Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Абайдың шығармашылығы мен қара сөздерін талдата отырып, білімдерін тереңдету. Әр түрлі тапсырмалар арқылы қара сөзін талдату және еркін сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге дағдылау;
Дамытушылық: өздігінен материалды ізденіп табу дағдысын, заманауи техниканы қолдану дағдысын жетілдіру,өз ойын еркін жеткізуге, сыни көзқарас қалыптасыруын, сөйлеу шеберлігін дамыту, жетілдіру;
Тәрбиелік: Абайдың дана, қарасөздері арқылы әр нәрсенің орнын, қадірін білу, адалдық жолда, адал еңбек ету, сабырлы, қанағатшыл болуға тәрбиелейді.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, Сыни тұрғысынан ойлау, ОҮБ,диалогтік, талдау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: Музыка, философия, информатика.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
Үй тапсырмасы. Жұлдызды сәт.
“Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” (мәнерлеп жатқа айту 5 шумақ)
бағалау.
Қызығушылық ояту.
Абай – дана, Абай – дара қазақта (инертақтадан видео мәлімет)
Ой шақыру. Интерактивті тақа арқылы өлеңдерді беру.
Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.-деп жырлаған кім ?
- Абай.
- Мына өлеңнен қай тармаққа ерекше назар аударар едіңдер?
- Мен жұмбақ адаммын
- Ендеше бүгінгі сабақ мақсаты осы Абай жұмбағын шешу.
- Абай әдебиетке қандай жаңалық енгізді? Абай өлеңдерінен үзінді оқу
Мағынаны тану. Ғаламтордан материал, дерек көздерін іздеу, топта мағынаны таныту, түсіндіру.Тақырыптық мәлімет.
1-топқа: Қара сөздер дегеніміз не?
2-топқа: Абайдың қара сөздері
3-топқа: 29-қарасөзі
4-топқа: 5-қарасөзі мен 29-қарасөзін салыстыру.
Қосымша дереккөзі: Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.
Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.
Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
Қолдану. Интербелсенді тақтада тақырыптар берілген ұяшықтарға қара сөздерді топтастыру жұмысын әр топ орындайды. Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40
Еңбек: 2, 4, 25, 42
Қазақ мақалдары: 5, 6, 29, 37, 39
Дүниенің тылсым сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43
Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18, 44
Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33, 45
Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38
Аудио тындалым. Жиырма тоғызыншы қарасөзі
Топтық тапсырма:
І топқа: «Екі жақты күнделік».
ІІ топқа: Қарасөз дегенді қалай түсінесің?. (интерактивті тақтада флипцартқа «Топтастыру» әдісі арқылы)
ІІІ топқа: Сәйкестендіру әдісі
ІV топқа: 29-қарасөздегі негізгі ой қандай? Алтын қағиданы инерактивті тақтаға стикер жазып ілу).
Сергіту сәті: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін караоке онлайн жүйесіне қосу.
Талдау. Ой толғаныс. Интерактивті тақта арқылы әр топқа Абай мақалдарынан үзінді беру.
Абайша менде жырлайын... (жеке тапсырма)
1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?...
2-топқа:”Шықпаса атың,-деген бар ғой жер Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте...
3-топқа: Ата-анадан мал тәтті. Алтын үйден жан тәтті...
4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,
Алтын көрсе періште жолдан таяр...
Жинақтау. ACTIVstudio бағдарламасы «Лимерик» ойыны.
Жоғары шығармашылық деңгей
Ол ойынды ойлап тапқан – Эдвард Лир деген ағылшын. Ойының шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс – бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақта – қимыл - әрекет, оқиға, бесінші – оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы. Мысалы:
Болыпты бір пенде Өзі аңғал, әпенде Түбі тесік шелекпен Су тасыпты ұзақ күн Әй, жарымес әпенде! |
кейіпкер мінездеме
оқиға автордың көзқарасы |
Қарапайым шығармашылық деңгей. Интерактивті тақта арқылы «Стоп кадр» әдісі арқылы суреттің бөлшегін немесе, тоқтатылған фильм ұсынып, әрі қарай өз ойларын жалғастыру, өз нұсқасын айтып, сыни ой дамыту.
Бағалау. Бағалау парақшасын пайдаланып, бағаларын шығару.
Рефлексия. ACTIVstudio бағдарламасы : «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.
Білім теңізі Ереже шығанағы
Үйге тапсырма:
Міндетті деңгей: Абайдың 29-қарасөзін жаттау
Мүмкіндік деңгей: “Абай қарасөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым” ойтолғау жазу.
Пайдаланған ресурстар:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі