Өлең, жыр, ақындар

"Қыс" Абай Құнанбайұлы

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
«Новоселов орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Тержанова Орынгүл Жақсылыққызы

Сабақтың тақырыбы: "Қыс" Абай Құнанбайұлы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абайдың жылдың қыс мезгіліне арнап жазған өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Абай шығармаларын оқи отырып, төл әдебиетіміздің, тіліміз бен мәдениетіміздің сарқылмас қазыналарынан үлгі алуға тәрбиелеу. Абай ұлылығын терең сездіру, туған жер табиғатына қамқорлық жасауға баулу. Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілік құралдары: Абай суреттері, слайд
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен,
Амандасып алайық.
Қонақтарға ізетпен.

- Балалар сабақты бастамас бұрын топқа бөлінейік.

- Ендеше мына жерде тұрған қағаздарды алайық.

Оқушыларды күз және қыс туралы өлеңдер арқылы топқа бөлу.                                                           

Топ басшысын сайлау.

Бағалау парақшасын топ басшыларына тарату.

Үй тапсырма: балықтар туралы мәлімет жинап жазу.

“Су мен балық“  мысалды жазған кім?

Шона Смаханұлы туралы не білеміз?

1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданындағы «Ойық» ауылында дүниеге келген. Ақын, сықақшы.

Ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді.

1942-1943 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін бipaз жыл бойына (1943-1957 жылдары) ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған.

1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірген.

1957-1957 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, 1958-1963 жылдары «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттерінде, 1964-1968 жылдары сатиралық «Ара» журналында қызмет еткен. 1973-1983 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция мeңrepyшici болған.

Шона Смаханұлы әдеби творчествомен 1950 жылдан шұғылдана бастады. «Тотияйын» атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.

Ақын-сатирик «Айға ұшамын» кітабына (1971) енген «Нағашы» атты балладасында балалық-жастық кезеңін, «Сүрінсең де жығылма» хикаятында  алапат аштық көріністерін өз өмірімен, тағдыр-талабымен байланыстырады.

Ш.Смаханұлы кеңестік жүйе тұсында-ақ «Ана тілім – ардағым менің» деген ән-өлеңмен ұлттық тілдің қадір-қасиетін терең танып, қалың көптің көңіл-жүрегіне берік ұялатса, «Қос тіл білсе, кәнеки» мақаласында («Қазақ әдебиеті», 1989 жыл 10 ақпан) ана  тілін ардақтап, сол арқылы ойлап-сөйлеп, ұлтқа адал қызмет етудің қыр-сырын кеңінен ашып көрсетеді.

Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген.

Мысал-сықақтары 1963 жылдан бepі жарияланып  келеді.

Шона Смаханұлы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдарымен марапатталған. Оның есімі Алматы қаласындағы мектепке берілген.

 – Балық қайда тіршілік етеді?

-Балық қалай мақтанды?

– Оны кім қалай түсінді? (Бір күні балық әбден мақтанды. Ол теңізді жамандады, өзінің сусыз – ақ өмір сүре алатынын айтты.)

– Балықтың мақтанғанына теңіз қалай жауап берді?

(теңіз ашуланды: өркөкірек балықты құрлыққа шығарып тастады.)

– Балықтың жағдайы қалай болды?

(Сусыз құрлықта күннің ыстығына шыдай алмай шөлдеді, қиналды. Жаны әбден қиналған балық суды аңсап жылады. Мақтанам деп осындай күйге тап болғанына өкінді.)

– Балықтың өкінішін білдірген шумақты тауып, мәнерлеп оқыңдар.

Мөлдір суым, мекенім,
Енді қайтсем жетемін
Қадіріңді білмедім
Неге шалқып жүрмедім

- Балалар қалай ойлайсыңдар,өмірде осы балық сияқты адамдар болу мүмкін бе?

– Қандай балық түрлерін білесің?(Балалар өзерінің жазғандарын оқиды.)

Жаңа сабақ

- Енді балалар жаңа сабақтың тақырыбын табу үшін мен сендерге өлең жолдарын беремін  және осы өлеңге байланысты көмек ретінде үлгі беремін.Сол үлгіні пайдаланып бүгінгі сабақта кандай ақын,жазушымен  танысатынымызды білеміз. Ақын  Абай Құнанбаев атамызбен танысамыз.

Абай атамыздың қандай өлеңімен танысатынымызды  жұмбақ шешу арқылы білеміз.  

Аяз қысып өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады. 
Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады?   (Қыста)
Абай Құнанбайұлы «Қыс»
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 - 1904) Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды.
Кішкентайынан зерек Абай көпті көрген әжесі Зеренің және Ұлжандай ақылды ананың тәрбиесінде болған. Әкесі Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Абай ауқатты от басынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Сонымен қатар, Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай», «Жаз», «Жазғытұры» .

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз.Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар.Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен,қаһарлы мінезімен,сықырлаған аязымен ерекше.

Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын,ерекше бір ұмтылмас сәттерін тамашалайды. Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңімен  танысамыз.

Бейнетаспадан өлеңді тыңдау

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Ауызша сұрақ-жауап әдісі арқылы өлең мазмұны түсіндіріледі. 
- Автор қысты кімге теңейді? (Қысты адамға, кәрі шалға теңейді) 
- Шалдың киімдері қандай? (Ол ақ қиімді, үстін ақ қырау басқан) 
- Киім деп отырған не? (Ол жауған қар, қатқан мұз) 
- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (ол - қатал, соқыр, мылқау адам сияқты) 
- Соқыр, мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады) 

Сөздік жұмысы.
Соқыр, мылқау – түк көрмейтін, аямайтын қаталдық.
Бұрқ, сарқ – қатты дауыл, боран болғандағы аяз, жел күшейгенде.
Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп кию.
Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.
Ұшпа – жеңіл, жұқа қар
Топпен жұмыс

1-топ «қыс» бес жолды өлең құрастыру

«Қыс» сөзіне синквейн құраңдар

Аязды, салқын

Келді, түсті, жетті

Аязды қыс келіп жетті.

Жыл мезгілі

1-зат есім

2-сын есім

3-етістік

4-сөйлем,т үйін.

5-синоним мағынасы жуық

2-топ өлеңнің мазмұнына сай сурет салу

Сергіту сәті

Жұппен жұмыс

Қыс туралы мақал–мәтелдердің жалғасын табу

Қыста малыңды бақ, Жазда шөбіңді шап.

Қыстағы қар - жерге ырыс,

Жердегі ылғал – елге ырыс.

Ақ қар көп болса,ақ нан көп.

Арбаңды қыста сайла Шанаңды жазда сайла.

Тест құрастыру «Балалар өздері құрасырады»

1. Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?
2. Өлеңді жазған кім?
3. Терезеге оюды не салады?
4. Шидем деген не? Қой жүнінен тоқылған сыртқы киім
5. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?
6. Қысты кімге теңейді?

Ойлан тап

1 - топ
...... түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман.......
Білмеймін..., тоңғаны ма,
......, бие қашқан, тай жарысқан.
2 - топ......, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес.......
Қайыршы... -... түсі кетіп,
... айырылған ағаш, қурай.

Венн диаграммасында күз, қыс мезгілдерін салыстыра сипаттау. 

Күз                                                                                     қыс

Жаңбыр жауады                                жыл мезгілі           қар жауады

Жемістер піседі                                 мейрамдар            аяз,ызғар

Қырман дәнге толады                       түн ұзақ                 боран соғады

Құстар ұшып кетеді                            күн қысқа              шана,шаңғы тебеді

Жапырақтар сарғайып түседі

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы»

Үйге тапсырма: “Қыс” өлеңін жатқа айту. 
Қыс тақырыбына эссе жазу. 
Бағалау парақшаларымен балаларды ортаға шақырамын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз