Техналогиялық картасы.
Тәрбиеші: Ельжасова К
Топ:Ортаңғы Өткізілген күні: 21.04.17
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық» Тақырыбы:Кірпіге бақылау жасау Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін дамыту. Кірпінің ерекшеліктерін ажырата отыра сурет салуға үйрету. Балалардың ұсақ моторикалық қабылетін дамыту. Тәрбиелік: Жануарларға қомқорлықпен қарауға тәрбиелеу. |
Билингвальды компонент: кірпі - ежик
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбер. Қайырлы таң ұстазым Қайырлы таң достарым Шеңберге тұрайық Жылулық сыйлайық
Доброе утро учитель! Доброе утро друзья! Посмотрите друг на друга Пожелаите добра
Good morning, good morning Good morning to you. Good morning, good morning We are glad, to see you!
Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі?
|
Балалар шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Төрт Көктем Наурыз,сәуір,мамыр Ерекшеліктерін айтады. |
Ізденушілік ұйымдастырушылық |
Ғажайып сәт Терезе қағылып,терезеден Тоқылдақ деген құс келіп,орманнан хат әкеп береді. Хаттың ішінде тапсырмалар беріліпті. Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған тапсырма. 1-тапсырма Құпия бейнені табу үшін сыйқырлы парақтарды су бояумен бояу керек. Балалар су бояумен жұмыс жасағанда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. 2-тапсырма Жұмбақ шешу: Кірпі туралы бейнефильм көрсетіліп,кірпі туралы мағлұмат беріледі. Балалар қандай жануарды көріп тұрсыңдар? Дұрыс балалар, бұл кірпі. Балалар қалай ойлайсындар, кірпілер қайда өмір сүреді? Дұрыс балалар, олар орманда тіпті елді мекенде де тіршілік етеді. Билингвальды компонент: кірпі - ежик . Тақпақтар:
Орыс тіліндегі тақпақ: Был бы, еж, «Кірпі қайда барады?» дидактикалық ойыны.
«Кірпі мен қыз» деген мультфильмді тамашалайық. Балалардан көрген мультфильмі туралы алған әсерлерін сұрау. Күтпеген сәт: Есік қағылып,топқа Айгүл деген қыз келеді. Олай болса балалар біз кірпіге көмектесейік.Оған қамырдан достарымен бауырларын жасап берейік. Қолымызға сұр түсті қамырды аламыз. Алдымен қамырды алып, оны домалақтаймыз. Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.Шымшып созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Енді қайшының көмегімен қыйу арқылы тікенек жасаймыз. Балалар қайшыны ұстағанда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. Ермексаздан кішкентай үзіп алып, тұмсығының үстіне түйме, көзін жасаймыз. Сергіту сәті: Теледидардан көрсетілген кірпі биіне қосылып билеу аркылы орындайды. Балалар жұмысымызды жалғастырамыз. Айгүл барлық кірпілерді алып алғысын айтып балалармен қоштасады. |
Парақты бояу арқылы сиқырлы бейнені табады.
Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жауабы: кірпі.
Ол кірпі.
Кірпі Орманда
Балалар кірпі суреттерін тамашалайды,бейнефильм көреді.
Тәрбиешіні тыңдайды, жауап береді.
Балалар тақпақты айтады.
Ойынды сызып көрсету арқылы шешеді.
Балалар мультфильмнен алған ойларын айтады.
Балалар амандасады.
Иә. Мүсіндеуге ынта білдіреді.
Балалар кірпімен бірге іс – қимылды қайталайды. Кірпілерін орналастырады. Балалар Айгүлмен қоштасады . |
Рефлексивті түзетушілік |
«Кірпі нені жақсы көреді?» дидактикалық ойынын ойналады. Мақсаты:Кірпінің нені жақсы көретінін ажырата білуге үйрету. Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды. |
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнай білді. Сауалдарға өз ойларымен жауап береді
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Кірпі туралы біледі. Кірпі туралы тақпақ айту дағдыларын.
Қандай түсініктерді игерді: Тәрбиешіні ұқыптылықпен тыңдай білу. дәстүрлі емес әдістермен сурет салуды, қамырдан кірпінің мусінін жасауды. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: кірпінің әкелетін пайдасы
Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған тапсырма.
1-тапсырма
Сыйқырлы парақтардағы құпия бейнені табу. Орманда мекендейтін ол жануардың бүгін туған күні. Құпия бейнені табу үшін сыйқырлы парақтарды су бояумен бояу керек. Балалар су бояумен жұмыс жасағанда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. 2-тапсырма Жұмбақ шешу:
Тоны- инелер
Жиналып қалса қадалар
Толған тікенек
Ұстауға келмей мазалар
Бұл не?
Бекітемін...................
КМҚК «Балауса»балабақшасы
меңгерушісі Г.Ө.Раушанова
Сарытерек ауылындағы КМҚК «Балауса» балабақшасы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызмет: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Кірпіге бақылау жасау» Ортаңғы топ
Орындаған тәрбиеші:Ельжасова К
Ұйымдастырылған оқу қызметін талдау
Сабақ тақырыбы
|
«Кірпіге бақылау жасау» |
|
Өткізілген күні: |
21.04.17 |
|
Жалпы мақсаты |
|
|
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: |
кірпінің суреттері, ермексаз,қамыр, тақтайша,бейнефильм,мультфильм, бояулар,пламастер, қылқаламдар. |
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
«Ойын-технологиясы», түсіндіру, сұрақ-жауап, қол моторикасын дамыту, жұмбақ жасыру, көрсету, әңгімелету, дәстүрлі емес әдіспен бейнелеу. |
|
Билингвальды компонент: |
кірпі – ежик |
|
Психологиялық ахуал туғызу
|
Балалардың ұйымдастырлған оқу іс – әрекетіне қызығушылықтарын туғызу Ақпараттық – комуникативтік техналогиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы. |
|
|
Балаларды бейнефильм арқылы кірпімен таныстырдым . Одан соң қонаққа кірпі келіп балаларға сұрақ қойды. Бұдан соң балалардың кірпі туралы білетін тақпақтарын сұрап «Кірпі туралы мультфильм » компютер арқылы көрсеттім. Сурет салу оқу іс – әрекетінде балаларды эмоциялық көңіл – күй пайда болады. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балалардың қызығушылықтарын дамытады. Дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін , қиялын , шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ақпараттық коммуникациялық технологияның көмегімен сурет салу ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін мынадай бағыттарда өткізуге болады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда , олардың жан дүниесіне сезіммен қарап , әрбір әс – әрекетіне мақсат қоюға , жоспарлауға , оны орындауға , өзіне – өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
|
|
Мақсатым:
|
Балалардың кірпі туралы білімін кеңейту. Ерекшеліктерді ажырата отыра сурет салуға ,мүсіндеуге үйрету. Балалардың ұсақ моторикалық қабілетін дамыту . Қоршаған ортаға, жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. |
|
Мынадай әдіс – тәсілдерді қолдандым |
Бейнефильм арқылы кірпімен таныстыру , жұмбақ жасыру , түсіндіру , көрсету , дәстүрлі емес әдіспен бейнелеу. Оқу іс – әрекетін жұмбақ жасырудан бастадым.
|
|
|
Балаларға тілін, ойлау қабілетін дамыту мақсатында әртүрлі сұрақтар қойдым. Кірпі қандай? Оның денесі қандай? Көзі ше? Денесін қандай түспен бояймыз? Балаларды сергіту мақсатында артикуляциялық, саусақ ойыны жаттығуларын жасаттым. Балалар оқу іс – әрекетінің соңында салған суреттерін көрсетіп , өз суреттеріне талдау жасады. Балалар дәстүрлі емес оқу іс – әрекеті болғандықтан қызығушылықпен оқу іс – әрекетіне қатысып , оны тез меңгеріп алды.
|
|
Дәстүрлі емес әдіс – тәсіл түрлері |
Майшаммен сурет салу әдісін қолдандым |
|
Оқу қызметтің сәтті және сәтсіз жерлерін белгілеу. |
Оқу қызметінде интерактивті тақта болса балалар үлкен экраннан көрер еді. Кейбір балаларда ұялу,қобалжу болып сөйлемей қойды.Қолданылған көрнекіліктер балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятты. Барлық ойындарды балалар қызыға ойнады.
Балалар тақырып бойынша қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. |
|
Қорытындылау Алдыма қойған мақсатым: |
«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі» , - демекші , қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі . Тәрбиеші өз білім – білігін оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс. Осы бастамаларды жүзеге асыру біздің міндетіміз болып табылады. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ету. Балалардың білімін жетілдіруде жаңа технологияларды пайдаланып, олардың шығармашылығын , ойлау қабілеттерін , сөздік қорларын молайту , қызығушылықтарын арттыру , білімді де , саналы ұрпақ тәрбиелеу. Алдағы уақытта біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің бойына тәрбие мен білімді сіңіре білу үшін аянбай тер төгуіміз керек. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі