Өлең, жыр, ақындар

Сызықты алгоритмдерді программалау

ОҚО, Түркістан қаласы
«Бабай-Қорған» жалпы орта мекбінің       
Физика-информатика пән мұғалімі      
Халиллаев Абдусалам Маликович        
         

Сыныбы: 7 Ә сыныбы   Пәні: информатика      _________________

 

Тақырыбы

Сызықты алгоритмдерді программалау

Сілтеме

Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық. 

Мақсаты

сызықты бағдарламаның құрылымымен танысу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру дағдысын қалыптастыру;

Оқу нәтижесі:

Оқушылар паскаль тілінде сызықты алгоритмнің жазу пішімі мен блок-схемаларын, программасын  құрып үйренеді, қолдануға машықтанады.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру. Жеті модульді ықпалдастыра отырып, табысты  оқыту мақсатына жету.

Қолданылатын материалдар:

проектор, ноутбук, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер

Жаттығулар:

   1. Сергіту сәті

   2. Топта жұмыс істеу ережесі

   3. Топтық жұмысты бақылау және бағалау

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

топтық жұмыстар

өзгенің пікірін құрметтей білу

өзін-өзі және өзгені бағалау

Дереккөздер:

Информатика  Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық 

Интернеттен алынған ақпараттар

қосымша дидактикалық материлдар

Оқуға арналған тапсырма:

Оқулық

оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстары.

Практикум

Тапсырмалар:

   1.  Ұйымдастыру.Тренинг
   2.  Өткен сабақты пысықтау сұрақтары
   3.  Жаңа сабақ
   4.  Сергіту сәті
   5.  Практикалық жұмыс
   6.  Сабақты бекіту
   7.  Бағалау. Үй тапсырмасы
   8.  Рефлексия.

 

 

Кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

(2 мин.)

Ұйымдастыру

 

Ынтымақтастық атмосферасын құрады.

 

Кезекші сынып жайында ақпар береді.

Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілеп,сабақта сәттілік тілейді.

 

Үлестірмелі  суреттер

Жағымды ахуал

(3 минут)

«Шаттық шеңбері» Шеңбер құрып,  информатика пәнінің терминдерін қатыстыра отырып,  тілек айту;

Оқушылар өз ойларын айтып шығады.

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

(7 мин.)

«Кел, құлыпты ашайық» өткен сабақты пысықтау сұрақтары

  1.   Алгоритм дегеніміз не?
  2.   Алгоритмнің қасиеттері
  3.   Алгоритм орындаушылар?
  4.   Өрнектер дегеніміз не?
  5.   Өрнектердің жазылуы?
  6.   Сандық функциялар?
  7.   Div және  mod функциялары
  8.   Паскаль тілінің алфавиті?
  9.   Алгоритмнің жазылу жолдары?
  10. Программа құрылымы?
  11. Мәліметтер типі не үшін қажет?
  12. Мәліметтердің стандартты типтері?  
  13. Меншіктеу операторының пішімі?
  14. Мәліметтерді енгізу операторы?
  15. Мәліметтерді шығару операторы?
  16. Программа қандай қызметші сөзден басталады?

Сұрақтарға жауап береді.

 

Өзара бағалау

слайд

Жаңа сабақ

(13 минут)

 

Топтық жұмыс

 

Берілген тақырыптар бойынша жалпы мәліметтер беремін. Одан соң оқушылар түсінгендері бойынша постер қорғайды:

   1. Сызықты алгоритм ұғымы
   2. Сызықты алгоритмнің блок сызбасы
   3. Сызықты алгоритмнің программасы

Тапсырмаларды орындайды.

Өзара бағалау

 

Сергіту сәті

«Жалғанған құбырлар»

 

 

 

Практикалық кезең

(10 мин.)

 

Жеке жұмыс

Оқушыларға деңгейлік тапсырма беремін. Берілгендер бойынша программа құрып, дәптерге және тақтаға жазады, компьютерде орындап дұрыстығын тексереді

1 деңгей

Үш бұрыштың ауданын табатын программа құр. S = 1/2a * h  (1 ұпай)

2 деңгей

Берілген формула бойынша y-тің мәнін есептейтін программа құр  (2 ұпай)

3 деңгей

Екі нақты сан берілген: х және у. Олардың қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және бөліндісін табатын программа құрыңдар.

(3 ұпай)

Оқушылар тапсырманы дұрыс орындауға тырысады

Белгілермен бағалау

 

Компьютер, практикалық тапсырма үлестірмесі

Сабақты бекіту

«Дұрысын тап» ойыны

(4 минут)

Слайдта сабақта өткен материалдар бойынша тест сұрақтары беріледі. Және оның бірнеше дүрыс жауаптары болуы мүмкін. 

   1.    ______________________
   2.    ______________________
   3.    ______________________

 

Топтық бағалау

 

Кері байланыс.

2 мин

«Басбармақ» әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсінгендеріңізді көрсетіңіздер

Өз пікірлерін айтып өтеді.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. 

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

 

 

Бағалау

2 мин

Топбасшысының бағалауы болады. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтық бағалау.

Жұптарын бағалайды.

Топбасшысы бағалайды.

 

 

1 минут

Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма: Массивтер жайлы ізденіп келу.

Оқушылар үй жұмысын күнделікке жазып алады.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз