Өлең, жыр, ақындар

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Қысқа мерзімді жоспар

№87 «Жуантөбе» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Күні: 20.04.2017ж

Мұғалім есімі: Малмахова Гулдар Кенжеахметовна

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақта  негізделген оқу мақсаты

 

1. Білімділік: Ертегінің мазмұнымен оқушыларды таныстыру, тілдерін жаттықтыру. Әрбір сөздің мән-мағынасын ажырату, сөздік қорын молайту. Жаңа білімді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, мейірімділікке тәрбиелеу, ауызекі сөйлесуге үйрету.

Оқу нәтижелері:   

•    Барлық оқушылар: Ертегі туралы біледі
•    Оқушылардың басым бөлігі: Ертегіні жатқа айтады, мазмұнын талдап айта алады.
•    Кейбір оқушылар: Ертегіге арнап эссе жаза алады. Бір шумақ өлең шығарады

Алдыңғы оқу: Құмырсқаның қағанаты

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

1 Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу - құралдарының әзірлігін тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардан  төрт түлік туралы  түсініктері  сұралады.

Өздері  жаттап  келген  жырларын  мәнерлеп  айтып  шығады.

Салып  келген  суреттері   тексеріліп  шығады.

Оқулықта  ұсынылған  сұрақтарға  жауаптар  алынады.

Ақын  портреті, бағалау  парақтары

Ортасы

ІІ. Мағынаны түсіну.
Бүгінгі сабақта біз «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген қазақ халқының ертегісімен танысайық. Бұл ертегіні Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» романында жазған. Ертегіні өтпес бұрын Б.Момышұлы туралы білгеніміз дұрыс.
Бауыржан Момышұлы қазақ елінің ардақты ұлы, халық батыры. Отанымызды жаудан қорғаған, соғыста генерал Панфилов басқарған дивизияның атақты қолбасшысы болған адам. Майданда жауынгерлердің соғыста көрсеткен ерлігі туралы, Отанын қаншалықты сүйгендігін батыр атамыз «Офицер күнделігі» атты жинағында жазған. Б.Момышұлының соғыс туралы, балаларға да арнап көптеген шығармалар жазған. Сондай шығармасымен біз бүгін танысамыз. «Ұшқан ұя» романында Б.Момышұлы өз жанұясы туралы жазған. (Тақтада ілініп тұрған көптеген суреттерді, портреттерді көрсете әңгімелесу)
Мұғалім сөзі:
2 рет оқып, бірнеше оқушыға оқытады. Ертегіні оқып, аударамын. Қазақтардың неліктен қарлығаштың ұясын бұзбайтынын, өте қасиетті құс санайтынын айтып түсіндіру.
Осы ертегіні саналық көрінісін оқушылар ұйымдастырып келген екен. Соны тамашалайық.
Оқушылар өздері жасаған сахна, ертегі кейіпкерлері Сүлеймен патша, жылан, қарлығаш, басқа да шағатын жәндіктер, автор. Сахналық көрініс ертегінің бірінші бөліміне арналған. Қарлығаш масаның тілін жұлып, маса тілсіз қалған жеріне дейін.
Білу керек:
Б.Момышұлы өмірбаянын, ертегі кейіпкерлерін, ертегілердің түрін ажырата білу.
Кейінгі бөлімін оқушылар рөлге бөліп оқиды.
 Балалар біз көптеген ертегілерді өткен екенбіз. Қандай ертегі ұнады. Қандай кейіпкер ұнады, несімен ұнады?
1 оқушы:
Қарлығаш туралы ертегі ұнады. Ол ақылды, адамға қамқор құс екенін білдік.
2 оқушы:
Қарлығаш адамдардың қасында жасайды. Ұяларын үйлердің есігінің үстіне жасайды.
Қалай ойлайсыңдар «Табиғатты білгенің
Үйренгенің тілдерін» - деген қанатты сөзді қалай
түсінуге болады?
3 оқушы: «Узнавая природу, узнаешь ее язык»
Оқушылармен деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Қорытынды:
Ертегі дегеніміз не?

Оқушы:
- Ертегілер қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Олар үш түрге бөлінеді. Бүгінгі тақырып бойынша, қорытындылауға тірек-сызбаға көңіл айдарайық:
Екінші тірек-сізба, қарлығаш туралы.
- Сендер еңбек, адамгершілік қасиет жайында, достық, әдептілік, табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Оқушы:
- «Сіз» деген - әдеп, «Бір тал кессең, он тал ек»
- «Біз» деген – көмек,
- Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.
- Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Үйге тапсырма:
Ертегіні оқып келу. Сөздікті жаттау.

Үлестірмелер, оқулық, АКТ,портреттер, кітаптар көрмесі,бағалау парақтары

Аяқталуы

 

Ертегіге    шолу   жұмысы   жасалады.

Суретпен  жұмыс  жасалып,талдау  жұмысы  ұсынылады.

Дәптерлеріне  мәтінге  байланысты  қосымша  қойылған  аттарды жазып  шығу   ұсынылады.

-Ертегі  не   туралы болды?

- Бүгінгі сабақтан не алдың?

- Әрбір ана баласының адам болғанын қалайды, сол ананың тілегі орындалсын деп , «Тілек шоғын» жолдайық. Балалардың тілегі

А4 парақтары

Бағалау парақшалары, стикер

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз

Жада қалыптасады, деңгейлік тапсырмалар беру

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен құзіреттілігі

Жада қалыптасады, деңгейлік тапсырмалар беру

Бағдаршам, шапалақ әдісі арқылы. Балдық жүйе арқылы

Математика, сурет, еңбек, дүниетану

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың  тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз