Өлең, жыр, ақындар

Жарасқан Әбдірашев «Алматы – бас қалам, жас қала – Астанам»

Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
бастауыш класс мұғалімі Коянбаева Гульдана Култаевна 

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: Жарасқан Әбдірашев «Алматы – бас қалам, жас қала – Астанам».

Мақсаты: Ж.Әбдірашев туралы мағлұмат беру. Өлеңнің мазмұнын ашып, мәнерлеп оқытып, талдау. «Мәңгілік Ел» идеясын насихаттау.

Міндеттері:

а) білімділік: «Алматы – бас қалам, жас қала – Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін, отаншылдық пен азаматтық жауапкершіліктеріне тәрбиелей отырып, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

б) дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын дамыту.  

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе.

Қызығушылығын ояту. Психологиялық  дайындық.

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5» - ке қолды жеткізу!

Үй тапсырмасын тексеру.

1.«Туған жердің ыстығы – ай» мәтініне қорытынды тест алу.

2.Сұрақ – жауап арқылы бекіту

ІІ. Мағынаны тану.Ой қозғау.

4 сурет, 1 сөз.

   

  

Осы суреттердің ортақ қасиетін табыңдар да астына жазыңдар. 4 сурет, 1 сөз жұмбағы арқылы шешілген сөздермен топқа бөлінеміз және бүгінгі сабақтың тақырыбы «Алматы – бас қалам, жас қала – Астанам» 

1. Жарасқан Әбдірашев туралы мәлімет.

2. Астана мен Алматы туралы мәлімет.

1. Топқа бөлу.

Алматы, Астана сөздері арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді.

1 – топ: «Алматы»

2 – топ: «Астана»

2. Топтар ұраны. Ұрандарын айту.

Алматы, Астана тобының ұланымыз.

Елімізге лайық болу ұранымыз.

Ғұбайдолла Ақтаев атамыздың,

Есімін биікке ұстар қыранымыз.

3. Дәптермен жұмыс

 а) күннің жадын жазу.

 ә) автордың, тақырыптың атын жазу.

4. Оқулықпен жұмыс.

 А) мұғалім мәнерлеп оқиды.

 Ә) оқушылар хормен оқиды.

 Б) оқушылар тізбектей оқиды.

5. Сөз жұмбақ шешу.

1. Қарт Алатауды автор кім дейді?
2. Ақын Алматыны қандай қала деп атайды?
3. Елге несі бар қала жарасады дейді?
4. Алашаны еске түсіретін қай өлке?
5. Астана қандай даланың сәні?
6. Сарыарқада қазақтың несі бар дейді?

7. Сергіту сәті. «Алға Қазақстан» әнімен флэш – моб.

ІІІ. Ой толғаныс.

1. Топтық жұмыс. Алматы мен Астана.

А) Қазақстан картасымен жұмыс (мозайка құрастыру).

Ә) Эссе жазу.

Б) Өлең шығару.

В) «Бес жолды өлең құрастыру (Бәйтерек, Медеу).

Г) «Венн» диаграммасы.

                                           Алматы                мен                    Астан

 

2. Бағалау.

Смайликтар (күлкі бейнелер) арқылы бағалау. Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазу.

3. Үйге тапсырма.

«Алматы – бас қалам, жас қала – Астанам» өлеңін жаттау, мазмұндау.                                                                                                  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз