Тақырыбы: Аспаптар сыр шертеді
Сабақтың білімділік мақсаты:
Тәрбиелік мақсаты:
ұлтжандылыққа, адамгершілікке;
Дамытушылық:
Театрланған қойылым арқылы шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементтері, аңызды сахналау, күй тыңдау.
Көрнекілігі: Слайдтар, домбыра аспабы, киіз үйдің, ұлттық киімде қыз баланың, домбыраның макеті, фонохрестоматия.
Үй тапсырмасын сұрау |
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі |
Жаңа сабақ |
Сабақтың модулі |
Сергіту сәті |
Бағалау |
Домбыра үйрену |
Үйге тапсырма |
Ән айту болімі |
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды үш топқа бөліп орналастыру.
II. Үй тапсырмасы.
Қызығушылықты ояту
Ұлттық музыкалық аспаптардың суреттері слайд арқылы көрсетіледі. Киіз үй, ұлттық киім киген, қолында домбырасы бар қазақ қызының макеті.
Мұғалім: - Қазақ халқы сұлу табиғат аясында өмір сүрген. Баспанасы көшіп-қонуға ыңғайлы – киіз үй болды. Мына ұлттық киімдегі қазақ қызы бізге қонаққа келді. Қолында домбырасы бар. Ол музыка өнерін өте жақсы көреді. Оның аты – Әуен. Әуен сендердің музыка сабағында өнерлеріңді, білімдеріңді көргісі келеді. Әуенмен достасқыларың келе ме? Балалар сендер сабаққа дайынсыңдар ма? Үйге берілген тақырып қандай еді?
Оқушылар: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.
Мұғалім: - Қай халықтың музыка аспаптары болмасын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрпына орайласа туындап пайда болған. Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.
Тапсырма. Енді балалар, үй тапсырмасы бойынша әр топ аспаптың құрылысы мен жасалу жолдарын айтып, аңыз желісі бойынша театрланған қойылым көрсетеді. Аспаптар туралы суреттер мен бүктеме қағаздарыңды қорғайсыңдар.
Әр қойылымнан кейін фонохрестоматиядан қобыз, жетіген, домбыра аспаптарының орындауында күйлерден үзінді тыңдалады. Мұғалім қобыз аспабында «Ұшардың ұлуын» орындайды.
Сабақтың өту барысы. Оқушылар үш топқа бөлінген.
1. Қобыз тобы.
2. Жетіген тобы.
3. Домбыра тобы.
Сергіту сәті.
Ұлттық ою-өрнек би қимылдары.
III. Жаңа сабақ
«Ақсақ құлан» күйі ойналып тұрады.
Слайдтан суреттер көрсетіледі.
Мұғалім: «Ақсақ құлан аңызын» айтады.
Домбыра - көшпелі қазақтың
көне көз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек көзі, Атадан балаға мұра боп жатекен киелі аспабы. (А.Жұбанов)
Екі ішектің бірін қатты бірін сәл – сәл кем бұра Қазақ нағыз қазақ емес
Нағыз қазақ – домбыра
(Қ.Мырзалиев)
Домбыра үйрену әліппесі
а) Домбыраның құрылысы
ә) Аспапты дұрыс ұстау
б) Отыру қалыбы
в) Қағыстың түрлері
Аспапты дұрыс ұстау, отыру қалыбы
1. Орындықта денені тік ұстап, түзу отыру 2. Домбыра басы сол иық деңгейінен төмен болмауы керек 3. Ішекті жоғары – төмен қаққанда қолды бос, жеңіл қағу 4. Пернені басу, қағысты қағу кезінде екі қол буындарын күш салмай бос ұстау керек
Мұғалім домбыра аспабнда қағыстарды тартып көрсетеді.
Қағыстың түрлері:
Төмен қағыс - п
Жоғары қағыс- v
Оқушылар аспапты дұрыс ұстау қалыбын сақтап, қағыстарды тартады.
Аппликатура
Үш топ қиылған домбыра бөлшектерін орналастырып, жапсырады.
Домбыра бойындағы әлеуметтік қызмет
1. Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.
2. Домбыра – шежірені білуді талап етеді.
3. Домбыра – адамгың ішкі жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
4. Домбыра – иманды болуға жол ашады.
5. Домбыра - әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
6. Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
Ән айту бөлімі
а) Дауысқа жаттығу
ә) Ән “Домбырасыз сән қайда?”
Домбырасыз сән қайда
Әннің екпіні: көңілді Әнін жазған И.Нүсіпбаев
Сөзін жазған Х.Талғаров
1. Елдің жырын жырлаған, 3. Абай, Жамбыл, Қайғысын да толғаған. Таңғалдырып ән салған.
Домбырасыз ешқашан Жүрегіңді жандырған,
Жүрекке ем қонбаған Естіген жан тамсанған
Қайырмасы: Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда, 4. Домбырамен сөйлеген
Домбырасыз ән қайда. Махаббаты халқымның.
Ән мен күй бар өмірде Жігер беріп күй деге
От та таулап жанбай ма? Шақырады алтын күн.
2. Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүрекке от жақсын деп,
Елге күйін арнаған
IV. Қорытынды.
Әуеннің жұмбақтары.
Ұзын мойын
Екі ішекті
Қатар-қатар текпішек
Басып көрсең бір-бірлеп
Үн шығады күмбірлеп (Домбыра)
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау үн шығар.
Ойнап кетсең , түрлі – түрлі жыр шығар.
Бұл аспап қай аспап? (Жетіген)
Сазымнан жасалған,
Өрнектеп қашалған.
Сырнайдың үніндей,
Бұбұлдың біріндей. (Саз сырнай)
Бас , құлақ, мойыны бар,
Үп – үлкен шанағы бар.
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар. (Қобыз)
«Аспапта ойнау әдісі» ойыны
< >Үш топтан бір оқушыдан шығады. Үш топтан үш оқушы шар үруден жарысады. Бұл үрмелі аспапта ойнау әдісіне жаттығу.
3. Оқушылар доппен қағысып ойнайды. Бұл ұрмалы аспапта ойнау әдісіне жаттығу.
“Дауысын ажырат” ойыны
Оқушылар аспаптардан күй тыңдап, дыбыс бояуы арқылы қай аспап екенін ажыратады.
V. Бағалау. Аспаптардың суреттері арқылы бағалау.
VI. Үйге тапсырма
Домбыра қағыстарына жаттығу.
Ұлттық музыкалық аспаптар жайлы материалдар жинақтау
Аминв
Оте тамаша