Өлең, жыр, ақындар

Ауған асуында от кешкендер

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Жағырапия пән мұғалімі
Джульбикеева Балбекен Алиевна

Тақырыбы: «Ауған асуында от кешкендер»

Мақсаты:

Білімділік: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру. Ауған соғысы ардагерлерімен, олардың ерліктерімен  таныстыру;

Тәрбиелік: қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, ауған соғысында опат болған ардагерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, әңгіме-сұхбат жүргізу, ой бөлісу.

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта, «Ауған соғысы» жайлы видеофильм.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты ұстаздар, студенттер және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған «Ауған асуында от кешкендер» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

(Әнұран орындалады)

1-жүргізуші

Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған-дей отырып, бүгінгі кешімізге ауған соғысының ардагерлері кездесуге келіп отыр:

1. Құлсариев Сәтбай
2. Ерғалиев Шатай
3. Ылиев Мұрат

Бүгінгі кешімізді ашып, жүрекжарды лебізін білдіру үшін сөз - колледж директоры Бибінұр Саттарқызына беріледі.

2-жүргізуші

Ауғанның қанды даласы
Адамзаттың наласы
Бүк түсіп жатыр қан құсып,
Қаралы таулар, қарашы
Адасып барып армандар,
Камалда күл боп қалғандар
Гүл болып көгеріп
Өмірді қайта жалғаңдар
Арманда кеткен ер үшін,
Ұмытпас елім арысын - дей келіп, студентіміз Шеркешбаева Тұрсынайдың орындауында тәуелсіздік құрбандарына арналған толғауды қабыл алыңыздар.

Оқытушы:

Қазақ халқы Ресей халқы империясына 260 жыл тәуелді болды. Осы жылдары, яғни 1978 жылдың желтоқсанында Кеңес-Ауған достастық шартына қол қойылды. 5-мамыр Түркістан әсери округында «Мұсылман батальоны» жасақталды. Оған тек Орта Азиялық жастар алынды. 1979 жылы 12 желтоқсанда Л.И.Брежнев Ауғанстанға әскер енгізу жөнінде шешім қабылдады.

Жалпы он жылға созылған. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетіпті. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында екен.

Міне, Ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.

Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған.

(5 студент ортаға шығып өлең оқиды.)

1-жүргізуші:

Есімде ол күн қаралы,
Зуылдап жылдар барады.
Сарбаздар бәрін біледі,
Ауғаннан қайтқан жаралы – деп ортаға 2АТП-14Б тобы студенттерін шақырамыз.

2-жүргізші

Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын,
Баласын іздеп аналар
Анасын аңсап балалар,
Жүрекке түскен бомбадай..
Жазылар қашан жаралар - деп ортаға студенттер дайындаған «Соғыс қасіреті» көрінісін қабыл алыңыз.

2-жүргізуші

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер
өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер! – дей отырып, ауған соғысында қаза болған ағаларымыздың рухына 1 минуттық үнсіздік жариялаймыз.

«Ардагерлерге тағзым», өлеңді оқитын Мұрат Нағашыбаев

Құрманғазының күйі «Адай», орындайтын Жолдас Қуаныш

1-жүргізуші:

Сол ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы щыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік деп, ауған соғысына қатысып ерлік көрсеткен ардагерлерімізге сөз берейік:

Ардагерлерге қойылатын сұрақтар.

1. Құрметті Сәтбай ағай, қай жерде дүниеге келіп, балалық шағыңыз қай жерде өтті, алғашқы ұстазыңыз кім?
2. Әскери борышыңызды қай жерде өткердіңіз?
3. Ауған соғысында есіңізде қалған бір оқиға туралы айтыңызшы?
4. Ауған соғысындағы ерліктеріңіз үшін қандай медальдармен марапатталдыңыз?
5. Сәтбай ағай, бізге айтар қандай ақ тілегіңіз бар?

1-жүргізуші:

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.

Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.

Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін! (алғыс хат, сыйлықтар табысталады)

Ұстаздар хоры  «Қазақтай ел қайда?»

«Көк тудың желбірегені» әні


Пікірлер (2)

Нұлан

Пайдама жарады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз