1.Сабақтың тақырыбы: Автокөлік доңғалақтарын «SILLA N» PL – 1201
құралымен монтаждау және демонтаждау
жұмыстарын іс – тәжірибеде үйрену
2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге қазіргі жеңіл автокөліктердің
доңғалақтарын монтаждау және демонтаждау
жұмыстарын іс – тәжірибеде үйрету
3. Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік мақсаты: Студенттерге жеңіл және жүк автокөліктердің
доңғалақтарын монтаждау және демонтаждау
жұмыстары, ТҚ көрсету туралы түсінік беру, білік
дағдыларын қалыптастыру, іс – тәжірибе жұмыс
тәсілдерін үйрету.
ә) Дамытушылық мақсаты: Қазіргі кездегі жеңіл автокөліктердің
доңғалақтарын монтаждау және демонтаждау
жұмыстары, ТҚ көрсетуде жаңа технологиялардың
конструкциялық ерекшеліктері туралы түсінігін
дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын
қалыптастыру, кәсіби біліктілік пен
ізденімпаздықты нығайту, адамгершілік пен
кішіпейілділік, еңбек сүйгіштік, эстетикалық
талғампаздыққа игі қасиеттерге баулу,
тәрбиелеу.
4. Сабақтың жүрісі: Сұрақ – жауап, лекцияны түсіндіру, көрнекі
құралдарды қолдану, іс – тәжірибе жұмыстары
5. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
6. Сабақтың құрал – Слайдттар, интерактивті тақта, бейнепроектор,
жабдықтар көрнекілігі: «SILLA N» PL – 1201 доңғалақтарды монтаждау
және демонтаждау қондырғысы мен P.I.T. ауа
компрессоры, тетіктері мен бөлшектері.
7. Пәнаралық байланыс: Физика, химия, сызу.
Жаңа сабақ: Автокөлік доңғалақтарын монтаждау және демонтаждау
жұмыстарын іс – тәжірибеде үйрену
Автокөліктерде пневматикалық шиналар қолданылады. Шинаның ішіне толтырылған атмосфера ауасы автокөлік доңғалақтарының жол кедергілеріне шығып кеткендегі аздаған сілікіністер мен соққыны бәсеңдетеді. Пневматикалық шиналар камералардан, покрышкалардан және құрсау ленталарынан тұрады. Покрышка камераны зақымданудан сақтайды және дөңгелек пен жолды іліністіреді. Покрышка резиналы мата каркастан, болат кіндік темірлі борттан, жастық қабаттан, бүйіртіктен және протектордан құралады. Покрышканың маркасы бірнеше қабаттың арасына резина қабаты салынған резиналандырылған қорда маталардан әзірленген. Қорда (арқан) өте берік жіңішке ұзынынан, әрекідік көлденеңінен орналастырылған жіптерден (матаның әрбір қабаты жіптер өзара қиылысатындай етіледі) жасалады. Каркастың бортында резиналы матамен оралған болат сымнан жасалған кіндік темір сақина бар. Бұл сақина борттың созылып кетуіне жол бермейді. Каркастың үстіңгі жүретін жағына төзімді резинадан жасалған протектор бар. Доңғалақтың жолмен жақсы ілінісуі үшін протектордың сыртына ойма суреттер салынған. Ойма формасы автокөліктің жұмысына байланысты. Мәселен, жолсыз жағдайда (жұмсақ топырақ, құм, қар) жұмыс істеу үшін протектордың ірі суретті шиналар қолданылады, жақсы жолда ұсақ суреттері бар шиналар пайдаланылады.
Протекторының суреттері араластырыла салынған шиналар бос топырақты жолда да, қатты жерлерде де қолданылады. Доңғалақты орналастырғанда, шинасының протекторындағы суреттің бағытын покрышканың бүйіріндегі көрсеткішті бағыты дисканың айналу бағытына сәйкес болуын қадағалау қажет. Мұнымен доңғалақтың жолмен ілінісуін жақсартуға, покрышканың тез тозуын азайтуға болады. Протектор мен каркастың арасына резина маталы эластикалық жастықты қабаттап салынған. Бұл қабат протектор мен каркасты байланыстырып, протектор қабылдайтын соққыны бәсеңдетеді. Покрышка бүйір жағынан резина қабатпен қорғалған.Қабаты каркасты ылғал мен механикалық зақымданудан сақтайды. Р және РС үлгісіндегі покрышкаларда арқанның жібі бүйірдің аралығына қысқа қашықтықпен орналасқан, мұндай орналасуды тарамданған орналасу деп атайды. Мұндай покрышкаларда аралас қабаттардың жібі қиылыспайды, ішкі қысымнан түскен күш әдеттегі шинадан гөрі мұның жібіне екі есе аз әсер етеді. Сол сияқты шинаның қызып кетуі де азаяды. Р және РС үлгісіндегі шиналардың беріктігін арттыру үшін жастық қабаты үш-алты қабатты аз созылатын металл немесе жасанды жібек арқаннан әзірленеді. РС үлгісіндегі покрышканың алынатын протекторы бар, протектор бірнеше сақинадан тұрады. Сақина аса берік металл арқанмен күшейтілген протекторлы резинадан әзірленеді. Протектор тозған кезде сақина ауысытырылады. Сақинаны ауыстырған кезде протектор суреті дәл бұрынғысындай болуы және тозу дәрежесі басқа сақиналармен бірдей болуы шарт. Тіпті бұл шиналардағы ауа қысымының сәл ғана азаюы сақинаны айналдырып жіберіп, шинаны бүлдіру мүмкін.
Шинаны ажырату және жинақтау тәсілі
Камера эластикалық резинадан жасалған. Оның формасы жабық жең сияқты, бұл вентиль арқылы жіберілетін атмосфера ауасымен толтырылады. Вентиль ауаны тек камераның ішіне ғана жіберетін клапанмен жабдықталып, корпустан, клапанды золотниктен, серіппеден және қалпақшадан тұрады. Вентильдің корпусы фланецті жез түтіктен жасалған және камераға шайбалы гайкамен бекітілген. Жеңіл автокөліктердің шиналарында вентильдің камераға вулканизация арқылы бекітілген резина қорабы пайдаланылады. Золотникті бекіту үшін қораптың жоғарғы бөлігіне жез түтікшесі қойылған. Золотникті вентиль қорабының ішкі жағына қарай бұрайды. Золотник ниппельден , төлкеден, резина сақинасы бар клапаннан, стреженьнен және серіппеден тұрады. Құрсаудың лентасы резинадан жасалған. Лента камераны құрсаудың үйкелісінен қорғайтын төсем ретінде қызмет етеді. Жеңіл автокөліктерде құрсау лентасы қолданылмайды.
Доңғалақ тетіктері.
1 – доңғалақ дискісі; 2 – құрсау;
3 – борт; 4 – камера;
5 – қаптал жағы; 6 – корды;
7 – протекторы
Шинадағы ауаның қысымы едәуір ауытқиды, қаралып отырған автокөліктерде ауа қысымы 1,7-ден 5 кгс/см2 -қа дейінгі шиналар қолданылады. Әрбір автокөлікке белгілі мөлшердегі шиналар қойылады. Шиналардың мөлшері профильдің диаметрі бойынша және шиналардың ішкі диаметрі бойынша анықталады. Мөлшердің өлшем бірлігі дюйм немесе миллиметр болып табылады. Қаралып отырған автокөліктерде ең алдымен шинаның профильдегі мөлшері дюйммен, бөлшек санымен, одан кейін сызықша арқылы дюйммен (9,00-20) көрсетілген ішкі диаметрі жазылған шиналар қолданылады. Кейбір шиналарда профильдің және құрсаудың диаметрі миллиметрмен (260-508) белгіленген. Покрышкада шинаның мөлшерінен басқа шинаны шығарған зауыттың аты, айы, шығарылған жылы және номері көрсетіледі. Мәселен, ДІІІ730079384 дегенде, Д – Днепропетровск зауыты, ІІІ – март, 73 – шығарылған жылы, содан кейінгі покрышканың номері.
Соңғы кезде тек покрышкадан ғана тұратын камерасыз шинаны пайдалану кеңінен қолданылуда. Әдеттегі покрышкадан камерасыз шинаның айырмашылығы борт бөлігінің сырт жағынан айнала бірнеше кертпектері бар эластикалық резина сақинамен қалыңдатылған. Камерасыз шинаның ішкі жағынан ауа өткізбейтін қасиеті жоғары резинадан герметизациялық қабат жасалған. Камерасыз шина қойылатын доңғалақтың құрсауы герметикалы болуы керек. Вентиль тікелей құрсауға орнатылған. Вентильді тығыздау үшін резинадан төсем қолданылады. Борттың шет жақтары тегіс болуы тиіс. Камерасыз шина герметикалық қасиетін жоғалтқан кезде ішіне камера салатын әдеттегі покрышка ретінде пайдаланылады.
Шинаның жағдайы және монтаждау. Тесігі немесе басқа да механикалық ақаулығы бар покрышкаларды пайдаланғанда каркас ішіне ылғал өтіп, покрышканы шірітуге әкеліп соқтырады. Шинаны жинаған кезде покрышканың ішін мұқият тексеріп ондағы құм, басқа да заттарды тазарту кажет. Покрышканың ішкі жағы таза құрғақ болуы тиіс. Покрышканы жинау алдында ішіне тальк (ұнтақ) себу керек.
«SILLA N» PL – 1201 қондырғысы көмегімен доңғалақты монтаждау
Камераны покрышканың ішіне салмас бұрын қарап алған жөн. Доңғалақтың құрсауы тегіс, майысқан жоғарғы жағы тоттанбаған, боялмаған болуы тиіс. Доңғалақ айналғанда аса жоғары центрден тебетін күш пайда болады. Егер дөңгелектер бірдей болмаса инерция пайда болып, покрышка біртіндеп тозады. ЗиЛ-130 және ГАЗ-24 «Волга» автокөліктерінде доңғалақтардың тепе-теңдігін сақтау үшін құрсау айналасында айналып тұратын жүктері (салмақ) болады. Автокөлікті жүргізу шеберлігі әр түрлі жағдайдағы орнының жұмыс режимін дұрыс таба білу шинаның беріктігін ұзартады.
Бұрылыстар мен нашар жолдарда жоғары жылдамдықпен жүру, автокөлікті кенет тежеу, кенетқозғалу,доңғалақтың отырып қалуы, трамвай темір жолының үстімен жүру, тротуардың жиегімен жүру шинаның тез тозуына әкеліп соғады. Жұмыс кезінде немесе гаражға әкеліп тоқтарда, мұнай өнімдерін басып өтуден сақ болуы керек. Өйткені, мұнай өнімдері резинаны бүлдіреді. Автокөлікті ұзақ уақытқа қойған кезде, шинаға салмақ түсірмес үшін автокөліктің астына ағаш қойып доңғалаққа салмақ түсірмеу кажет.
Қазіргі кезде автокөлік доңғалақтарын монтаждау және демонтаждау үшін «SILLA N» PL – 1201 қондырғысы мен P.I.T. ауа компрессоры қолданылады. Автокөлік шинасының пайдалану мерзімінің ұзақтығын, жүріс мерзіміне қарай есепке алады. Ал жұмыс мерзімі пайдалану және күту жағдайларына байланысты. Шина шығаратын зауыттарда шинаның үлкен-кішілігіне қарай жүріс мерзіміне кепілдік норма белгеленген. Жүк автокөліктерінің көпшілігі үшін жүріс мерзімінің кепілдік нормасы -32000 км, ал жеңіл автокөліктерде - 24000 км болады. Жүк автокөліктерінің шиналарын пайдаланудың жүріс мерзімінің нормасы 40000 км болса, жеңіл автокөліктер үшін -30000 км. Бұл кепілдік нормадан көп, өйткені шинаны комплектілеу құны жөндеуге жұмсалған шығынды есепке ала отырып, 10 процент жоғарылатылған.
Автокөлік доңғалақтарын монтаждау және демонтаждауға арналған «SILLA N» PL – 1201 қондырғысы
Автотранспорт кәсіпорындарында әрбір автокөлік шинасына карточка арнайды, онда өлшемі, сорты мен зауыттың номері, шина бекітіліп берілген автокөліктің номері мен маркасы, жүргізушінің фамилиясы, шинаны автокөлікке салынған күні мен спидометрдің сол күнгі километрмен алынған көрсеткіші жазылады. Әр ай өткен сайын шинаның өсіп отыратын жүріс мерзімін карточкаға жазып тұрады.
Автокөліктен шинаны шығарғанда спидометр көрсеткішін не үшін алғандығы мен бүлінуінің немесе ақауының сипатын карточкаға белгілеу аса қажет. Покрышкасын жөндеуге бергенде күнін және қайда берілетіндігін көрсету керек. Жөндеп болған соң алған күнін, жөндеу түрін және бағасын белгілеу қажет.
Шинаны жүк автокөлігінің кузовында алып жүргенде жылжып кетпеуі үшін тігінен қойып байлап тастайды. Шинамен бірге бүлінуге ұшырататын жүктерді (мұнай өнімдерін, өткір қырлы заттарды) алып жүруге, сол сияқты шинаның үстіне жүк қоюға болмайды.
Шинасымен бірге қосалқы доңғалақ ауамен үрленген және бүлінбеген қалпында кронштейнге бекітілген болуы керек. Ал қосалқы камерға тальк себіліп, рулон қылы бүктеліп, кенеп қапшықтарға салынып қойылады.
Автокөлік доңғалақтарын теңдеуге (балансировка) арналған
«SILLA N» PL – 1120 қондырғысы
Автокөлікті жолсыз жағдайда пайдалану және жүрдектігін көтеру үшін қосымша құралдар қолдануды талап етеді. Қосымша құралдарға тайғызбайтын түйнекті және трактор шынжырлары, темір торлар және басқалары жатады. Ең көп тараған құрал тайғанақтатпайтын шынжырлар болып табылады. Шынжырлар жақсы тартылған және бекітілген болуы керек. Шынжырмен қатты төсенішті жолдармен жүруге болмайды, бұл покрышка мен шынжырдың бүлінуіне әкеліп соғады.
Бекіту сұрақтары:
1. Автокөлік доңғалақтарын монтаждау және демонтаждауға
арналған «SILLA N» PL – 1201 қондырғысымен жұмыс
кезінде техникалық, электрлік қауіпсіздігі ережелері.
2. Қазіргі жеңіл және жүк автокөлік доңғалақтарын монтаждау
және демонтаждауға арналған «SILLA N» PL – 1201
қондырғысы туралы түсінік.
3. «SILLA N» PL – 1120» қондырғысы бөлшектері мен
тетіктерінің атқаратын қызметін және орналасу тәртібі.
4. «SILLA N» PL – 1201 қондырғысын іс – тәжірибеде
қолданудың тәсілдерінің сызбасы.
5. ВАЗ-2107 және «Toyota» автокөлігінің доңғалақтарын
монтаждау және демонтаждаудың ерекшелігі туралы түсінігі.
Қорытындылау: Сұрақ – жауап арқылы өтілген тақырыпты пысықтау,
студенттердің бағаларын қою, сабақты бекіту.
Үй тапсырмасы: Автокөлік доңғалақтарын монтаждау және
демонтаждау жұмыстарын іс – тәжірибеде үйрену
Қорытынды
Қазіргі жеңіл және жүк автокөліктерінің барлық доңғалақтарын монтаждау және демонтаждауға арналған «SILLA N» PL – 1201 қондырғысы мен P.I.T. ауа компрессоры көмегімен іс – тәжірибе кезінде техникалық, электрлік қауіпсіздігі ережелерін студенттерге толық меңгертуге болады.
Техникалық, электрлік қауіпсіздігі ережелері:
1.Терінің ашық жерлеріне майлау сұйықтықтарының түсуін болдырмау қажет, егер түскен жағдайда тез жылы сумен шаю керек.
2. «Гидросоққы» болдырмау үшін ауа түтіктері мен құбырларын өз бетінше монтаждауға болмайды.
3. Стенд түтіктері мен шлангаларының бұралып қалуын болдырмау керек.
4. Стенд жұмысын іске қосу және өшіру тек оқытушы басшылығымен жүргізіледі.
5. Жұмысты бастау алдында берілген нұсқаулықтар және жүйенің жұмыс істеу үрдісімен тыңғылықты танысу керек.
6. Автокөлік доңғалақтарын монтаждау және демонтаждауға арналған «SILLA N» PL – 1201 қондырғысы мен P.I.T. ауа компрессоры 220В тұтыну көзіне қосылады.
Автокөлік доңғалақтарын монтаждау және демонтаждауға арналған
«SILLA N» PL – 1201 қондырғысы мен P.I.T. ауа компрессоры төменде көрсетілген іс – тәжірибе жұмыстарын жүргізуге болады:
1. Автокөлік доңғалақтарын монтаждау және демонтаждауға арналған
«SILLA N» PL – 1201 қондырғысы мен P.I.T. ауа компрессоры іске қосу және ажырату әдістерін.
2. Доңғалақтарды монтаждау және демонтаждауға арналған «SILLA N» PL 1201 қондырғысы мен P.I.T. ауа компрессорын қосу және басқару панеліндегі қажетті өлшемдерін орнату.
3. Қондырғыны іске қосып доңғалақтарды монтаждау, покрышканы дискіден ажырату, камеріндегі бүлінген орындарын анықтау, жамау, аумен толтыру, т.б
4. Қондырғыны іске қосып доңғалақтарды демонтаждау, покрышканы дискіге қайта орнату, қамерсіз немесе камеріне ауаның берілуін реттеу тұтқасымен қажетті мөлшерге жеткізу.
5. Жүргізілген жұмыстардан соң «SILLA N» PL – 1201 қондырғысы мен P.I.T. ауа компрессорын 220В электр қуатын тұтыну көзінен ажырату.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі