Өлең, жыр, ақындар

"Тапқыр достар " ойын сайыс сабағы.

"Бір аймақ – бір кітап" акциясы аясында мектепшілік жосапр бойынша Ы.Алтынсарин шығармашылығына арналған 3-4 сыныптар арасында өткізілге   "Тапқыр достар" сайысы.

 

Тақырыбы: " Тапқыр достар" сайыс.

Мақсаты :                                                                                                                           Топта бірлесе жұмыс істеуге,басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;

Қатысушылардың шеберліктерін,тапқырлықтарын бақылау;

Ұйымшыл болуға,жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Көрнекілігі : слайд, интерактивтік тақта.

Тәрбие сағатының барысы:

 Мұғалімнің алғашқы сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар,ойынға қатысушылар!

Бүгінгі  3 және 4 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Тапқыр достар»  ойынына қош келдіңіздер!

 

Ыбырай Алтынсарин туралы шағын 6 минуттық  бейнебаян көрсету.

 

Әр топа 4 оқушыдан:

Ойынымыз 5 кезеңнен тұрады:

I. Кім тапқыр ? (Сұрақтарға жауап беру)

II. Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)

III. Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)

IV. Актерлік шеберлік (Ы.Алтынсариннің әңгімелерінен көрініс көрсету)

V. Қортынды. (Жеңімпаздарды анықтау)

 

I кезең- Кім тапқыр?

Әр топ басшысы  номер  таңдап алады. Қай топқа 1 номер  түссе, сол топ бірінші болып қойылатын сұрақтарға жауап береді.

 

Сұрақтары: (Әр топқа 7 сұрақтан қойылады)

1 топқа қойылатын сұрақтар.

1. Ы.Алтынсарин кім? ( жазушы, ақын, ағартушы,ұстаз.)

2.Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келді ?   (1841 жыл)

3.Балқожа би деген кім?  (Атасы)

4. Ы. Алтынсариннің кітабын ата. (Кел,балалар оқылық)

5.1864 жылы ашылған мектепке неше бала барды?  ( 14 бала)

6. Ең алғашқы шыққан кітабын атаңдар. (Қазақ хрестоматиясы)

7. Ы.Алтынсари қай қалада оқуын бітіріп, ұстаз болып шығады? (Орынбордағы)

2 топқа қойылатын сұрақтар.

1.Ы.Алтынсарин кім? ( жазушы, ақын, ағартушы,ұстаз.)

2.Ы.Алтынсарин  дүниеге келген жер ? (Қостанай обылысы)

3.Ы.Алтынсарин қай қалада мектеп салдырды ?  (Торғай қаласында)

4.Ы.Алтынсариннің әйелінің аты кім? (Айғаныс)

5. «Дала жұлдызы» мәтінінде кім туралы жазылған? (Ы.Алтынсарин туралы)

6.Ы Алтынсариннан сабақ алған жазушы кім? (Спандияр Көбеев)

7. Ыбырай Алтынсариннің бір шығармасын ата . (Таза бұлақ)

II кезең – «Ойлан тап».

10

10

10

20

20

20

30

30

30

Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.

                   

 

Бірінші бағандағы 10 саны- Берілген мақалды жалғастыр. (Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.)

Бірінші бағандағы 20 саны – Қазақтың қос батыр қыздары кім ?( Әлия мен Мәншүк )

Бірінші бағандағы 30 саны- Ерулік дегеніміз не ?

Екінші бағандағы 10 саны –Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келді? (1841 ж)

Екінші бағандағы 20 саны -  ҚР-ның тәуелсіздігіне неше жыл болды?  (25 жыл) 

Екінші бағандағы 30 саны «Менің атым –Қожа » әңгімесінде Қожа өз-өзіне қандай уәде береді?  (Сабағымды жақсы оқып ,тәртіпсіздік жасамаймын )

Үшінші бағандағы 10 саны- 10 ұпай сыйға берпіледі.

Үшінші бағандағы 20 саны – Ы.Алтынсариннің табиғат тақырыбында жазған өлеңін ата. ( Өзен )

Үшінші бағандағы 30 саны- Қарабатыр әңгімесінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

 

III-кезең- Сөзтапқыш ( суреттегі бейнені бейнелеп көрсету).  

(Кесе, балық, тымақ, қар, қыз бала, құстар )

IV- кезең –Актерлік шеберлік

2 топ өздері Ы.Алтынсарин әңгімесінен көрініс көрсетеді.

   1- топ                                                    2- топ

"Жаман жолдас "                        " Мейрімді бала "

V-кезең- Қортынды : (Әділқазыларымызға сөз кезегін береміз )

 Адамға ақыл беретін кімдер ? –депті бір қария жас жігітке.

  • Ана тілі ғой ақыл беретін,- депті жігіт.

-Жоқ балам,ана тілі ойды өсіреді.Адамға ақыл беретін ата-ана,ұстаз ,досы екенін ұмытпа.Ата –ана ақылын баласы мен қызына айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді.Адамға ақыл беретін адал дос.Адал дос ақылшың,ақылшы дос- жақының.

Достың көзі ақылдан басталады ,- депті қарт.

Ендеше осымен «тапқыр достар» ойынын 3-4 сынып оқушыларының  «Қазақстан » әсем әнмен аяқтаймыз.

 

(Оқушылармен естелік фото сурет         

 

                              

                                                     (Сабақ барысында )



Пікірлер (2)

Динара

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер