Өлең, жыр, ақындар

Жалаң және жайылма сөйлем

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы
№4 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі   
Уразгалиева Гулстан Габитовна

 

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдермен таныстыру;

Дамытушылық: олардың бұлай аталу себебін түсіндіру;

Тәрбиелік: оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, мазмұндау, жаттығу.

Сабақтың көрнекілігі: топшама, оқулық, тақта,

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

Көркем жазу, сөздік диктант.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөйлем мүшелерінің байланысын анықтау жолын естеріне түсіру. Сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.

Жаңа сабаққа дайындық:

Тақтаға жалаң сөйлемдер жазылады. Жалаң сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдайды. Оқушылар сөйлемдердің тек тұрлаулы мүшелерденқұралғанын анықтайды. Содан кейін осы сөйлемдегіойды толығырақ жеткізу үшін 2-3 сөзден қосып отырады. Сол сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады. Осыдан кейін қай бағандағы сөйлемдерді жалаң, қай бағандағы сөйлемдерді жайылмасөйлем деп атауға болатынын айтқызуға болады.

Оқулықпен жұмыс

1-Жаттығу.  Төмендегі сөздерді қатыстырып, екі сөзден, сонан соң үш, төрт, бес сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастырып жаз. Қатыстырған мәтінді оқы. Оған тақырып қой. Үшінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.  Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы көрсет.

2-Жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Алғашқа үш сөйлемді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. Бастауышы мен баяндауыштың астын сыз. Өзің таңдаған қандай салт-дәстүрлерді білесің?

Өзіндік жұмыс

«Толықтыр» дидактикалық ойыны. Көп нүктенің орнына кім? не? Не істеді? Не қылды? Қайтті?

3-Жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Өлеңде неше жайылма сөйлем бар? Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

Қорытынды. Өз беттерімен сөйлемдер жазады. Сол сөйлемдердің байланысын табу.

4-жаттығу. Сөзжұмбақты шеш. Сөзжұмбақтың шешуі болған сөзді қатыстырып алдымен жалаң сөйлем құрастырып жаз. Сонан соң осы сөйлемді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.

Үйге тапсырма.

5-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда. Итбүлдіргенді неліктен ғажайып өсімдік дейді? Тағы қандай жидектерді білесің?

Ереже жаттау.

Бағалау, мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз