Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және тереңдету, оларды бір-бірінен ажыратуға , оларға қамқорлық жасауға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға үйрету,үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді қайталай отырып сұрақтары арқылы тіл байлығын дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.
Көрнекілік: Суреттер, төлдердің үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын сабаққа аудару.
Тәрбиеші:- Балалар жылдың қай мезгілі.
Балалар:- Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:- Қай ай
Балалар:- - Ақпан айы.
Тәрбиеші:- Аптаның қай күні.
Балалар: -Сәрсенбі.
Тәрбиеші: -Күн қандай
Балалар: - Жақсы.
Тәрбиеші: - Балалар біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар;қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. Сендер көздеріңді жұмыңдар, көз алдымызға ауылдағы төлдердің, үй жануарларына не жатады дедік айтайық.
- Мына жайлаудағы суретке қараңдар. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай айтамыз.
Тәрбиеші: Түйенің төлі
Тәрбиеші: - Ботақан,
Тәрбиеші: Қойдың төлі
Балалар: - Қошақан,
Тәрбиеші: Ешкінің төлі
Балалар: - Лақ,
Тәрбиеші: Жылқының төл
Балалар: - Құлын,
Тәрбиеші: Сиырдың төлі
Балалар: - Бұзау.
Балалар енді бүл жануарлар қалай дыбыстайды . Соны атап көрелік. Түйе боздайды. Қой маңырайды. Ешкі маңырай. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Сергіту сэті;Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Оң аяқ, сол аяқ Жаттығу оң аяқ.
Тәрбиеші:Енді шамалы дем алайық орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
Тәрбиеші: - Жарайсыздар, балалар!
- Балалар серігіп болсақ, мен сендерге осы төлдер туралы өлең оқып беремін. Сенд ер қай төл туралы айтқанымды табыңдар.
Шөре, шөре, лағым,
Секеңдеме деміңді ал,
Тентек болма шырағым,
Селкеңдемей құлағың, - деп нені айтамыз.
Балалар:- Лақты.
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүзің үлбіреп, - деп нені айтамыз.
Балалар:- - Ботаны.
Әукім-әукім әукешім,
...әукесін,
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Әукешім - деп нені айтамыз.
Балалар:- - Бұзауды.
Тәрбиеші:- Балалар, мен сендердің әрқайсыңа мына суреттерді көрсетемін, әртүрлі үй жануарлардың суреті, солардың аттарын атап қимылын жасайсыңдар немесе дыбысын келтіруге болады.
Балалар қызығушылық білдіреді.
Тәрбиеші:- Ал енді балалар осы үй жануарлары туралы мен жұмбақты қимылмен көрсетемін, сендер шешуін шешіңдер.
Басында екі таяғы бар.
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Сақалы тағы бар. (Ешкі)
Балалар:-Ешкі
Тәрбиеші: Балалар енді көктем мезгілінде малдар төлдейді. Мен сендерге сурет көрсетемін соған қараңдар, мынау қандай жануар?
Балалар: -Қой
Тәрбиеші:Ал қой туралы кім тақпақ айтып береді.
Мағжан:
Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным.
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың
Пүшайт - пүшайт.
Тәрбиеші: Бүл ненің суреті.
Балалар: Ешкінің.
Тәрбиеші: Ешкі туралы кім тақпақ айтады?
Сымбат:
Жауын жауса бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өріске өскен жануар,
Шекетайым қайдасың.
Шөре – шөре
Тәрбиеші: -Тамаша, енді не көріп тұрсыңдар?
Балалар: бұл жылқы.
Нұрдаулет:
Жолға шықса көлігім,
Жапанда жүрсем серігім
Қамбар ата өсірген,
Құлыным менің қайдасың?
Құрау-қүрау.
Тәрбиеші: Мынау қандай төлдің суреті?
Балалар: Сиырдың.
Тәрбиеші: Сиыр туралы кім тақпақ біледі?
Дамира:
Тілім мұрын жалаған
Тілім бойын тараған.
Зеңгі баба өсірген.
Әукешім менің қайдасың?
Әукім - әукім.
Нұртас:
Екі көзі толадай,
Екі өркеші баладай.
Ойсыл қара бабасы,
Ботақаным қайдасың
Жолдас:
Көс - көс. (Түйе,бота)
Тарпаң - тарпаң тайлағым,
Ботақаным, маймағым.
Қара - көзің мөлдіреп,
Жібек жүнің желбіреп
Желк - желк етіп желесің
Енеңе еріп келесің.
Карақат (құлын)
Құлдыр - құлдыр құлыншақ,
Тынымсыз бір ұрыншақ
Ұршықтай боп бұлтылдап
Жұмыр, жоның жылтылдап.
Гүлсім:(қозы)
Қошақаным қоңырым
Мыңқ етпейтін момыным
Түрі неткен әдемі
Бұйра - бұйра тоның.
Аружан: (бұзау)
Томпаң - томпаң торпағым
Шошаладан қорқағым
Сүзісуге батырым
Жарысуға шорқағым
Гүлназ: ( лақ)
Тентек лақ тынымсыз
Мінезі бар ұғымсыз
Ертелі кешке ермейді
Қозыға маза бермейді.
Тәрбиеші: -Балалар сендер дұрыс айтасыңдар.
-Жарайсыздар, балалар!
III. Қорытынды
Тәрбиеші:- Балалар сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Осымен сабағымызды аяқтаймыз. Әр уақытта да осындай белсенді болуларыңа тілектеспін Балаларды мадақтау, рахмет айту.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі