Өлең, жыр, ақындар

Ұқсасын тап

Жамбыл облысы, Меркі ауданы , «Ертөстік» балабақшасы тәрбиеші: Раимкулова Бегимкуль Эркебаевна.

Білім беру саласы:_Таным

Білім беру саласының бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Ұқсасын тап»

Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндерді (үшбұрыш,дөңгелек,шаршы) түстері (қызыл,сары,жасыл) көлеміне қарай (үлкен-кіші) топтастыруға үйрету. Балалардың қол саусақ моторикасын дамыту,ойынға белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.  Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Методикалық әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер,қыстырғыш,кірпі,бояулар.

Сөздік жұмыс: Кірпішешен,қыстырғыш, дөңгелек,шаршы, үшбұрыш.

Қажетті құрал-жабдықтар:гоеметриялық пішіндер,қыстырғыш,бояулар.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-қызметі

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

Мотивациялық қозғаушылық

 

Жылулық шеңбері:

 

Өзімді жақсы көремін

Күн сайын өсіп келемін

Ойынға кірем күнде мен 

Ұйқыға батам түнде мен

Суға да барып түсемін 

Содан соң тамақ ішемін 

Мамамның тілін аламын 

Міне сондай баламын     

Балалар шеңбер бойына тұрып жылулық шеңберді өлең шуағына сәйкес қимыл-қозғалыспен орындайды.

(қолды кеудеге айқастыру)

(қолды көтеру)

(бір орында секіру)

(қолды жаққа сүйеу)

(жүзіп көрсету)

(қасық ұстауды көрсету)

(алға қарай иілу)

(қолды алға созу)

 

 

Ізденуші-ұйымдастыру-
шылықРефлексивті түзетушілік

Ғажайып сәт: Қонаққа Сауле келеді.

Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.  
Ғажайып сәт: Қонаққа Сауле келеді.
 
Сауле кіреді. Саламатсыңдар ма балалар!
Менің атым Сауле.Қандай сендер әдемісіңдер. Сендер маған ұнайсыңдар.Мен сендерге ұнаймын ба? Қараңдаршы менің әдемі көйлегіме! Ол қандай  геометриялық пішіндермен әшекейленген?
Гуля сен айта қойшы, Сауленің көйлегінде мынау қандай геометриялық пішін,түсі қандай?
 Аруна сен айта қойшы,Сауленің көйлегінде мынау қандай пішін,түсі қандай екен?
 Амина сен айта қойшы,Сауленің көйлегінде мынау қандай геометриялық ынапішін,түсі қандай екен?
Балалар Сауле мен бірге «Көңілді геометриялық пішіндер» еріп келіпті. Олар сендермен жасырынбақ ойнағысы келеді. Ал енді көздеріңді жұмыңдар! Қандай пішін жоқ.
Сергіту сәті:

Тыңдаңдаршы, есікті біреу қағып тұр.Пыхтит «пых-пых-пых» Бұл кірпішешен. Ол көңілсіз. Балалар Саулеге таңдана қарайды. Кірпішешен балалармен және  Саулемен амандасады.

 

Кірпі түстерді білмейтінін айтады,балалардан көмек сұрайды. Балалар келісіп түстерді айтады.

                                                                                                                                 
   
Балалар қараңдаршы кірпінің инелері түсіп қалыпты  Сәуле сендерге әдемі қорапша әкеліпті ішінде не бар екен? кане көрейікші? (түрлі-түсті кірпілер және қыстырғыш)
 Балаларға қиылған түрлі – түсті кірпішешен таратылып беріледі.
Балаларды шығармашылық алаңына шақыру.
 Балаларға  кірпішешеннің түсіне қарай қыстырғышты қыстыруды ұсыну.
Балаларға  кірпінің түсіне қарай саусақпен сурет салуды ұсыну.
Балаларға  кірпінің түсіне қарай инелерді құрастыруды ұсыну.

Қорытынды:
Бүгін бізге қонаққа кім келді?
Сәуленің көйлегі қандай геометриялық пішіндермен әшекейленеген?

Сәуле мен бірге қандай ойын ойнадық.
Айару сен қандай кірпіге,қандай  ине қададың?
Нұркелді сен қандай кірпіге,қандай  иненің суретін салдың?
 Абдінұр сен қандай кірпіге,қандай  инені құрастырдың?
Оқу қызметіне белсене танытқан балаларды мақтау,мадақтау.
 Мен келдім,міне бүгін ортаңызға
Амандық тілеп сізге баршаңызға
Саулығын берсін деймін бәрімізге !
Қош сау болыңыздар!

 

 

 

Балалар Саулемен амандасады

 

-пішіні шаршы,түсі көк
-пішіні үшбұрыш,түсі қызыл
-пішіні дөңгелек,түсі сары

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындайды.
Балалар кірпімен амандасады.

 

 


Балалар кірпіге көмектесетіндіктерін айтады

-пішіні шаршы,түсі көк
-пішіні үшбұрыш,түсі қызыл
-пішіні дөңгелек,түсі сары

 

Балалар қызығушылық тұдрады.
Балалар шығармашылық алаңына оралады.

Балалар кірпінің түсіне қарай қыстырғышты қыстырады.
Балалар кірпінің түсіне қарай саусақпен сурет салады.
Балалар кірпінің түсіне қарай инелерді құрастырады.

-Қонаққа Сауле келді
-Сауленің көйлегі үшбұрыш,дөңгелек,шаршы пішіндерімен  әшекейленген
-Саулемен сабынды суды үрлеп көпіршік шығару ойынын ойнадық.
- қызыл
- сары

- көк


Балалар өлеңді айтып қонақтармен қоштасады

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі:          геометриялық пішіндерді атау және айыра білді;

Меңгеруі:   түстері мен көлемдеріне қарай топтастыруды;

Жасай алуы: кірпішешеннің түсіне қарай инелерін қадады.

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз