Тақырыбы: Ер есімі- ел есінде
Мақсаты: Оқушыларға желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын жете ұғындыру. Оқушыларды отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін білуге тәрбиелеу.
Әдісі. Әдеби-музыкалық монтаж, әңгімелеу, сахналық көріністер.
Көрнекілігі: Видеопроектор, слайд.
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. «Желтоқсанда тәуелсіздік таңы атты» әдеби-сазды бағдарлама
3. «Мұзда жанған алау» сахналық қойылым
4. Қайрат ақын болар ма еді?
5. Тәуелсіздік шежіресі.
6. Қорытынды.
1. Ұйымдастыру. Оқушыларға бірдей форма кигізіп тұрғызу. Тыныштық сақтау. Жүргізушілер ортаға шығу, сәлемдесу.
2. «Желтоқсанда тәуелсіздік таңы атты» әдеби-сазды бағдарлама
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жылда ғасырлар байы найзаның ұшымен, білектің күшімен, еліміздің ерен ісімен, кешегі екі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Ер есімі-ел есінде» атты ашық тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз!
2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те ,1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы назарлықтың көрнісі болса керек.
Айдын: Суық еді Желтоқсанның ызғары
Жібімейтін кез келгенге мұз қары
Уақыттың өткендігін айғақтап
Ешқашанда жүрмейтұғын тайғақтап
Дүниені дүр сілкінтті сол күні
Қазағымның ұлдары мен қыздары
Ғазиза: Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің
Бұрқ етіп қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы
Думан: Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны
Желтоксан-сен азаттықтың жыр-әні
Ұмытпайды сені мәңгі ұланның
Желтоқсан-болашағы елімнің
Асылбек Жас арудың жанарында желтоқсан
Қанды ғасыр табанында желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған желтоқсан
Қара тұман қабағында желтоқсан
1.Жүргізуші: 16-шы желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты.Үкімет жастарға қарсы күш қолданды.Қаншама өмір
қыршынынан қиылды,қаншама ана аңырап баласын жоқтады?Тірі қалғандары қуғынға ұшырады,оқудан,жұмыстан босатылды.Оларды кейіннен ақтағанымен бәрібір жүректе сыз қалды.Ел намысы жолында құрбан болған
аға-апаларымыздың әруағына бас иеміз!Біздің тәуелсіз жас мемлекетімізді олардың рухтары қолдасын.
2.жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы-халқымыздың ұлттық намысының оянуы,саяси сананың өсуі.Сан ғасыр,сан жылдар бойы көрсетіп келген әділетсіздікке,шындықтың мінсіз бұрмалануына қазақтардың көрсеткен қарсылығы-тарихи құбылыс.
Нұрмұханбет: Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәнгүрт кете жаздаппыз
Қосайық басты,бауырлар
Жанайық жансақ маздап біз
Кәмшат: Өгей қозы біз болдық елімізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Күңірену,айқайдан құлақ тұнды
Көзге жас ап аналар жылап тұрды
Иманғали: Намысымның шырағы да-желтоқсан
Сұрқай өмір сынағы да-желтоқсан
Жігіттіктің ұраны да-желтоқсан
Жаңа күннің шуағы да-желтоқсан
1-жүргізуші: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың
Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың
Желтоқсан-Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жалған қойған жаланың
ІІ-жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, жас Қайратым, жас өрені халқымның
Көрініс: «Қайрат тергеуші алдында»
1-жүргіуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы желтоқсанның 9-күнгі жарлығымен желтоқсан оқиғасы кезінде елінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық ерлігі үшін марқұм болған Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлына «Халық қаһарманы» атағы беріліп «Алтын жұлдыз» тапсырылды.
Айгерім: Естен кетпес аяаусыз ұрғандары
Қазаққа неше айла құрғандары
Қайрат сынды елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезінде құрбандары.
Шохан: Біреу қарғап дүние-ай, жақ ашпайды
Қайрат ұлан осылай аласталды
Құрбандыққа күні бұрын белгіленген
Артық адам сен болдың Алаштағы
Ғазиза: Озбырлық күшпен тұншығып
Үміттің оты өшкен күн
Жанында таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн
Жанболат: Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан
Шыбық өлді қырқада өсіп тұрған
Шындық деген жоқ екен сотыңда да
«Атуға» деп міз бақпай кесік қылған
Айдын: Желкеме тиді сілтеген күрек, қамшының
Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар
Жастарға шашқан мұзды судан, мұз шашылар
Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар
ІV. Қайрат ақын болар ма еді.
Шохан Менің тағдырым.
Жанболат: Ақтық сөз
Айгерім: Анама
Абылай: Кездесеміз әлі біз
Шерхан: Асыл бейне
ІІ-жүгізуші: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді
Бізге бұны ешкім аяп бермеді
Тәуелсіздік –Қайрат,Ләззат,Ерболдың
Тас көшеде тас талқан боп өлгені
І-жүргізуші: Шала жансар қар астына көмгені
Тәуелсіздік ата-баба арманы
Қандай елмін бүгін міне,көр мені
Алаулайды мүмкін еес сөнгені
ІІ-жүргізуші: Тойланып мың мереке,ұлыс күні
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры
Халқымнң бақыты үшін аз байлық па?
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы
І-жүргізуші: Ешкімде көзіне ілмес ноқталыны
Ешқашан ондай ұлттың жоқ тамыры
Бабалар аңсап өткен кезге жеттік
Қолдасын көк туымды хақ Тәңірі
Қазақстан Республикасының Әнұраны.
Тәуелсіздік шежіресі:
І-жүргізуші: ХХІ-ғасырда Қазақстанда бейбітшілік,елімізде тыныштық болып ,егеменді елдігіміз ұзағынан болсын.
Хор: Атамекен, Елім менің, Егеменді Қазақстан
ІІ-жүргізуші: Далада думан,қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім
Жасай бер жаса асқардан аса әрқашан
Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз менің Қазақстаным.
І-жүргізуші: Осымен «Ер есімі-ел есінде» атты желтоқсан оқиғасының «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековке арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы "Ақжігіт орта мектебі" ММ
Бастауыш сынып мұғалімі Баймуналова Сулушаш Араловна
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі