Өлең, жыр, ақындар

Төменгі кернеудегі тарату жабдықтарын монтаждау сұлбаларын талдау

Сабақтың тақырыбы:  Төменгі кернеудегі тарату жабдықтарын монтаждау сұлбаларын талдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттің білім, кәсіби шеберлік, әрекет ету қабілетілігі негізінде кәсіптік білім жиынтығын қалыптастыру

Кәсіби дамытушылық:  Өзін - өзі жетілдіруге (өзін - өзі тануға, өзін - өзі

бақылауға, өзін - өзі бағалауға, өзін - өзі реттеуге) талпыну; творчестволық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Орындайтын жұмысқа жауапкершілік танытуға, кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіптік салада кәсіпкерлік ерекшеліктерін қалыптастыруға және әріптестермен өзара жақсы қарым – қатынас пен ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ

Пайдаланылатын көрнекіліктері:  «Электромонтаждық үстел» стенд-тренажер, оқулықтар, анықтамалықтар, слайдтар, макет, құрылғылар

Пәнаралық байланыс: «Еңбекті қорғау және өндірістік экология негіздері», «Электрлік машиналар», «Электротехниканың теориялық негіздері», «Электр жетегінің негіздері», пәндері

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі(Студенттергесабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру)

II. Жоспары:

1.Маңғыстау облысында өткен халықаралық WorldSkills сайысы

2. Электрден зақымданудан сақтану

3. Тәжірибелік жұмыстар

 

1. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ WORLDSKILLS САЙЫСЫ

Қатытысып отырған 3 курс 0911 мамандықтың студенттері. Бұл студенттер болашақ - техник - электрик. Ол ең күрделі, жауапты және қауіпті мамандықтарының бірі. Кәзіргі таңда жұмысшы мамандықтарына өте үлкен көңіл бөлуде. 2015 жылдан бастап Маңғыстау облысында халықаралық WorldSkills сайыс облыстық деңгейде өткізіледі. Соның ішінді электромонтаж құзыреттілігі бойынша  быил 2017 жылы Қошаханов Мағжан және Қозайдаров Сүндет қатысып, Қозайдаров Сүндет 3 орынға ие болды. Бұл сайыста қозғалтқышты іске қосу, басқару, электржабдықтарды екі бекеттен басқару, жарықтандыру сұлбалары бойынша тапсырмалар берілген.

Ендеше студенттерді үш бригадаға бөліп, әр топтың  бригадиры тапсырманы қабылдап, жұмыс барысын тұжырымдау тиіс.

Осы сабақтың мақсатына сәйкес электржабдықтарды қарастырып, талдайық.

Әр жұмысын бастар алдында еңбек қорғау қауіпсіздік ережелін сақтау тиіс.

2. ЭЛЕКТРДЕН ЗАҚЫМДАНУДАН САҚТАНУ

Электрден зақымданудан сақтану үшін қорғауыш жабдықтар: резеңке қолғап, резеңке боты, резеңке кілемше, қорғауыш штангілер қолданылады. Электр монтаждау жұмыстарын орындауда қолданылатын металл аспаптарын саптарына резеңке түтік кигізіледі.

Сондай-ақ электр тоғы соғу қауіпін қажетті жерлерде мұдайы ескертіп отыру үшін: «Кірме — өміріңе қауіпті », «Қоспаңдар — адамдар жұмыс істеп жатыр», деген және т.б. жазуы бар плакаттар іліп қойылады. Әдетте ондай плакаттар қондырғысы орналасқан бөлмелердің қабырғаларымен есіктеріне, электр қалқандары мен рубильниктер үстеріне, электр тоғы жүретін линиялардың тіреулеріне т.б. ілінеді. Бұл плакаттарда жазылған ескертпе - нұсқауларды мүлтіксіз орындау, қатаң сақтау қажет.

Электр қондырғыларын монтаждау және жөндеу жұмыстары бірқатар талаптарға сәйкес жүргізіледі:

а) барлық электр қондырғылары, олардың тоқ жүретін бөліктеріне адам кездей соқ тиіп кетпейтінде етіліп, монтаждалған болуы керек: проводтары мен кабельдер мұқият изоляцияланған болуға, тоқ жүретін басқа бөліктері құндақтар, жәшіктер, шкафтар түрінде жасалған қорғауыш болуға тиіс;

б) электр жабдықтарының тоқ жүруге арналмаған, металл бөліктері жерлестірілу қажет, яғни мыс проводтар арқылы жермен қосылған болуы керек, бұл сақтық тоқ жүрмейтін бөліктерде кенеттен кернеу пайда болған жағдайда оларға жанасқан адамдарды тоқ соғу қаупінен сақтап қалу үшін қажет, мұндай жермен қосылатын проводтардың кедергісі 4 Ом-нан артпау керек;

в) электр тоғы соғу қаупінен аулақ болу үшін кернеу түсіп тұрған электр қондырғыларында монтаждау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Мұндай жағдайда бақылау лампасының көмегімен немесе кернеу көрсеткіш приборымен тексеріп, қондырғыда кернеудің бар жоқтығына көз жеткізіп алу керек.

Бригадирлерді ортаға шақырып, тапсырма беру.

3. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР

Электр жабдықтары

Төменгі вольт электр жабдықтары

  • кабельдер, автоматтар
  • есептегіш, шамдар
  • дабыль шамдары, қысқыштар
  • ажыратқыштар,қосқыштар,
  •  қозғалтқыш

Жоғарғы вольт электр жабдықтары

  • күштік трансформатор, автотрансформаторлар ,
  • жоғарғы әуе  және кабель желілері

0911000 - «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша электрмонтаждау жұмыстарын өткізу:

1. Электромонтаждық үстелде электр сұлбаны жалғау.

2. Электр сұлбасын жинап, іске қосу (тапсырма бойынша):

- тарату щитының сұлбасы

- басқару щитының сұлбасы

- жарықтандыру сұлбалары

ІІІ. Қорытындылау, бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз