңіздер! Бүгін біздің басымызды қосып отырған бір әлем бар, ол – поэзия әлемі. Барлығымыздың жүрегіміздің түкпірінде поэзия әлеміне бастап апарар жол бар. Әрине, оны жарыққа шығарып, басқаларға жеткізе алатындар айналаға терең көзқараспен қарай отырып, өз жүректен шыққан жырларын да жеткізе біледі. Ендеше бүгінгі кешіміз мектебімізде өлең шығарып жүрген жас ақын балаларға арналады.
2-жүргізуші:
Еңсе тіктеп қазақтығым, елдігім
Тәуелсізбін деп айтатын келді күн.
Бүкіл қазақ жаза алмай жүр қазірде,
Бір Абайдың жазып кеткен игі ісін.
Қара сөзі, қара өлеңі – қарымды,
Толғады Абай мұңым менен зарымды,
Абай сынды данасы бар халықтың,
Ұл-қызы да болу керек дарынды.
1-жүргізуші:
Ақындық өнер – бір жылдық жеміс емес. Ол ғасырды ғасырға жалғайтын ұлтымыздың құнды мұраларының бірі. Ақын өткенді еске ала отырып, болашақты болжайтын, сауатты, жаны нәзік, талғамы биік, көрген нәрседен тез әсер алғыш жан. Біздің мектебімізде де ақындық өнерді жанына серік етіп, поэзияны сүйіп оқитын, өз ойын өлеңдерімен өрнектеп жүрген жас таланттар аз емес. М.Шаханов: «Бала жүрегі кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүруі керек» демекші әр оқушы өзінше бір әлем. Олай болса, осындай талантты жас қаламгерлерімізді ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
Ақындар көбейе берсін елімізде,
Абайдай болыңыздар бәріңіз де.
Қабілет қасиетің мәңгі артып,
Болыңдар қазағымның тең төрінде,
Көркейсін сендерменен елімізде.
Ұйымдастырушы мұғалім:
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте ұстаздық жолымды алғаш бастаған сәтте көптеген іс-шараларға, кештерге қатыса бастадым. Сол кезде мектебімізде дарынды, талантты, қабілетті балалардың көп екенін байқадым. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, өз басым тіл саласына жақын болғандықтан, ақындық өнерге жақын оқушыларды даралап, өлеңдер жинағын шығаруға бел будым. «Бала жүрек жырлайды» өлеңдер жинағында болашақ жас ақындардың жүрек түкпірлеріндегі жарып шыққан жырлары жинақталып, шығарылды.
Ендеше, дарынды жас ақындарға жылы лебізін білдіру үшін алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Икласов Ержан Мұхаметрақымұлына береміз.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде қонақта айтыскер ақын, «Арда» жас ақындар орталығының жетекшісі Фархат Маратұлы келіп отыр. Келесі сөз кезегін өзіңізге берсек.
(Кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді, ақын балаларға кітап таратылады)
2-жүргізуші:
“Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар...”
деп қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыз айтқандай, өз ойын өрнектеп бере білген, мазмұнды да мағыналы өлеңдерімен жүрекке жеткізе білген ақындарымызға кезек берейік.
(7 ақын бала ортаға шығып, туған жер, тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқиды)
1-жүргізуші:
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған.
Жаңғырығып жасыл тау жөнесін бір,
Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам.
2-жүргізуші:
«Туған өлке». Орындайтын – ___________________. Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
“Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең...” – деп тағы бір кезекті ақындарымызға берейік.
(7 ақын бала ортаға шығып, ұлы Абайға арналған өлеңдерін оқиды)
2-жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Алдарыңызда __________________________ орындауында қазақ биі
1-жүргізуші:
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,–деп жауқазын жүрегінен жауқазын жырлар тудырған жас ақындарға тағы да кезек берейік.
(6 ақын бала ортаға шығып, аналарға, ұстаздарға арналған өлеңдерін оқиды)
2-жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе, _______________________ орындауындағы «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ақын деген аспанның асты мен жердің үстіндегі ең қастерлі, ең киелі, ең ұлы атау! Өйткені ақындық – кәсіп емес, мансап та, тіпті мамандық та емес. Ақындық – табиғат сыйы, құдайдың құдіреті. Ақындық оқуы деген оқу жоқ. Ақын іштен туады. Талант тумысынан дейтініміз де сондықтан.
2-жүргізуші:
Өз отауын, ошағын, отын қорғар,
Көбейсін батыл мінез батыр жандар,
Жырлаудан шаршамасын ақын біткен,
Оқудан жалықпасын оқырмандар.
1-жүргізуші:
Сөзімді ұлы Абайдың :
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы-
дегендей, жас ақындарымыздың өлеңдері оқушысын жақсылыққа, адамгершілікке, Отаншылдыққа баулитын қымбат қазына, рухани азық екенін, сонымен бірге біздер үшін тәрбиелік мән- мағынасының да зор екендігін ұғынғандай болдық. Жас ақындарымызға болашақта Ұлы Абайдың өлеңдеріндей мағыналы жыр шумақтарын тудыра беріңіздер демекпіз! Еліміздің мақтанышына айналатын, абыройлы, саналы, мемлекетіміздің ардақты ұл-қыздары болуларыңызға тілектеспіз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі