Өлең, жыр, ақындар

Жұрнақ пен жалғау

Пәннің аты:  Қазақ тілі

Мектеп: Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі

Бөлімі: Сөз құрамы

Мұғалім: Жүсіп Гүлдана Жақсылыққызы

Күні: 27.01.2017ж.

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жұрнақ пен жалғау

Оқу мақсаты:  Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.Оқушылардың жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін тереңдету,сөз құрамына талдау дағдыларын қалыптастыру.

2.Оқушылардың ойлау,есте сақтау,өз ойын еркін жеткізу сияқты шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ мақсаты:

Барлығы: Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата біледі.

Көбі: Жаттығуларды орындап, білімдерін дәлелдей алады.

Кейбірі: Алған білімдерін өмірде қолдана алады.Өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар: Жаттығуларды қатесіз жазу (жазылым).Ережелерді түсініп мағынасын ажыратып айту (айтылым).Ережелерді, тапсырмаларды мұқият тыңдай алу (тыңдалым). Мәтін ішінен өзгерген сөздерді тауып оқу(оқылым).

Негізгі сөздер мен тіркестер: Түбір, қосымша, мәтін және суреттер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау.

Сіз неліктен....... екенін айта аласыз ба?

Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығын қалай ажырата аласың?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жаттығуларды сауатты,қатесіз жазуға мән беру.

Бағалау критерийлері:

Сөз құрамына талдай біледі.

Сөзге қосымшаны дұрыс жалғай біледі.

Өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыланды.

Дескриптор:

Жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін білді.

Жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатынын  білді.

Жаттығу жұмыстарына талдау жасай білді.

АКТ қолдану дағдылары:

Аудиожазба, интерактивті тақта, кесте,

Пәнаралық байланыс:

Өнер, ана тілі сабағы

Алдыңғы сабақ

Жалғау.

Сабақ барысы:

 

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың   басы:

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

3  минут

 

 

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

 

 

5 минут

Қызығушылығын ояту:

 

2 минут

 

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық шеңбері. « Мен қандаймын?»  Әр оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығады. «Балмұздақ таяқшалары» әдісі бойынша топқа біріктіру.Әр топтың басшылары топ мүшелерін тапсырма бойынша бағалап отырады.

 «Жасырынған тақырып» семантикалық кестесі арқылы үй тапсырмасын бекіту, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

-    Түбір дегеніміз не?
-    Қосымша дегеніміз не?
-    Жұрнақ дегеніміз не?
-    Туынды сөз дегеніз не?
-    Жалғау дегеніміз не?

Балалар,  мен сендерге ертегілер елінен ертегі алып келдім. Назар салып тыңдаймыз.

 Баяғы өткен заманда «Сөз құрамы» деген патшалық болыпты.Бұл патшалықта тек Түбір сөздер ғана тұрыпты. Олардың өмірлері бір сарынды, ешқандай қызықсыз болыпты.Оларға үнемі бірдеңе жеттіспей тұрады екен. Күндердің бір күнінде көршілес елден оларға Жұрнақ пен Жалғау деген саяхатшылар  келіпті.Жұрнақ пен Жалғау келген соң ,олардың өмірлері өзгеріп сала беріпті.Өйткені,олар өздерімен бірге қызықты тапсырмалар ала келіпті.Ал, кәне, балалар, сол тапсырмалардың қаншалықты қызықты екенін көрейік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғалім-

мен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік білдіреді.

Балмұздақ таяқшалары.

смайлик

Слайд.

 

 

 

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

 

 

слайд

 

 

Сабақтың ортасы:

 

Мағынаны тану:

 

 

 

 

 

10 минут

Оқулықпен жұмыс.

«Түбір» тобы: 1-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқып,жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді теріп жазу, сөз құрамына талдау.

«Қосымша» тобы:2- жаттығу.Жұмбақтарды көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.

«Жұрнақ» тобы: 3-жаттығуМәтінді оқып, жалғау жалғанған сөздерді табу.

«Жалғау» тобы: 4-жаттығу.Берілген сөздерді құрамына қарай бөліп ,сызбамен жазу.

Бас бармақ арқылы бағалатамын.

оқулық

 

дәптер

 

 

 

слайд

 

Сергіту сәті:

2 минут

«Көңілді күн» бейнеролигі

 

слайд

 

Кестемен жұмыс:

              «Кестені толтырып көрелік!»

Түбір сөздер

Жұрнақ жалғанған сөздер

Жалғау жалғанған сөздер

Жұрнақ және жалғау жалғанған сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ өзіне берілген кестеге сөздер ойлап жазады.

 

Слайд және плакат

 

 

маркер

Сабақтың  соңы:

Ой толғаныс:

11 минут

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорыту:

Топтық жұмыс: постер қорғау.

«Түбір» тобы: бір түбірден шыққан бірнеше сөз ойлап жазу.

«Қосымша»тобы: сызба бойынша сөздер құрастырып жазу.

«Жұрнақ» тобы:артық сөзді тауып,сол сөздермен сөйлем құрастыру.

а) Өнер, өнерпаз, әнші, өнерлі.

ә) Еңбекте, еңбекші, еңбекқор, орман.

б) Білім, оқушы, білімді, білгіш.

«Жалғау»тобы: берілген сөздерден мақал құрастыру. Өнерлі сөзін талдау.

Жігіт, өрде, соғар, өнерсіз, жер, озар, жігіт, өнерлі.

«Кім жылдам?» ойынын ойнату. Берілген сөздерді сөз құрамына талдау.

Венн диаграммасы.

 

 

 

 

Плакат

 

маркер

Үйге тапсырма

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Кері байланыс.

Кеменің желкенін бояу.

-Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя;

-Егер сен сабақта белгілі бір киындықты кездестірсең,желкенді сары түске боя;

-Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.

Егер қаласаң, кемені де бояуыңа болады.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 


Пікірлер (2)

Сыныптарға

Класс

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз