Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№18 «Мереке» балабақшасының
тәрбиешісі Мерует Джумагалыева
№12 «Арай» тобында ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология
Тәрбиеші: М.Джумагалыева
Тақырыбы: «Шымшық»
Мақсаты: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру. Шымшықпен таныстыру.
Білімділік мәні: Шымшықтың тіршілігі, басқа құстардан айырмашылығы туралы айта білуге үйрету.
Дамытушылық мәні: Баланың ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Тоқылдақ, көгілдір, сары шымшық, қауырсын.
Жеке жұмыс: Дамирге сары шымшық туралы түсінік беру.
Керекті құралдар: Суреттер, слайд-шоу, құстар дауысы, ойындар, музыка.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
Іздену - ұйымдастырушы
|
Шаттық шеңбері: - Сәлеметсіз бе, ашық аспан! Ұйымдастыру кезеңі: - Балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеймін. - Балалар, мына жұмбақтың шешімін табыңдаршы!
Мамықтай ақ көрпеге, Жердің беті оранды. Шанамен көп ойнайсың, Бұл қай мезгіл болады?
- Дұрыс, тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? - Қыста қандай ерекшеліктер болады? - Қыс мезгілінде неше ай бар? - Ай аттарын атаңдаршы. - Қазір қыстың қай айы? - Өткен оқу қызметін еске түсіру. - Балалар,біз өткен оқу қызметінде не туралы айттық? - Қандай балық түрлерін білесіңдер? - Олар, қайда тіршілік етеді? Жаңа оқу қызметімен таныстыру. Ал, бүгінгі ашық оқу қызметінде суда емес, орманда, далалы жерлерді мекендейтін тіршілік иелерімен танысамыз. - Балалар, құстар қалай дыбыстайды? Үнтаспадан құстардың дауысын (қарлығаш, қарға, торғай, шымшық) тыңдату. - Осы құстардың ішінен шымшықпен жақынырақ танысайық. Қане, мына құстың дауысын қайтадан үнтаспадан тыңдайықшы, қай құстың дауысы? - Балалар шымшықтың түрлері өте көп, олардың кейбіреулері өзі мекен еткен өңірдің атымен аталып кеткен. Көгілдір сары шымшық сияқты түрлері де бар. Негізінен орманда тіршілік етеді. – Шымшық, дене мөлшері жағынана орташа және ұсақ болып келеді.Жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын- «тақиясы» (айдары) болады; қанай,құйрық қауырсындары қара, оларға жол-жол болып сары қауырсындар араласқан, бауыры ақ. Шик-шик етіп,бұтақтан-бұтаққа қонып,құрт қоңыздарды, көбелек жұмыртқаларын теріп жейді. Көбінесе, тоқылдақпен бірге жүргенді ұнатады. Тоқылдақтың жанында болса, «көңіліде шат» қарны да тоқ. Тоқылдақ бүкіл орманды басына көтеріп, ағаш қабығы мен үгінділері жан-жаққа борап ұшып жатады. Тоқылдақ қабық жегіш құрттардың барлығын жеп үлгермейді де одан қалғандары шөже-торғайға бұйырады. Қыстап қалатын құстар суық торғай, қарға, сауысқан, шымшық. Құстар жаз бойы ұяларына жинаған дәндерімен, кепкен жеміс-жидектерімен қоректенеді. Сары шымшықты ауылдан да, қаладан да кездестіруге болады. Жаз күндері бір тыным таппайды, шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сарышымшықтың балапаны өте көп болады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі-қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса балапандарына алаып барады. Қалай ойлайсыңдар, шымшық қай жерлерде тіршілік етеді? - Ұялары қандай жерлерде болады? - Шымшықтар қандай дыбыс шығарады? - Шымшықтар немен қоректенеді? Сергіту сәті: Біз балдырған баламыз, - Балалар, орманға тағы да қандай құстар келіпті, олар қалай дыбыстайды екен, көрейікші. Слайд-шоу арқылы құстардың суреті мен дауысын естірту. Дидактикалық ойын. «Құсты тани біл». Шарты: бір құстың суретін алып оның атын атап, сипаттап, даусын салып беру керек. «Шымшықты боя». Мақсаты: баланың ой-өрістерін дамыту. Шарты: парақшадағы шымшықтың бейнесін өз ұнатқан құстармен бояу. Балалардың тапсырманы басшылық жасау. -Балалар, қане, кім құстар туралы тыйым сөздері және тақпақтары тыңдалады. |
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен және қонақтармен көтеріңкі көңіл-күймен, сәлемдеседі.
- Рахмет.
- Қыс мезгілі - Көктем, жаз, күз - Қар жауады, боран соғады. - Үш ай бар. - Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. - Ақпан айы
- Аквариумдағы балықтар. - Шілтерқұйрық, сазан, алтын балық т.б. - Суда тіршілік етеді.
- Балалар құстардың дыбысын салады.
- Шымшықтың дауысы.
- Балалар мұқият тыңдайды.
- Орманда тіршілік етеді. - Ағаштың басында, жарлардың қуысында. - Шик-шик деп дыбыстайды. - Жидектер жейді. - Балалар мұқият тыңдап отырады. - Балалар тапсырман орындайды. |
Рефлексті коррекциялаушы |
Қорытынды 1. Балалар бүгінгі ашық оқу қызметі сендерге ұнады ма? 2. Бүгінгі сабағымызда не туралы айттық? 3. Шымшық қандай құс? 4. Құстар қыста немен қоректенеді? 5. Шымшықтар адамдар мекендейтін жерге жылдың қай мезгілінде келеді?
Балаларды мадақтау. |
- Иә - Құстар, шымшық туралы. - Кішкентай құс - Кепкен жеміс-жидектермен - Алғашқы қар жауған кезде. Қыстыгүні |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: _ҚР Мемлекеттік рәміздерін, президентін, оларға сипаттама беруді біледі.
Игерді: Еліміздің рәміздерін құрметтеуді, сұрақтарға жауап беруді біледі.
Меңгерді: Патриоттық сезім болуы керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі