Өлең, жыр, ақындар

Қожанасыр мен ашқарақ

ОҚО, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Тургумбаева Айгерим Қалжігітқызы

Сабақтың тақырыбы: «Қожанасыр мен ашқарақ»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің үлгісі, жанры-аңызбен таныстыра отырып, қомағайлық, тойымсыздықтың ұятқа қалдырып, азапқа түсіретінін, қанағатшыл, байсалдылық бақытқа жеткізетінін түсіндіру.
2. Аңызды дұрыс түсініп, түсінгенін баяндай білуге баулу.
3. Топтық жұмысқа, шығармашылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұны бойынша суреттер, төрт түлік малдардың суреттері, үлестірмелі қағаздар т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Сабақтың барысы:   

 І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

—  Ойға толып санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.

•    Өте жақсы балалар, бүгінгі сабағымызды бір үйдің баласындай татулықта өткіземіз деген сенімдемін.
•    Олай болса үйге қандай тапсырма берілді, өтіп жатқан бөлім қалай аталады?

ІІ. Үй  тапсырмасын пысықтау, қайталау.

«Төрт түліктің кеңесі» тақырыбы. Оқулықпен жұмыс.

Балалар төрт түлікке нелер жатады? Олардың төлдері қалай аталады? Жылқы малының пайдасы туралы айтыңдар. Төрт түліктер бір-бірімен қалай кеңеседі?

Суретпен жұмыс.

Мына суреттерге зер сал. Қай түлік қай жерді қалайтынын айт. Мәтіндегі тіркестерді пайдалан.

ІІІ. Мақсатын қою кезеңі. Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Қазақтың ұлы ақыны
2. «Уф» десе ұшасың, «Суф» десе қонасың – деген өлең жолдары қай кейіпкерге қатысты айтылған?
3. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан ұстаз
4. Шоқан Уалиханов туралы жазылған әңгіме қалай айтылады?
5. Жиғанымыз дән, Айналамыз толған ән – деген кейіпкерді ата
6. Түйенің төлі
7. Жұмыртқадай жұқа басын жарып, жан тапсырған ертегі кейіпкері

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.  
2. Сурет бойынша жұмыс.
3. Аңыз туралы түсінік. Өмірде болған адам басына құрылған әңгімені аңыз дейді.
4. Аңызды оқып беремін, түсіндіремін.
5. Іштей оқытамын.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,                           

Мойнымызды бұрамыз.                       

Қолымызды көтеріп,                              

Саусақты ашып, жұмамыз.                    

Содан соң қолды түсіріп,

Иықты кері жіберіп,

Алақанды соғамыз,

1-2-3-4.

Суретпен жұмыс: Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? Қонақтың қалтасына шай құйып отырған кім деп ойлайсың? Неліктен? Сурет бойынша әңгіме құра.

«Қонақта», «Қонақ күту», «Қонаққа бару» деген тақырыптардың біріне ауызша әңгіме құрау.

Ү. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі. Мәтін неге аңызға жатады деп ойлайсың?

ҮІІ. Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

Балалар, бүгінгі сабақта нелер жайында өттік?

— Міне, балалар қазақ халқы үнемі шүкіршілікті, қанағатшылдықты еш уақытта жадынан шығармаған халық. Қазақтың ұлы ақыны Абай адамзатты бес асыл іске «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой» —  деп адамды адамгершілікке, ұқыптылыққа, әдемілікке шақырды емеспе. Олай болса, бар болғанымызға қанағат тұтып, салиқалы азамат пен азаматша болады деген үлкен сенім білдіре отырып, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау арқылы қорытындылаймыз.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Аңызды түсініп оқып, мазмұны бойынша сурет салу. 2. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз