Өлең, жыр, ақындар

Күн тәртібі

Арал ауданы, Қаратерең елді мекені
№82 орта мектеп жанындағы                       
«Ақтолқын» шағын орталығының тәрбиешісі
Мариямкүл Тұрсынбаева

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Күн тәртібі

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларды күн тәртібі кестесімен таныстыру.
Дамытушылығы: Жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын молайту. «Таң атты», «таңертең», «күн шықты», «түс кезі», «бесін», «кеш», т.б. ұғымдарды меңгерту.

Тәрбиелілігі: Уақытты дұрыс үнемдеуге тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, сергіту, ойын, жұмбақтар.

Көрнекілігі: Тосын сәт, суреттер, әр балаға тәулік бөліктері салынған суреттер, шар.

Қос тілділік: Таңертең-утро, күндіз-днем, кеш-вечер, түн-ночь.

Сөздік: Тәулік, таңертең, күндіз, кеш, түн.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

  Мотивациялыққозғаушылық

   Шаттық шеңбері.

Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз,
Балабақша үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
Сәлеметсіңдер ме,қонақтар
Қош келдіңіз, бәріңіз!

-Жарайсыңдар, балалар. Бүгін бізге көптеген апайлар келіп отыр екен. Сендердің оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарыңды, білімдеріңді көргілері келеді екен. Ендеше жақсы көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Бүгін бізде «Таным» саласы бойынша ашық оқу іс-әрекеті.

Балалар шаттық шеңберін құрып, көңілді күйде өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап қимылмен орындайды.

Ұйымдастырушы-ізденуші

- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, мына шарларды ала келдім.

Бұл шарлардың түсі жыл мезгілдеріне байланысты.

- Қазір жылдың қай мезгілі? Қай түсті шарды таңдаймыз? Неліктен ақ түсті шарды таңдадыңдар?

Доп лақтыру арқылы апта күндерін атайық.

- Балалар бір сәт ойланып көрейікші. Бізге жылу сыйлап жарық беріп тұрған не деп ойлайсыңдар?

Мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын табыңдар.

Жартысы жадыратып нұр себеді,

Қалғаны қара мақпал бүркенеді.

- Ол не екен?           Шешуі: (Тәулік)

- Дұрыс айтасыңдар.

Тосын сәт:

Есіктен Тапқышбек кіреді,қолында конверті бар.

Таптым,таптым!

Сәлеметсің бе,сен кім боласың?

-Мен Тапқышбекпін! Мен математика патшалығынан келдім. Мен сендердің білімдеріңді тексергелі келдім.

Мына конвертте сұрақтар мен тапсырмалар бар.

Тәрбиеші балаларға конвертті ашып, ішіндегі тапсырмаларды оқып береді.

1-тапсырма.

Жұмбақ жасыру.

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.      Шешуі: (Күн)

2-тапсырма.Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме?

3-тапсырма. «Сөздік ойын»

Тәулік бөліктері туралы.

- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал...түскі ас ішеміз.

- Біз кешке тамақ ішеміз, ал ... жаттығу жасаймыз.

- Түнде біз ұйықтаймыз, ал ... серуендейміз.

- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.

- Күнді күндіз көреміз,ал жұлдызды ...көреміз.

4-тапсырма.Тәулік бөлігін атап, суретті бояңдар.

- Тапқышбек бүгін біз тәулік туралы әңгіме қозғағалы жатыр едік, сен дәл келдің.

- Тапқышбек, сен біздің балалардың әрі қарай білімін білгің келсе отыра ғой.

(Тапқышбек орындыққа отырады)

Бір тәулікте төрт мезгіл болады. Олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталады.

Я, балалар, күн ұясынан шығып,таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз.

- Қане, «таңертең-утро» деп қайталайық.

- Қараңдаршы таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді. (жартылай күн).

- Таңертең балабақшаға келеміз.

- Балабақшада не істейміз?

  Күн жылжып толығымен ортаға шығады.

- Қараңдаршы, күн бір орында тұрмайды екен, жайлап жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып тұр.

- Міне, бұл кезді біз «түс» дейміз немесе «күндіз» дейміз.

«Күндіз-днем»сөзін қайталау.

Балалар, күнді біз толығымен көріп тұрмыз ба? Күн қайда тұр? Күннің пішіні қандай екен?

- Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас?

Балалар күн аспанда нешеу екен?     Ал бізге шашатын шуағы аз ба, әлде көп пе екен?

- Ал күндіз сендер не істейсіңдер?

Сергіту сәті:

Таңертең тұрамын,
Бетімді жуамын.
Тісімді тазалап,
Шашымды тараймын.
Киімімді киемін,
Бақшаға келемін
Мен әдепті баламын.

- Балалар қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді,яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз бұл мезгілді «кешкі мезгілі» деп атаймыз.

 «Кеш-вечер» сөзін қайталау.

- Балалар біз кешке не істейміз?

Ал енді міне күн ұясына батты.Бұл мезгілді «Түн» дейміз.

Қане «Түн-ночь» деп қайталаймыз.

-Түнде аспаннан нені көреміз? Айдың жанында нелер бар? Ал жұлдыздар көп пе,әлде аз ба? Олай болса бәріміз тәтті ұйқыда боламыз. - Міне, балалар тәулік бөліктерімен таныстық, енді Тапқышбектің сұрақтары мен тапсырмаларын орындайық.

Тәрбиеші: Тапқышбек балалар сенің тапсырмаларыңды дұрыс орындады ма, сұрақтарыңа жауап берді ме, көңілің толды ма, біздің балаларға.

Тапқышбек: Өте білімді балалар екенсіңдер.

Балалар, енді «Бұл қашан болады?» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты: Тәулік бөлігіне байланысты әр түрлі суреттерді ажыратып қойып шығу.

(Алдымыздағы өзіміздің іс-әрекетіміз бейнеленген суреттерімізді қойып шығамыз).

 

Балалар шарды таңдайды, себебін айтады.

 

Балалар допты қағып алып лақтыру арқылы апта күндерін атайды.

 

 

- Күн

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіз бе!

Балалар таңырқай қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар мектепке, балабақшаға барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды, кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

Қайталайды: «таңертең-утро»

-ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз, сосын киініп анамызға еріп балабақшаға келеміз.

Балалар суреттер бойынша әңгімелейді.

Қайталайды: «Күндіз-днем»

Балалар жауаптары тыңдалады.

 

Серуенге шығамыз, Ойын ойнаймыз. Түскі ас ішеміз, ұйықтаймыз.

Өлеңнің сөздеріне қарай қимылмен орындайды.

 

Қайталайды: «Кеш-вечер»

Ұйқымыздан тұрамыз, ұйқыашар жаттығуын жасаймыз, бесін асымызды ішеміз,серуенге шығамыз, ойын ойнаймыз, үйімізге қайтамыз.

 

Қайталайды: «Түн-ночь»

Балалар жауаптары тыңдалады.

 

Балалар Тапқышбектің тапсырмаларын орындайды.

 Балалар ойынға қызыға қатысады.

Рефлексивті-түзетушілік

Ал, балалар Тапқышбекпен қоштасайық.

- Тәулік бөлігімен танысып,оларды атай білдік пе?

- Қонаққа бізге кім келді?

Тапқышбектің тапсырмаларын орындадық па?

Ойын сендерге ұнады ма?

Балаларды күн бейнесімен бағалау.

   Тапқышбекпен қоштасады.

 Сұрақтарға жауап береді.

    Тапқышбек

Орындадық.

Ұнады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Тәулік бөліктерін дұрыс атауды

Түсінеді: Тәулік бөліктеріне байланысты іс-әрекеттерді ажырата алуы. 

Қолдана біледі: Ойын мазмұнына сәйкес суреттерді топтастыра алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер