ГККП "№ 4 Ветерок балабақшасы"
Тәрбиеші: Асаубекова Динара Мақатайқызы
Мақсаты: Балаларды 7 санымен, цифрымен таныстыру, 7 санының құрамын анықтату, өрнек құра білуге үйрету. Апта күндері және «Жеті қазына» туралы түсінік беру. Балалардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Баланың бос уақыттарын тиімді өткізуге, халық даналықтарын білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын,слайд
Билингвальды компонент: жеті - семь
Тәрбиеші:
Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Біздерге көптеген апайлар қонаққа келіпті.қане баріміз амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем делік үлкенге!
Салеметсіздерме!
Тәрбиеші: Қане балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қанша ай бар? Оларды атап өтейікші.
Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар? Атап шығайықшы.
Балалар: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Тәрбиеші: бүгін аптаның қай күні?
Балалар: сейсенбі
Тәрбиеші: бүгін бізде математика оқу іс-әрекеті.
Өткен оқу іс-әрекетін еске түсіру үшін сандарды тура және кері санау.
Слайдта көрсетілген сандарды санап шығады.
(Балалар сандарды қазақша және орысша санап шығады)
1,2,3,4,5, 6.
Логикалық есептер шығару:
1. Екі сиырда қанша мүйіз бар? (Төрт)
2. Бір мысықтың аяғы қанша? (төрт)
3. Аспанда неше күн бар? (Бір)
4. Бағдаршамда неше көз бар? (үш)
5. Бір қолда неше саусақ бар? (Бес)
6. Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт)
Тәрбиеші: Балалар бүгінбіз сендермен 7 саны және цифрымен танысамыз.
Жеті –семь жеті – семь
Қане 7 санын ауада жазып көрсетейікші. (Саусақтарымен ауада жазады)
Жеті санына арналған тақпақ оқып береді:
Жазда шөпті шабар,
Қыста тыныш табар.
Шалғы бар әр үйде,
Жетіге ұқсас бәріде.
(Балалармен өлеңді бір рет қайталайды)
Балалар жұмбақ шешкілерің келеме?
-Жарқылдан соң жаңағы
Суға толды бар алқап.
Көкте түрлі жолақты
Өрнек тұрды ғаламат. (Кемпірқосақ)
Қане, балалар, кім маған айтады кемпірқосақта қанша түс бар?
Аделя: 7 түс бар.
Тәрбиеші: Қане олай болса бәріміз бірге кемпірқосақтың түстерін атап, құрастырайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар кемпірқосақты дұрыс құрастырдыңдар.
Тәрбиеші: 7 саны қазақта киелі сан болып аталады. Оның құрамы жеті бірліктен тұрады.( Балаларға жеті таяқшаны беріп санатып түсіндіру) қараңдаршы неше таяқша бар? Жеті саны шықты.
1. Тапсырма
Тәрбиеші: ал енді алдарыңда ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Орманда нені көріп тұрсыңдар?
Неше саңырауқұлақ бар?
Қоян нешеу?
Тиын нешеу?
Шырша нешеу? Орманның ішінде қандай сандар бар?
Олай болса әр затты өз түстеріне қарап атайықшы? Шырша қандай түсті?
2.Тапсырма
Орманда бір қоян өмір сүрді. Ол өзіне үй жасады.
Балалар экранға назар аударайықшы, не көріп тұрсыңдар?Неше қабатты үй?
Әр қабатында неше үшбұрыш, неше дөңгелек берілген, шатырында неше деген сан тұр? (Балалар есептерді шығарады).
Бір кезде қоянғаалты досы қонаққа келеді. Ал қоянның үйі болса тар еді. Ол тағыда үш бөлме жасады. Барлығы қанша бөлме болды. Ал қояндар ше?
(Балалардың жауаптары)
Сергіту сәті (Қояндар мен бірге көңіл көтеру)
7 рет оң аяқпен секіру, 7 рет сол аяқпен секіру, 7 рет жерді тебу, 7 рет қол шапалақтау, 7 рет қасыңдағы досыңмен қол соғу.
«Не артық» ойыны
3. Тапсырма.
Тиын жаңғақтарын себеттеріне бөліп сала алмай тұр, оған біздің көмегіміз керек болып тұр. Оған көмектесемізбе? (Иә)
Бір себет ке төрт жаңғақ ал екінші себетке неше жаңғақ салуымыз керек?
Балаларға жеке себеттер мен жаңғақтар беріледі.
Тәрбиеші: 7 саны балалар киелі сан деп айтылыды. 7 санына байланысты көптеген қазақтың ырымдары бар.
Жеті шелпек не үшін пісіріледі?
Балалар: оны аналарымыз отбасымыздың амандығы үшін пісіреді.
Тәрбиеші: апта апайдың қанша балалары бар?
Санамақ
Жеті күн
Сәл демалып тыным ал,
Тақпақ тыңдап ұғып ал,
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі - Дүйсенбай,
Екіншісі - Сейсенбай,
Үшіншісі – Сәрсенбай,
Төртіншісі – Бейсенбай,
Бесіншісі –Жұмабай,
Алтыншысы – Сенбіжан,
Жетіншісі – жексенбай.
Тәрбиеші: Сендер жеті ата дегенді білесіңдерме?
Нұртас: Жеті атасын білген ер
Жеті елдің қойын жер.
Әке. Бала. Немере. Шөбере. Шөпшек. Немене. Туажат.
Слайдтан суреттерін көрсету
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар барлықтарың дұрыс айтасыңдар.
«Сиқырлы шарлар» ойыны:
Шарларда байланған сұрақтарға жауап беру арқылы оқу іс-әрекетін қортындылап, аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі