Өлең, жыр, ақындар

Калькулятор

Қызылорда облысы, Қазалы аудыны, Әйтеке би кенті
Жаңқожа батыр атындағы №70 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі Шүленбай Зита Қуанышқызы

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға калькулятормен жұмыс жасауды үйрету және түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме-көрнекілік, практикалық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.  А деңгейі
2.  В деңгейі
3.  С деңгейі тәжіриебелік жұмыстарды тексеру

Жаңа сабақ

Калькулятор – ерте замандардан бері есептеулер жүргізетін жқмыстарды жеңілдетуге арналған құрал. Ол математикалық есептеулерді және қарапайым есептен, күределі есептеулерді жүргізуге арналған.

Іске қосу үшін: Бастау-барлық бағдарламалар-стандартты-калькулятор

     

Калькулятордың терезесі:

1. Тақырып жолы
2. Мәзір қатары
3. Есеп шығару терезесі
4. Амалдар және сандар орналасқан қатар

Калькулятордың түрлері: қарапайым, инженерлік, статистикалық, программистік.

         

Қарапайым режимдегі калькулятор             Инженерлік режимдегі калькулятор

  

Программистік режимдегі калькулятор                                  Статистикалық режимдегі калькулятор

Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс

А деңгейі

1.  Калькуляторды іске қосу.
2.  Түр мәзіріндегі Инженерлік режимді таңдаңдар.
3.  Қарапайым режимге көшіріңдер.
4.  Өз туған жылдарыңды енгізіңдер.
5.  Түр-Цифрлардың разряд бойынша топтасуын таңдаңдар. Мыңдықтардың разрядтары саннан ажыратылған
6.  Түр-Журнал таңдап, 2+2 теріңдер. Өрнек журналда көрсетіледі және жұмыс уақытыда сонда сақталады
7.  Журналды тазалаңдар: Түзету – Журнал-Тазалау

В деңгейі

1. 100-67
2. (30*5)-6
3. (456+76)-(76+3
4. 6*(45+5-21)+9
5. 207+65-(54+32)*2

С деңгейі

1 есеп. Ботаның салмағы-35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?

2 есеп. Қоймаға 567 кг сиып еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізіледі. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?

Бекіту сұрақтары:

1. Калькуляторды қалай іске қосамыз?
2. Калькулятордың түрлерін ата?
3. Sin,cos,tan  калькулятордың қай режимде орналасқан?

Үйге тапсырма беру.

Калькулятор (есеп шығару)

Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз