Өлең, жыр, ақындар

Графика мен диаграмма тұрғызу

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Информатика пән мұғалімі
Сейдахметова Айдана Каргабаевна

Сабақтың тақырыбы: Графика мен диаграмма тұрғызу.

Сабақтың мақсаты:

- Студенттерге Excel- дің графикалық мүмкіндіктерінің бірі – диаграмма құрастыруға  мағлұмат беріп,  диаграмма типтерін таныстыру.

- Диаграмма шебері арқылы студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау, көрсету, практикум

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, MS Excel терезесі, компьютер, тест сұрақтары, слайд.

Сабақтың барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

 - Студенттермен амандасу.
 - Студенттерді түгендеу.
 - Оқу құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Студенттерге MS Excel бағдарламасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтарды қою.

1. Microsoft Excel-ді іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегі орындалады?
2.Microsoft Excel кестелік процессорының қандай мүмкіндіктерін білесіңдер? Атап өтіңдер.
3. EXCEL-де барлық формулалар қандай белгімен басталады?
4. EXCEL-де деректерді сақтау және қорғау қалай жүзеге асырылады?
5. Функция мастерін шақыру үшін қандай қадамдар жасаймыз?
6. Ұяшықтар ауқымын таңдау қалай жүзеге асырылады?
7. Формула беруге көмектесетін терезені атаңдар.
8. Ұяшықты біріктіру үшін және сөз бойынша тасымал жасау үшін не істейміз?
9. Microsoft Excel кестелік процессорының терезесінің құрамы
10. Microsoft Excel-дің файлдары қалай аталады?
11. Кітаптар нелерден тұрады?
12. Жұмыс кітабында неше баған неше жол бар?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Семантикалық карта

 

Жолдар

Бағандар

Ұяшық

Аудан

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі?

=

 

 

 

 

 

Латын әріптерімен

 

 

 

 

 

Араб цифрларымен

 

 

 

 

 

В13:С19

 

 

 

 

 

Жол мен бағанның қиылысуы

 

 

 

 

 

ІҮ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Жоспар

- Диаграмма түсінігі
- Диаграмма типтері
- Диаграмманың негізгі элементтері
- Графикалық обьектілерді кірістіру
- Компьютерде жасап көрсету

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді.

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
1. Диаграмманы құру үшін: Қою менюдегі Диаграмма командасын таңдау
2. Стандарт аспаптар тақтасындағы Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның
бірінші қадамы экранға шығады: Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.
Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т. б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.
Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.
Диаграмма құру барысында Кері (Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі бар:

- Горизонталь немесе категориялар осі
- Вертикаль немесе мәндер осі

Диаграмманың негізгі элементтері:

Тақырып диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Дөңгелек диаграмма

Графикалық обьектілерді кірістіру: 

1. Жаңа файл ашамыз.
2. Меңзерді А1 ұяшығына орналастырамыз, себебі суретті бос А бағанына кірістіреміз.
3. Ол үшін Вставка – Столбцы командасын орындап, бүкіл кестені бір бағанға оңға жылжытамыз.
4. Вставка – Рисунок – Картинки командасын орындаймыз.
5. Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңдаймыз.
6. Суреттер бар терезе ашылады, ұнаған суретімізге маусты шертеміз.
7. Вставить батырмасын шертеміз, жақтаудағы сурет кестеге кірістіріледі.
8. Егер сурет көлемі ұнамаса, оны өзіміз қалауымызша үлкейтіп немесе кішірейтуімізге болады.

Ү. Жаңа сабақты бекіту:
1. «Сұрақ саған, жауап маған»
    1. Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады. Атап айтыңдар.
    2. Аңыз не үшін қажет?
    3. Диаграмма осьтері.
    4. Тақырып не үшін қолданылады?
    5. Диаграмма типтерін атаңдар.
    6. Диаграмма элементтері.

2. Тәжірибелік жұмыс орындау
№1 Тәжірибе. Диаграмма шеберін пайдаланып, гистограмма құрастыр.
Информатика пәні бойынша  І семестрдің қорытындысы

Тобы

5-ке оқитындар

4-ке оқитындар

3-ке оқитындар

БАРЛЫҒЫ

1МП-0911-16Б

1

10

1

12

1МП-0901-16Б

2

12

2

16

1ЭВТа-16Б

5

6

1

12

1ЭВТб-16Б

2

8

2

12

1ДПа-16Б

3

8

1

12

1ДПб-16Б

6

11

1

18

№2 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді  қолдана отырып, сақина түріндегі диаграмма құрастыр.
2015-2016 оқу жылдарындағы  ҰБТ қорытындысы.

Пәндер

Сапа

Қазақ тілі

35  %

Орыс тілі

24 %

Қазақстан тарихы

10 %

Математика

10 %

Биология

20 %

№3 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді  қолдана отырып, конустық диаграмма құрастыр.

9 сыныптағы МАБ қорытындысы.

Пән аттары

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Орыс тілі

17 %

80 %

80 %

Шет тілі

12,65 %

17,2 %

17,5 %

География

13 %

17,2 %

80 %

№4 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, цилиндрлік диаграмма құрастыр.

Оқушылардың сапалық құрамы.

Сыныбы

Оқу озаттары

Оқу екпінділері

1 сынып

8

21

2 сынып

8

20

3 сынып

7

23

4 сынып

6

20

5 сынып

6

22

6 сынып

7

23

7 сынып

5

25

8 сынып

7

25

9 сынып

6

25

10 сынып

5

24

11 сынып

3

24

№5 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді енгізіп, дөңгелек диаграмма құрыңыз.

 Тауар атауы

Бағасы

Капуста

100

Пияз

90

Апельсин

450

Банан

70

Лимон

200

Алма

250

Ысталған балық

400

Шұжық

300

Майонез

130

Маргарин

100

Печенье

250

Жұмыртқа

900

№6 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді енгізіп, гистограмма құрыңыз.

Тауар

Саны

Бағасы

Жалпы сомасы

% - пен көрсетілген пайданың үлесі

Тәтті тоқаш

130

10

1300

13%

Самса

130

10

1300

13,00%

Шырын

140

10

1400

14,00%

Тақтайша

50

50

2500

25,00%

Еден жуғыш

15

100

1500

15,00%

Орындық

10

200

2000

20,00%

3.  «Футбол» ойыны:

Ойынның сұрақтары:
    1. Графикалық обьектілерді кірістіру жолдарын көрсетіңдер.
    2. Сақиналық диаграмманы құрып көрсетіңдер.
    3. Дөңгелек диаграмманы құрып көрсетіңдер.
    4. Гистограмманы құрып көрсетіңдер.
    5. Конустық диаграмманы құрып көрсетіңдер.
    6. Көлемдік гистограмманы құрып көрсетіңдер.
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада футбол қақпасы және 6 доп беріледі. Доптардың астында диаграмма титеріне қарай құру шарты берілген. Оқушы қалаған добын таңдайды және диаграмма типінің құрылуын іс жүзінде көрсетеді.)

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау:

«Графика» сөзжұмбағы:

Сөзжұмбақ сұрақтары:

    1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
    2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
    3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
    4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
    5. Диаграмма осі. (вертикаль)
    6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
    7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)

ҮІІ. Бағалау:

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері
2. Үйден кесте жасап келу. (Кестені келесі сабақта компьютерге түсіреді.)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз