Өлең, жыр, ақындар

Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару

  Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Сарыағаш ауданы, №87 «Жуантөбе» жалпы орта  мектебі 

  Сабақтың тақырыбы: Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару  

Мұғалімнің аты-жөні: Тастанова Бибигул Исламовна 

Бастауыш сынып мұғалімі

Күні: 17.03.2017ж

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

1. Білімділік - есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.

2. Дамытушылық - есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.

3. Тәрбиелік - жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1-деңгей (білу, түсіну ):

Оқушылардың барлығы орындай алады: Құрылымы күрделі теңдеулерді шығару туралы ұғымдарды біледі

2-деңгей (қолдану, талдау):

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Өлшем бірліктерді құрап, талдай алады

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: басқа тапсырмалармен салыстырып, құндылығын бағалау

Тілдік мақсат:

Талдағандарын анықтау

Ресурстар:

Таратпа қағаздар,смайликтер, А4 қағазы, дәптер, кесте, сызба, сызғыш

Пәнаралық байланыс:

Математика, дүниетану, бейнелеу өнері

Алдыңғы оқу:

Көбейту және бөлу

Сабақ жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі 

3 минут

Оқушыларды пазл арқылы топтарға бөліп шығу ұсынылады. «Шаттық  шеңбер» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы лебіздер, тілектер айтады. Әрбір топ өз ұрандарын айтып шығады. Психологиялық  ахуал  қалыптастыру.

 

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут 1-деңгей (білу, түсіну ):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

Әрбір топ мүшелеріне сұрақтар қою арқылы оқушылардың білім деңгейлері тексеріліп шығады. «Сұрақтар  легі» Суреттері қиылған лото» сатылып жатыр екен, деп бірнеше есептерді шығару ұсынылады.

Дұрыс жауаптарға     1 балл  қойылады

2-деңгей (қолдану, талдау):

Заттың санын дұрыс табуға арналған тапсырмаларды орындап шығады.

Дұрыс  жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Кері  есе“Ой қозғау”
1-топ:Есепі дұрыс шешу үшін не ісеу керек?
2-топ: Есепі неше әсілмен шешуге болады?
3-топ: Есепі дұрыс шешудің маңызы неде?
Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
“Ойлан, тап” Ауданның өлшем бірліктерін тауып және тексер.
1-топ: № 1 1 бағанды орындайды
2-топ: № 1 2 бағанды орындайды
3-топ: № 2 орындайды.

Дұрыс  жауаптарға 3 балл қойылады

Жаңа сабақ

12 минут

І.Психологиялық  көңіл-күйі-

- Балалар, сендер теледидардан жаңалықтарды көріп, естисіңдер-ме? 

- Алда, осы қаңтар айының соңына қарай қандай спорттық ойындар өтпекші?

(VII Қысқы Азия ойындары)

- Дұрыс балалар! Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы Азиадаға байланысты өтеді.

(Балалармен қысқаша әңгіме өткізу. Алау, шеру жөнінде)

Бұл Азиада ойындары біздің елде, Қазақстанда өтпекші. Оған 27 елдің спортшылары қатысады. VII Қысқы Азия ойындары 30 қаңтарда басталып 6 ақпанға дейін жалғасады. Әл-Кувейт қаласында Азиада алауы жағылды. Олимпиада алауының эстафетасын сендер теледидардан көріп тамашаладыңдар.

Азиада алауын Қазақстанның құрметті, қадірлі, атақтары азаматтары алып жүреді.

Ал, сендер сол азаматтардың ізбасарлары, Қазақстанымыздың болашағысыңдар. Сондықтан біз де «алау жағуды» сыныбымыздың озат, үлгілі, тәртіпті оқушыларына тапсырамыз.

Барлық сынып оқушылары  осы «алау шеруіне» қатысамыз. Өз білімдерімізді көрсетеміз.

«Алауды жағу»- (Алау орнына сырты алау пішініне келтірілген қалта шамы қолданылады.)       

Алау шеруін «бір қаладан екінші қалаға апару үшін тапсырмаларды өте жақсы орындауымыз керек. (Әрбір партада қала аттары жазылған плакат)

ІІ.1 тапсырма- Алматы

Ауызша №1, 16 бет оқулықтан

20*4

6*20

9*20

30*20

100*7

630:70

400:200

810:9

900:10

320:40

50*20

8*20

6*100

3*200

70*2

2 тапсырма (Көкшетау)

№2 Әр өрнекке ыңғайлы тәсіл іздеп тап:

(6+2)*30

(60+30)*5

(100+100)*4

(3+4)*20

(70+20)*9

(200+300)*2

3 тапсырма (Қызылорда)

Мәселе есеп №3

а.ауызша б.жазбаша (тақтада)

4 тапсырма

Сергіту сәтін өткізу, тапсырма (Ақтөбе)

№4, 17 бет оқулықтан

  456

+235

  456

+399

 400

-312

 505

-  65

  324

+676

  446

+312

 323

-122

  654

   -79

5 тапсырма Өзіндік жұмыс (Қарағанды)

 №5 Жасыл, көк, қызыл фигуралардың периметрін және аудандарын анықтау.

Р-? S-?

жасыл

көк

қызыл

а=2см

в=6см

р=2*2+6*2=16см

s=2см*6см=12см2

а=2см

в=4см

р=2*2+4*2=12см

s=2см*4см=8см2

а=4см

в=4см

р=2*4см+2*4см=16см

s=4*4=16см2

 6 тапсырма 

Ауызша (Атырау)

№6-а,ә  1-2 баған 

7 тапсырма (Астана)

52+16=41

32+102=109

92+72=130

32+9=18

102+52=152

32*9=81

92-62=45

32+42=25

102-1=99

№7

Әрбір қалаға келген сайын ол қала туралы қысқаша мәлімет айтылады. Мысалы:

Астана-бас қала

Қарағанды- көмір қойнауы 

Қызылорда-мақта, күрішімен әйгілі№8 Логикалық тапсырма (сурет)

Жұптық  жұмыс

Сабақты бекіту 15 минут 1-деңгей (білу, түсіну ):

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы ұсынылған логикалық тапсырмалар  орындалады.

Жұптық  жұмыс Дұрыс  жауапқа 1 балл қойылады

2-деңгей

(қолдану, талдау):

Оқулықта ұсынылған түрлі тапсырмалар орындалады.

Геометриялық пішіндермен түрлі жаттығулар орындалады.

Сергіту жаттығуларды орындайды.

Оқушылар сергіп алады

3-деңгей 

(жинақтау, бағалау)

Оқушылардың білім деңгейлеріне қарай бағалар қойылып шығады.

Дұрыс  жауапқа 1 балл қойылады

Үйге тапсырма     

5 минут  

1-деңгей (білу, түсіну):

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату). Қосындыны санға көбейту және бөлу амалдарын құрастырып келу. Теңдеулерді шешу ұсынылады.

Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады

2-деңгей        (қолдану, талдау):

Берілген ережелерді құрастыру

Тапсырманы  орындағанға «4» баға  қойылады

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған  тапсырмалар)

Сызбалар құрастырып келу. 5-тапсырма.

Тапсырманы  орындағанға «5» баға  қойылады

Бағалау

3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.

6-8 балл жинаған оқушыға «4» баға қойылады. 

9-12 балл жинаған оқушыға «5» баға қойылады.

 

Кері байланыс

Оқушылар  сабақта  түсінгенін түсінбегенін «Таңдау»  әдісі арқылы  көрсетіледі.

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

 

Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген  болар едіңіз? 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз