Өлең, жыр, ақындар

Хат жазу. Х дыбысы мен әрпі.

Сабақтың тақырыбы

 Хат   жазу.Х дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша  (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер  құрап жазу

1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген

атауларды) анықтау

1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді  тексеру және  қателерін түзету

1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын  білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,  көркем еңбек, дене шынықтыру сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтас

тық атмосфера

сын қалыптастыру

 

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 

 

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

Есік қағылып  почташы  хат әкеліп береді.
--Балалар  менің қолымдағы не екен?
--Хат.
-- Ендеше хатты оқиық.(Хат оқылады)
--Балалар   хат   дегенде  бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
-- Бүгін Х дыбысымен, әрпімен  танысамыз.
-- Х  дыбысы  дауыссыз, қатаң дыбыс.  ( Дыбыстатып  айтқызу)
  -- Ендеше  х дыбысын қай үйге орналастырамыз?
 -- Дауыссыздар үйіне.

Х  дыбысының әріп таңбасы  көрсетіліп жазба, баспа түрлері таныстырылады

Хат, хабар сөздеріне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу

«Хх» дыбысы – дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық жерінде кездеседі.

- Біз Х дыбысын қай кезде айтамыз?

- Х дыбысы – дауыссыз, ауа кедергіге ұшырайды.

- Х дыбысымен біз өлең айта алмаймыз.

Хәрпін жазуға үйрету. 
Х  әрпі неге ұқсайды?
1. Тақтаға әріптің басталуы, жазылу бағытын түсіндіру.(бірнеше әріпті тақтаға жазу)
2. Әріпті ауаға жазу арқылы қолдарын жаттықтыру.
3. Жазу дәптеріндегі үзік  сызықтармен берілген  Х әріпін жазу.
4. Х әрпін өз бетімен жазуға үйрету, әріптердің ара қашықтығын сақтауға дағдыландыру

-Балалар,өткен сабақта бізге түлкі-лиса-fox  қонаққа келген болатын.

Енді түлкімен  бірігіп ауылымыздың көрікті жерлері саяхат жасадық.Енді  сол саяхатымыз туралы хат жазамыз.

Хат - біреуге немесе бір мекемеге хабар жіберу үшін жазылып қойылған не жөнелтілген текст.

(ЖЖ)     Біз ауылымыздың әсем жерлерінде серуендедік.Ауылымыз  үлкен.Ауыл шетінде саябақ бар.Жайық өзеніне  суға түсуге болады.

-Жазған хаттарыңды қалай жібересің?

-Хатың иесін қалай тауып барады?

-Хатқалтаның сыртын сауатты толтыруға үйрену

1.Жұмбақ жасыру.

Сәлем алып алыстан,

Туысыңнан, таныстан.

Келетұғын хат – хабар,

Қай әріптен басталар? (Х)

2. «Кім шапшаң?» ойыны

Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.

Ша... мат, ас... ана,... алам,... абар,... алық, /қ, х

 3.ТЖ.Жоғалған буын ойыны:

1. -------- лық

------- йуан

----------- бар

 Хабар - болған іс, оқиға, сондай - ақ біреулердің хал - жайы жөнінде білдірілген ауызекі немесе жазбаша түріндегі қысқаша мәлімет.

2. Кітап –

Ас -

Дәрі - ------ хана

Дәріхана - дәрі – дәрмек даярлап және оны сататын орын.

Шай -

3. Асыл -

Гүл ----- хан

Темір

(ТЖ) Әріптерден сөз құрастыру.

К,П,А,І,Т – кітап-

Х,Р,О – хор

Хор - вокалдық музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы.

Х,Е,С,А,Н – Хасан

Берілген сөздермен сөйлем құрап жазады

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

 

Хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түлкі

дәптерлер.

 

 

 

 

 

Ауыл суреті

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ

 

 

 

 

 

 

Ойындар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

 

Қызықты тапсырма

 

Әр оқушысы өзі қалаған адамға хат жазады

«Лездеме» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.

Халат,шахмат,хоккей

1.Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

2. Х дыбысы қандай дыбыс?

3. Неліктен дауыссыз дыбыс деп аталады?

4. Хат туралы не білдік?

 

Ойын

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия

 

Кеменің суреттері

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгей ін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

 

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Басқаларға көмектесу.

Топ басшысы рөлін атқару

Қорытындыны дәлелдеу

 

Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

 Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер